«Электорлиттік диссоциация» тарауы бойынша қайталау.

205

Сабақтың тақырыбы:    «Электорлиттік диссоциация» тарауы бойынша қайталау.

Сабақтың мақсаты:     1. Тарау бойынша оқушылардың білімді меңгеру дәрежесін анықтау

  1.  Оқушылардың жаттығу жұмысын орындау және есептер

шығару арқылы ойлау қабілетін дамыту.

  1. Оқушылардың топпен жұмыс орындауын ұйымдастыру және бір-

бірінің ойларын тыңдауға, пікірлесуге,ұйымшылдыққа үйрету.

Сабақтың түрі:             Саяхат сабақ (әр аялдамада 5 оқушыдан топтасқан, әр топ

тырғанда неше грамм тұнба түзілоқушылары  тапсырманы орындап, келесі топқа қосылып отырады.)

Сабақтың көрнекілігі: ерігіштік кесте,

                                        тірек – сызбанұсқалары

Сабақтың барысы.

1.Саяхатқа дайындық: (экраннан тәжірибелерді көру, көрген

тәжірибелердің теңдеулерін «зеректер» аялдамасында жазу.)

  1. «Білімқұмарлар» аялдамасы (интерактивті тақтада берілген тірек — сызба белгілерін

пайдалана отырып, оқушылардың білімдерін тексеру.)

  1. «Зеректер» аялдамасы: (төмендегі тапсырмалар бойынша ион алмасу реакция

теңдеулерін жазу)

А/  Мына қосылыстардың диссоциациялану теңдеулерін жазу

H2 SO3 ; K 3 PO4 ; ZnCL 2 ;

H 3PO 4  ; Ba(OH) 2  ; Na2 SO4 ;

В/  Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріп, толық және қысқартылған иондық

теңдеулерін жазу

Na2 SO4  + Ba(OH)

K2CO3+HNO3

LiOH+HCI

C/ Қысқартылған иондық теңдеулерге сәйкес молекулалық және толық иондық

теңдеулерін жазу

Cr3++3OH              Cr(OH)3

Pb2++2OH             Pb(OH)2

Ag++CI                 AgCI

 

Химиялық лото: (бірнеше формулалар жазылып , ретсіз орналасқан карточканы ретімен орналастырып , толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазу)

2HCI                  Na2 SO4                         BaSO4                 BaCI2

Na2CO3             H2O                        2HF                  2NaF              CO2

HNO3                 H2O                        KOH                  KNO3

 

4 . «Химиктер» аялдамасы:

А/ Массасы 6,4 г күкірт жанғанда неше литр (қ.ж) күкірт(IV) оксиді түзіледі.

В/ Массасы 200 г темір сульфиді ерітіндісін массасы 8 г натрий гидроксидінің ерітіндісімен араластырғанда неше грамм тұнба түзіледі.

С/ Тығыздығы 1,31 г/мл , массалық үлесі 28%, көлемі 500 мл натрий гидроксиді ерітіндісі, тығыздығы 1,25 г/мл, массалық үлесі 40%, көлемі 500 мл азот қышқылымен әрекеттескенде неше грамм NaNO3  түзіледі?

5 «.Мектеп» аялдамасы: (оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма беру)