Электролиттік диссоциация тақырыбына эксперименттік есептер шығару

№1 практикалық жұмыс

Тақырыбы: Электролиттік диссоциация тақырыбына эксперименттік есептер шығару

Мақсаты: Электролиттік  диссоциация және электролиттердің қасиеттері тақырыбы

бойынша эксперименттік есептерді шешіп үйрену.

Реактивтер мен құралдар: Сынауық қоятын тұрғы, сынауық, суы  бар стақан, кәрлен ыдыс, сіріңке,

шыра, спиртшам, сүзуге қажет құралдар. Тұз қышқылының, күкірт қышқылының

ерітінділері, натрий гидроксидінің, калий карбонатының, күміс нитратының, мыс

(ІІ)сульфатының, кальций хлоридінің, темір (ІІІ) хлоридінің ерітінділері, кальций

карбонаты ( бор, мәрмәр ұнтағы), лакмус және фенолфталеин ерітіндісі.

Практикалық жұмыстың барысы:

Тәжірибенің орындалуыРеакция теңдеулеріБайқалған құбылыстар
№1Мына заттар ерітінділері арасында жүретін реакцияны тәжірибе жүзінде іске асырып, қадағалаңдар:

А) Калий карбонаты мен тұз қышқылы;

Б) Темір (ІІІ) хлориді мен калий гидроксиді;

В) натрий гидроксиді мен күкірт қышқылы;

№2 Мынадай айналуларды іске асырыңдар:

Мыс (ІІ) сульфаты → мыс (ІІ) гидроксиді → мыс (ІІ) оксиді → мыс (ІІ) хлориді

№3Лакмус пен фенолфталеин қатысында бейтараптану реакциясын жүргізіңдер. Мысалы, натрий гидроксиді мен тұз қышқылы ерітінділері
№4Үстел үстіндегі реактивтерді пайдалана отырып, алмасу реакциясы арқылы мына заттарды алыңдар:

а) темір (ІІІ) гидроксиді;

ә) мыс (ІІ) гидроксиді;

б) кальций сульфаты.

Қорытынды:

Қосымша тапсырмалар:

Төмендегідей қысқартылған иондық теңдеулері берілген реакциялардың толық молекулалық және

толық иондық теңдеулерін жазыңдар:

а) Н+ + ОН = Н2О

б) Са2+ + СО32- = СаСО3

в) 2Н+ + СО32- = Н2О + СО2

       г) Ва2+ + SO42- = BaSO4

  1. Жасаған жұмысты қорытындылаңдар.

№1 практикалық жұмыс

Тақырыбы: Электролиттік диссоциация тақырыбына эксперименттік есептер шығару

Мақсаты: Электролиттік  диссоциация және электролиттердің қасиеттері тақырыбы

бойынша эксперименттік есептерді шешу

Реактивтер мен құралдар: Сынауық қоятын тұрғы, сынауық, суы  бар стақан, кәрлен ыдыс, сіріңке,

шыра, спиртшам, сүзуге қажет құралдар. Тұз қышқылының, күкірт қышқылының

ерітінділері, натрий гидроксидінің, калий карбонатының, күміс нитратының, мыс

(ІІ)сульфатының, кальций хлоридінің, темір (ІІІ) хлоридінің ерітінділері, кальций

карбонаты ( бор, мәрмәр ұнтағы), лакмус және фенолфталеин ерітіндісі.

Практикалық жұмысты орындау үшін оқушыға қойылатын талаптар:

                               Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін мұқият сақтау .

Орындалған жұмысқа дұрыс қорытынды жасау.

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастыру

  1. Практикалық жұмысты орындау

№1 Мына заттар ерітінділері арасында жүретін реакцияны тәжірибе жүзінде іске асырып, қадағалаңдар:

А) Калий карбонаты мен тұз қышқылы;

Б) Темір (ІІІ) хлориді мен калий гидроксиді;

В) натрий гидроксиді мен күкірт қышқылы;

Реакция теңдеулерінің толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

№2 Мынадай айналуларды іске асырыңдар:

Мыс (ІІ) сульфаты → мыс (ІІ) гидроксиді → мыс (ІІ) оксиді → мыс (ІІ) хлориді

Реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

№3 Лакмус пен фенолфталеин қатысында бейтараптану реакциясын жүргізіңдер. Мысалы, натрий

гидроксиді мен тқз қышқылы ерітінділері арасында толық және қысқартылған иондық теңдеулерін

жазыңдар. Байқағандарыңды қорытындылап, түсіндіріңдер.

№4 Үстел үстіндегі реактивтерді пайдалана отырып, алмасу реакциясы арқылы мына заттарды алыңдар:

а) темір (ІІІ) гидроксиді;

ә) мыс (ІІ) гидроксиді;

б) барий сульфаты.