Жұмыс. Қуат.

52

Сабақ тақырыбы: Жұмыс.Қуат.

  1. Оқушыларға механикалық жұмыс, қуат туралы түсінік беру .
  2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Қысым» тарауын қорытындылау. (25 минуттық тест жұмысы).

І нұсқа.

  1. Қысымның өлшем бірлігі қандай?

А. Н

Б. Па

В. м3.

  1. Егер газ көлемі кемісе, оның қысымы қалай өзгереді? Газдың массасы мен температурасы өзгермейді.

А. Артады

Б. Азаяды

В. Өзгермейді.

  1. Егер денені сұйыққа батырғанда сұйық тереңдеген сайын денеге әсер ететін қысым қалай өзгереді?

А. Артады

Б. Азаяды

В. Өзгермейді.

  1. Архимед күшінінң формуласы қандай?

А. 

Б.

В. .

  1. Сұйықтың тығыздығын анықтайын құрал қалай аталады?

А.  Ареометр

Б. Лактометр

В. Динамометр.

  1. Шөгім дегеніміз не?

А. Кеменің төменгі бөлігі батқан тереңдік

Б. Кеменің корпусындағы қызыл сызық

В. Ығыстырылған су салмағы.

      7.Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен кем болса, онда дене сұйыққа

А.  Батады

Б. Сұйықтың кез келген жерінде тепе-теңдікті сақтай алады

В. Сұйық бетіне көтеріледі.

  1. 10 м тереңдіктегі судың қысымын табыңдар (ρ=1000 кг/м3, g=9,8 Н/кг)

А.  ≈1000 кПа

Б.   ≈10кПа

В.  ≈100 кПа

  1. Массасы 10 кг дене қанадй тіреу ауданына 105 Па қысым түсіреді? ( g=9,8Н/кг).

А.  0,002 м2

Б.   0,001 м2

 

В.  0,003 м2

  1. Керосинге батырылған көлемі 2·10-4м3 болат шарға әсер ететін архимед күшін тап (ρ=7800 кг/м3, g=9,8 Н/кг).

А.  100 Н

Б.   160 Н

В.  1,6 Н.

 

ІІ нұсқа.

1.10 кПа-ды паскальға айналдыр

А. 10000 Па

Б. 100 Па

В. 1000 Па.

  1. Егер газ көлемі ұлғайса, оның қысымы қалай өзгереді? Газдың массасы мен температурасы өзгермейді.

А. Артады

Б. Азаяды

В. Өзгермейді.

3.Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесінен өзгеріссіз беріледі. Бұл қандай заң?

А.  Паскаль заңы

Б.Архимед заңы

В. Ньютон заңы.

  1. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымының формуласы

А. 

Б.

В. .

5.Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құралы

А.  Ареометр

Б. Барометр-анероид

В. Динамометр.

     6.Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. Бұл қандай заң?

А.  Паскаль заңы

Б.Архимед заңы

В. Ньютон заңы.

    7.Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық болса, онда дене сұйыққа

А.  Батады

Б. Сұйықтың кез келген жерінде тепе-теңдікті сақтай алады

В. Сұйық бетіне көтеріледі.

  1. Вагонның барлық доңғалақтарының рельспен жанасқан ауданы 0,001м2. Бұл вагонның массасы 30 т болса, ол жерге қандай қысым түсіреді?

А.  300 МПа

Б.   200 Па

В.  300 Па

  1. Көлемі 250 см3 мыстан жасалған цилиндр суға батырылған. Денеге әсер ететін архимде күшін табыңдар (g=9,8 Н/кг)

А.2,5 Н

Б. 25 Н

В 0,23 Н

10.Су бак түбіне 1500 Па қысым түсіреді. Бактағы су бағанының биіктігі қандай?

А.    ≈0,15 м

Б.   ≈0,20 м

В.  ≈0,25 м.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Денені  бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.

Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де жүрілген жолға да тура пропорционал.

Мұндағы: А-жұмыс;

Ғ-күш;

s – жүрілген жол.

Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Ньютон күштің денені 1 метрге жылжытқандағы жұмысы алынады. Жұмыстың өлшем бірлігі ХБЖ-да джоуль алынады.

1Дж=1Нх1м=1Н∙м.

1 килоджоуль (1кДж)=1000 Дж=103Дж

1 миллиджоуль (1мДж)=0,001 Дж=10-3Дж

1 микроджоуль (1мкДж)=0,000001 Дж=10-6Дж

Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атайды.

Мұндағы: N-қуат; А-жұмыс;   t-жұмыс істеуге кеткен уақыт.

Қуатты өлшеудің бірлігіне 1 секундта істелетін 1 Джоуль жұмыс алынады.

Өлшем бірлігі ватт.

1 киловатт (1кВт)=1000 Вт=103Вт

1 милливатт (1мВт)=0,001 Вт=10-3Вт

1 микроватт (1мкВт)=0,000001 Вт=10-6Вт

.

  1. Пысықтау.
  2. Есептер шығару. 35-ж. №2, 36-ж.№3, №4.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: :  §63. §64.Жұмыс.Қуат. 35-ж. №1,  36-ж.№1, №2.