Ата-аналармен жұмыс

Акимбекова Назгул Толеуовна

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

№ 44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Ата-аналармен жұмыс

«Жанұя-қорғаным, ата-ана –тірегім» демекші барлық қоғам біткеннің ең арғысы және бірден бір табиғысы-отбасы» деп материалист-философ Жан Жак Руссо айтқандай, қоғам да , мемлекет те үйден, отбасынан басталады.  Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.Сынып жетекшінің тәрбие жұмысындағы бір бағыты ата-аналармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру болып табылады.Сынып жетекші ата-аналармен жұмысты ең алдымен жиналыстан бастайды.Ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды.Оның мақсаты мен міндеттерімен, соған орай өзінің әрекет ету бағдарламасы мен тәсілін, тәрбие жоспарымен, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстармен таныстырады.Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады.Мектеп тәжірибесінде сынып жетекші ата-аналарды балалармен бірге әрекеттке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданады.Саяхат, таза ауаға серуен, спорттық жарыстар,жаңа жыл шыршасы, күзгі бал мерекесі,наурыз мейрамдары,оқушылардың жазғы демалыстарын ұйымдастыру т.б.Егер де сынып жетекші мен ата-аналардың байланысы өте тығыз, ұйымшыл болса,бұл шешімін табады.

Ата-ананың мектептегі алатын орны

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді.

Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.

Сынып жетекшінің ата-аналармен байланыс жасау жолдары:

1.Оқушының жанұясына барып тұру. Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. 2.Ата-аналармен хат алмасу. Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады.

3.Сыныптық ата-аналар жиналысы. Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.

Ата-ананың міндеті:

* Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

* Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

* Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

* Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;

* Мектептегі  іс-шараларға қатысу;

*Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;

Біз сынып жетекшілері ең бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған сыныбымыздың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады. Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру мақсатында төмендегі жұмыстар жүргізілді. Атап айтсам «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Менің отбасым» сайысы, «Ата-аналар жиналысы», «Қош келдің наурыз!» «Әкем, шешем және мен», «Менің әкем мықты»атты әкелер сайысы және т.б.

Қорытынды:Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарадыДегенмен,ата-аналармен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс.

Қолданылған әдебиеттер:

  • «Сыныптағы тәрбие» журналы
  • «Сынып жетекші» журналы т.б
  • Ата-ана және мектеп