Заттың тығыздығы.

170

Сабақ тақырыбы: §32. Заттың тығыздығы.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға заттың тығыздығы туралы түсінік беру.
  2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
  3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру:

  1. Денелердің өзара әрекеттесуі деген не?
  2. Мысалдар келтіріңдер.
  3. Масса дегеніміз не? Оның бірліктерін ата.
  4. Массаны қалай анықтаймыз?
  5. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі  массамына тең физикалық шаманы айтады.

       Зат тығыздығының бірлігі  үшін ХБЖ-да  кг/м3 алынады.

 

  1. Пысықтау.
  2. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?
  3. Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?
  4. Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?
  5. Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің көлемін қалай есептейді?

 

  1. Есептер шығару. 12- жаттығу. №1, №2, №5, №7.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма:§32. 12-жаттығу. №3, №4, №6

 

7-сынып.

Есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың дененің массасы, заттың тығыздығы тақырыптары бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.
  2. Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бекіту

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, В.И.Кем,Б.А.Кронгарт. есептер мен жаттығулар жиынтығы.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару.

263. Екі арбаша әрекеттескенде олардың жылдамдығы 20 см/с-тан 60 см/с-ке өзгерді. Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг. Кіші арбашаның массасы неге тең?

№264. Арбашалардың массасы 1 және 3 кг, жылдамдығы 0-ге тең. Өзара әрекеттескен кезде үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ме болды. Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады?

№279.Шөмелеуші преспен жиналған шөп теңінің массасы 40 кг және мөлшері 90х40х55см. Осы тапталған шөптің тығыздығын табыңдар.

№294. Цистернаға 2 т су сыяды. Осы цистернаға 2,5 м3 бензин құюға бола ма?

№326.Текшенің барлық жақтарының ауданы 150 см2, ал істелген заттың тығыздығы 2700 кг/м3 болса, текшенің массасы қандай болады?

№328. Массасы 200 г жез кірдің көлемін анықтаңдар. Жауабын мензуркамен тексеріңдер.

№308. Ұзындығы 30 см, ені 20 см аквариумнің 25 см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын анықтаңдар.

ІV. Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың есебін тексеру.

  1. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: №265, №307, №309, №300. №3 зертханалық жұмысқа дайындық.