Металдар тақырыбына эксперименттік есептер шығару

Тақырыбы: Металдар тақырыбына эксперименттік есептер шығару

Оқыту мақсаты: Металдардың қасиеттері мен қосылыстарын  еске түсіріп, тақырып бойынша эксперименттік есептерді шешу

Реактивтер мен құралдар: Сынауық қоятын тұрғы, сынауықтар, спиртшам. Темір (ІІІ) хлориді, алюминий хлориді, кальций хлориді, калий хлориді, темір (ІІ) хлориді темір (ІІ) сульфаты, натрий гидроксиді, натрий сульфаты, алюминий сульфаты, кальций оксиді, кальций гидроксиді, тұз қышқылы,көмір қышқылы, су.

Практикалық жұмысты орындау үшін оқушыға қойылатын талаптар:

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін мұқият сақтау .

Орындалған жұмысқа дұрыс қорытынды жасау.

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастыру

  1. Практикалық жұмысты орындау

І нұсқа

№1  Темір (ІІІ) хлориді, алюминий хлориді, кальций хлориді ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауықта екенін анықтаңдар.

№2  Темір (ІІ) сульфаты, натрий сульфаты, алюминий сульфаты ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауықта екенін анықтаңдар.

№3  Мына сызбанұсқа бойынша :

СаО → Са(ОН)2 → СаСІкальций оксидінен кальций хлоридін алыңдар.

ІІ нұсқа

№1  Темір (ІІ) хлориді, кальций хлориді, алюминий хлоридтері ерітінділерін бір реактивпен анықтаңдар.

№2  Темір (ІІІ) сульфаты, натрий сульфаты, алюминий сульфаты ерітінділерін бір реактивпен анықтаңдар.

№3  Төмендегі айналуларды тәжірибе жүзінде іске асырыңдар:

Са(ОН)2 → СаСО3 → Са(НСО3)2 → СаСО3

 

Қосымша тапсырма

  1. Үш тәсілмен:

а) темір(ІІІ) хлоридін;     ә) алюминий хлоридін алыңдар.

  1. Сұйылтылған күкірт қышқылы мен мына заттардың: Cu, АІ, NaCI, Cu(OH)2, ZnO, NaOH,

Na2CO3 қайсысымен әрекеттеседі? Іске асатын реакцияларды орындаңдар.

  1. Лабораторияда мынадай реактивтер бар:

а) калий гидроксидінің ерітіндісі;  ә) қатты натрий карбонаты;  б) азот қышқылының ерітіндісі;  в) концентрациялы күкірт қышқылы;  г) мыс (ІІ) хлоридінің ерітіндісі;  ғ) мыс;

Осы реактивтерді пайдаланып, қанша жаңа заттар алуға болады? Мүмкін болатын реакция

теңдеулерін жазыңдар.

  1. Жұмысты орындаудың қысқаша жоспарын құрып, байқағандарыңды сол реттілікпен

қорытындылап жазыңдар.