Үйкеліс күші,Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.

70

Сабақ тақырыбы: Үйкеліс күші,Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға үйкеліс, үйкеліс күші, түрлері, пайда болу себептері, нормаль қысым күші туралы түсінік беру.
  2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
  3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Дененің салмағы дегеніміз не?
  2. Дененің салмағы мен ауырлық күшінің арасындағы қандай айырмашылық бар?
  3. Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады?
  4. Салмақсыздық себебі неде?
  5. Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарғандарын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Бір дене екінші денеің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.

Ғүйк – үйкеліс күші.

  • Сырғанау үйкелісі
  • Домалау үйкелісі
  • Тыныштық үйкелісі

 

Үйкелістің пайда болу себептері:

  • Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы
  • Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы.

Үйкеліс :

  • Жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына,
  • Олардың өңделу сапасына;
  • Бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.

Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта  түсіретін  күшін нормаль қысым  күші деп атайды.

N –нормаль қысым күші.

N=mg

Fүйк=µN

µ — үйкеліс коэффициенті

 

  1. IV. Есептер шығару. 18-жаттығу. №3. №4.

V.Пысықтау.

1.Үйкеліс төмендегі түсініктердің қайсысына жатады?

1.Физикалық шама.

2.Физикалық құбылыс.

3.Физикалық дене.

  1. Егер білеуше стол үстімен қозғалып бара жатса, онда

Білеушенің қозғалыс                         үйкеліс күшінің бағыты

бағыты

І.Алға                                                 1.Алға

ІІ.Артқа.                                             2.Артқа

ІІІ.Солға.                                            3.Солға.

ІV. Оңға.                                             4.Оңға

Сұрақтарға жауап:

1.Көктайғақта неге тротуарға құм себеді? (үйкелісті көбейту үшін)

  1. Неге жаңбырдан соң грунт жолы тайғақ болады? (сұйықта бөлшектер тез қозғалады, қатты денелерден гөрі сұйық қабаттарының үйкелісі аз).
  2. Шаңғының астын неге майлайды? (май қабаты үйкелісетін беттерді ажыратып, үйкелісті кемітеді).

 

4.Қандай күшті үйкеліс күші деп атайды?

  1. Үйкеліс не себептен болады?
  2. Қандай үйкеліс түрлері болады?
  3. Үйкелісті қалай азайтуға болады?
  4. Үйкеліс күшін қалай өлшеуге болаы?
  5. Нормаль қысым күші дегеніміз не?
  6. Үйкелістің пайдалы жақтарын көрсететін мысалдарды келтіріңдер.
  7. Үйкелістің зиянды жақтарын көрсететін мысалдарды көрсетіңдер.
  8. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §§ 41.42. 18-ж. №1, №2.

 

7-сынып.

Есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың «Күш» тақырыптары бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.
  2. Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бекіту

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, В.И.Кем,Б.А.Кронгарт. есептер мен жаттығулар жиынтығы.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару.

№339. Төбеде ілулі шам еденге құламау үшін қандай күш қажет? Сызбанұсқамен шамды бейнелеп, суретте оған түсетін барлық күштерді көрсетіңдер.

№341. Майысқан болат сызғыш қандай күштің әсерінен қайта түзеледі? Сызғыш түгел түзелгенде ол күш неге тең?

№347. Неге дәрігердің инесін айнадай жалтырады?

№369. Массасы 3кг шойын кесектің ауырлық күшін табыңар.

№370. 120 Н ауырлық күші бар бір шелек судың массасын анықтаңдар.

№371. 20 л суға түсетін ауырлық күшін табыңдар.

№386. Көлемі 25 л бензиннің салмағы қанадй?

№387. Амортизатордың серіппесі 320 Н күштің әсерінен 9 мм-ге сығылды. 1,6 кН күштен серіппе қанша мм-ге сығылады?

№388. 4 Н күш әсерінен динамометрдің серіппесі 5 мм-ге ұзарды. Осы серіппені 16 мм-ге ұзарту үшін салмағы қандай жүк салу керектігін анықтаңдар.

 №393. Шиыршық серіппенің ұзындығын 3,5 см-ге қысқартқанда 1,4 Н серпімділік күш пайда болады. Оны 2,1 см-ге ұзартқанда серпімділік күші қандай болады?

№416. Бөлшектер салынған жәшіктің салмағы 500 Н. Егер үйкеліс күші бөлшектер салынған жәшік салмағының 0,05 бөлігін құраса, жәшіктің горизонталь еденмен қалыпты жылжыту үшін қандай күш жұмасау керек?

ІV. Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың есебін тексеру.

  1. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: №372, №373, №374, №382. №4. зертханалық жұмысқа дайындық.