Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер.

Сабақ тақырыбы:  Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер.

Сабақ мақсаты:

  • Сұйық ішіндегі денеге ауырлық және кері итеруші күш әсер ететіндігін, егер осы күштердің бірі көп болған жағдайды тәжірибе жасай отырып, меңгерту.
  • Өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту.
  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран

Демонстрациялар: денелердің жүзу шарттарын демонстрациялау

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тест жұмысын талдау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

 

Егер денеге әрекет етуші ауырлық күші мен архимед күшіне тең болса, онда дене сұйықтың кез келген жерінде тепе-теңдік қалпын сақтай алады.

Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық болса, онда дене сұйыққа батады.

Егер ауырлық күші архимед күшінен кем болса, онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі.

Егер дене сұйық бетінде жүзіп жүрсе, дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлемі сұйық пен материалы тығыздықтарының арақатысына байланысты болады:

Ареометрлер-сұйықтың тығызығын анықтауға арналған құрал.

 

Құрылысы:

1-шыны құты

2-металл кесектері

3-жіңішке түтікше

4-шкала.

 

Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ареометрлер-лактометрлер деп аталады.

  1. Пысықтау.

 

  1. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: §56. §57.Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер. 

30-ж. Эксперименттік тапсырма.