Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формалары

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формалары

Жас ұрпақты жан-жақты, ақылды, парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың өзекті мәселесі. Ата-аналармен жұмыс жүргізуде олар білуге тиісті білімдерді өмір талабына сай насихаттап отыруда, мектеп пен отбасылық ынтымақтастығын жүзеге  асыруда сынып жетекші негізгі роль атқарады. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

 

І. Сынып жетекшінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарының негізгі міндеттері.

  1. Сынып жетекшінің сынып ата-аналарының құрамын зерттеуі.
  2. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату.
  3. Мектеп пеен отбасының балаға қоятын талаптарының бірлігі.
  4. Ата-аналар ұжымын құру.
  5. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.
  6. Үштік одақ (бала, ата-ана, мұғалім) жұмысын жандандыру.

 

ІІ. Сынып жетекшінің ата-аналармен атқаратын қызметі.

  1. Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру.
  2. Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
  3. Ата-аналарды балалармен бірге педагогикалық әрекетке тарту.
  4. Отбасы тәрбиесі туралы ата-аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру.
  5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әртүрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру.

 

Ата-аналар жиналысы.

Тақырыбы: Отбасы – тәрбиенің басты ощағы.

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекшелігін түсіндіру,

ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту, баламен дұрыс тіл табысуға, көмек көрсетуге, қадағалауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ойын-тренингтер, нақыл сөздер.

Күн тәртібі:

  1. Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың атқаратын ролі»
  2. Топпен жұмыс.
  3. «Сыйлық» трненинг.
  4. Жағдаяттардан шығу.
  5. Қорытынды.

Жиналыстың эпиграфы:

«Ата-ананы тәрбиелемей тұрып, баланы тәрбиелеу қиын.»

(Орыс педагогы П. П. Блонский)

  1. Сынып жетекшінің баяндамасы тыңдалады.
  2. Баяндама желісі бойынша топпен жұмыс.

1-топ.                                                                 2-топ.

«Әдепті бала –ата-анасын мақтатар       «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын»

Әдепсіз бала-ата-анасын қақсатар».     

 

  1. «Сыйлық» тренинг.

Мақсаты: Адамның  қалаған затын сыйлыққа алмауы қаншалықты көңіл-күйіне әсер ететінін анықтау.

Шарты: Ортаға ата-аналар шығады. Қағаз бен қалам ұсынылып, үстел үстіндегі сыйлықтардың қайсысын алғысы келеді, соны қағазға жазады. Мұғалім қатысушылардың қалауларын ескермей сыйлықтарды үлестіреді және кімнің қалаулары сәйкес келгенін сұрайды.

Талқылау сұрақтары:

А) Кімнің қалаған сыйлығы келді?

Ә) Сіздің тілегіңіз бен сыйлық сәйкес келгенде сезіміңіз қандай болды? (Қуаныш, рахаттану)

Б) Сіздің иілегіңіз бен сыйлығыңыз сәйкес келмегенде қандай сезімде болдыңыз? (Ренжу, көңіл-күйдің түсуі, не сізді түсінбейтіндей сезімнің пайда болуы)

 

 

  1. Жағдаяттардан шығу.

1-топқа:

«Мен сөйлескім келген кезде сен ешқашан маған көңіл бөлмейсің. Сен бірде тігіп жатасың, бірде теледидар қарап отырасың, бірде кір жуып жатасың, яғни ешқашан маған көңіл бөлмейсің. Сен әрдайым бос емессің. Мен саған кесел сияқты болып көрінем.  Мен сенімен сөйлескен уақытта ешнәрсе жасамай тыңдағаныңды қалаймын.»

 

2-топқа:

«Сіздер ешқашан үй тапсырмасын орындауға көмектескен емессіңдер, менің қалай оқып жүргеніме көңіл бөлмейсіңдер, сондықтан менің бағаларым нашар.»

(Ата-аналар өз пікірлерін ортаға салады.)

 

Үнемі қадағалау                                                            Көмектесу

  1. Қорытынды. Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен де күшті етіп тәрбиелеуге тиіс. Өйткені, олардың заманы ата-аналарының  заманына қарағанда анағұрлым күрделі де талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн.