Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.

Тақырыбы: Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.

Тапсырма. Денелерді суға батырған кезде олардың суда жүзетінін, батып кететінін немесе қалқып шығатынын анықтау.

Құрал-жабдықтар: динамометр, суы бар ыдыс, мензурка, ішіне салынған құмдарының массалары әр түрлі бірдей үш пробирка, тығыздығы белгілі сұйығы бар ыдыс.

Жұмыстың барысы:

  1. Динамометр көмегімен денеге әсер ететін Ға ауырлық күшін өлшеңдер.
  2. Мензурканы пайдаланып, дененің көлемін анықтаңдар.
  3. Денені сұйыққа батырған кезде оған әрекет ететін ығыстырушы күшті есептеңдер:

Ғы=ρgVд

  1. Ға ауырлық күші мен Ғы ығыстырушы күшті салыстыру арқылы тапсырмада қойылған сұраққа жауап беріңдер.
  2. Денені берілген сұйыққа батырып, жауаптарыңды тәжірибе жү.зінде тексеріңдер.
  3. Кестені толтырыңдар.

 

сұйық Ға,НVд, м3Ғы, НҒа мен Ғы

қатысы

Батады, жүзеді немесе қалқып шығады
1.

2.

3.

 

  1. Бағалау.
  2. Қорытындылау.