Беттік керілу. Жұғу.

229

Сабақ тақырыбы: Беттік керілу.Жұғу.

  1. Оқушыларға беттік керілу, жұғу, жұқпау құбылыстары туралы түсінік беру.
  2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Неліктен ауа шарлары жылытылған ауамен, сутегімен немесе гелиймен толтырылады?
  2. Ауа шарының көтерілу биіктігі қалай реттеледі?
  3. Не себептен аэростаттарға газ жартылай ғана тотырылады?
  4. Шар-зондтар қандай мақсатпен ұшырылады?
  5. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

 

Сұйықтың бетінде орналасқан М1 және оның ішіндегі М2 молекуланы қарастырайық. Сұйық ішіндегі М2 молеула барлық жағынан басқа молекулалармен қоршалған және олар оны барлық жағынан бірдей «тартады». Сұйық бетіндегі М1 молекуланың жоғары жағында онгдай көршілері жоқ. Оны сұйық ішіндегі молекулалар тартады. Сондықтан сұйық бетіндегі әрбір молекула  оның ішіне енуге бейім болады. Алайда барлық молекулалар сұйық ішіне ене алмайды. Сұйық бетіндегі молекулаларды оны төмен орналасқан молекулалар одан төмен орналасқан молекулалар ғана емес, оның бетіндегі көршілес молекулалар да тартады. Бұл күштердің қорытқы күші сұйықтың беттік керілуін береді. Ол сұйықтың беттік қабатында әрекет ететін күшпен сипатталады және Ғб беттік керілу күші деп аталады.

 

Ұстар жүзін немесе инені абайлап суға салайық. Ұстар жүзі суға батпайды, су беті сәл ғана иілгендей болады. Ал егер оны тереңірек батырсақ, батып кетеді. Демек, мұнда да беттік қабаттағы молекулааралық күштер ұстара жүзінің төмегі су қабатына өтуіне мүмкіндік бермейді.

 

Сымнан жасалған сақина алып, оның екі жерін жіппен қосып, сақинаны сабын ерітіндісіне салып, сабын қабыршағын алайық. Егер жіптің бір жағындағы қабыршақты инемен тесіп жіберсе, онда қабыршақтың екінші жағы жиырылып жіпті өзіне қарай тартатынын байқаймыз.

Жұғу құбылысын дәлелдейтін тәжірибелер:

 

Сұйық қатты дененің бетіне жұғатын болса, онда сұйық тамшысы оан оңай жайылады, ал жұқпайтын болса, жайылмайды.

 

  1. Пысықтау.
  2. Беттік керілу дегеніміз не?
  3. Беттік керілудің бар болуын дәлелдейтін мысалдар.
  4. Қандай жағдайда сұйық дене бетіне жұғады немес жұқпайды?
  5. Жұғатын сұйықты жұқпайтын сұйықтан қалай ажыратуға болады?
  6. Жұғу, жұқпау құбылыстарына мысалдар келтіріңдер?

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §§60.61. Эксперименттік тапсырма.