Отбасы – шағын қоғам

101

Сабақ тақырыбы Отбасы – шағын қоғам

Сабақ мақсаты:

  1. Отбасы — әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларға әке — шеше, бауырдың қадірін білгізу.

 

  1. Ұл мен қыздар әке-шешесінің қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.

 

  1. Ата-анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата-анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.

 

Сабақ барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық жүргізу

Баяу ән ырғағы ойнап тұрады. Интерактивтік тақтадан әсем гүл шоқтары көрсетіледі.

Гүлдер, гүлдер көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Нәзік гүлдер әніміз

Жайнап өссін бауымыз

Гүлдер деген жыр-аңыз

Сол гүлдерден сұлулық

Тазалықты ұғамыз.

 

Жұмбақ жасыру

Тақырыбы: Отбасы мүшелері туралы болады.

Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақты шешкен кезде, сары торкөзде кішкене қоғамды білдіретін сөз шығады.

  1. Түсі нарттай,

Тілін тартпай,

Жолға шықса,

Қоймайды  құртпай.

 

  1. Мемлекеттік рәміздің бірі.
  2. Еңбек құралы.
  3. Ең жақын адам.
  4. Уақыт өлшемі.
  5. Ырыс алды-

 

Кіріспе сөз

Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз да, жұмбағымыз да отбасы, туыс туралы  тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Отбасы- шағын қоғам» деп аталады. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.

Отбасының белгілі тұратын мекен- жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі- отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған-туыстармен қарым-қатынаста болады.Ата-ананың ақылымен қарым-қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым- қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып- сырқағанға көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы-адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған- туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.

Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР-ның Ата Заңының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.

 

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді тізбектей оқу.

Түсінігін сұрау.

Дәптермен жұмыс.

Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.

Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат-міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым-қатынастары біріктірілген адамдар тобы.

 

ҚР — ның Ата заңы 27-бап. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

 

Ойын. Таңғажайып алаң

Таблода Тәрбие сөзі шығады

Ауызша тапсырма

  1. Отбасының қорғаны кім?
  2. Бір шаңырақ астында … сөзін қалай түсінесің?
  3. Ұрлық түбі….
  4. Тәрбие….. басталады.
  5. Әділ істің…. арты игі.
  6. Ақырын жүріп ….
  7. Өш алғаннан гөрі….. жөн.
  8. Оқушының міндеттерін ата.
  9. Оқушының құқықтарын ата.

 

Қанатты сөздерге тоқталу

Отбасы- тәрбиенің басты ұясы.

Әке жолы – ұлына мақтаныш.

Ананың аялы алақаны-қызына сағыныш.

 

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі.

                                                                                        Әбунасыр әл Фараби

 

Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.  

                                                                                                    Н. Назарбаев

 

 

 

 

Ата-ананың балаға айтар тілегі

 

Оқушылардың жауабын тыңдау

 

Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана-сезімі әсер етпек.

 

Қорытындылау

Отбасы — бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасына берілген ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты.

 

Үйге тапсырма

«Алтын ұям» тақырыбына шығарма жазу.