Астана ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:  Астана

Сабақтың мақсаты:

А)Оқушыларға Астана туралы терең түсінік беру.Оқушылардың оқу

дағдыларын жетілдіру,саналы түсініп, жүйелі баяндай білуге үйрету.

Ә) Елін, жерін, Отанын сүюге, қорғауға үйрету.Патриоттыққа тәрбиелеу.

Б) Оқушылардың ой -өрісін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды

шығаруға машықтандыру, тіл байлықтарымен сөздік қорларын

толықтыру.

 

Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, парақшалар, плакат.

 

Сабақтың түрі :  жаңа сабақты түсіндіру

 

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, сұрақ –жауап, ұжымдық.

 

Сабақтың барысы:

 

       І.Ұйымдастыру кезеңі

                  1.Қызығушылығын ояту. (Психологиялық дайындық)

 

Мұғалім:           — Екі көзің не үшін керек?

Оқушылар:       — Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім:           — Екі құлақ не үшін керек?

Оқушылар:       — Ақыл-кеңес тыңдау  үшін.

Мұғалім:           — Екі қолың не үшін керек?

Оқушылар:        — Елге көмек беру  үшін.

Мұғалім:            — Екі аяғың не үшін керек?

Оқушылар:         — Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін!

 

 

 

 

 

Мұғалім:

  • Дұрыс балалар, отыра қойыңдар. Олай болса мен сендердің көздерің, құлақтарың, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін. Бүгін  міне, сабағымызға көптеген ұстаздарымыз қатысып отыр.Бұл сабақ күндегіден ерекше болмақ. Бар білімдеріңізді көрсетіп, сабаққа түгел қатысуға шақырамын.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

  • Мұғалім:
  • Жақсы балалар, олай болса үйге қандай тапсырма берілді?

(Бір оқушыдан сұрау)

 

1)  Ертегі  мәтіннің мазмұнын әңгімелету.

2) Үлестірмелі қима-қағаздар үлестіру.

№1. Мәтіннің авторы кім?

№2. Құрбақа, тышқан, құмырсқа үшеуі неліктен жолға шықты?

№3. Мәтіндегі кейіпкерлерді ата.

№4. Тышқан ініне кіріп, өз інін қалай мақтайды?

№5. Құмырсқа өз илеуіне кіріп қалай рақаттанады?

№6.Құрбақа өзінің орнына секіріп түсіп өз мекенін қалай мақтайды?

№7.Ең  соңында құрбақа, тышқан, құмырсқа қандай шешімге келеді?

 

Мұғалім:

  • Міне балалар, балық суында патша, бақа көлінде патша, жігіт елінде патша, туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас! Дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс — әркімнің өз мекені, өз туған жері деп бекер айтпаған екен.

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

 

— Жақсы балалар, ал сіздер өз туған жеріңіз, Отаныңыз туралы не айтар едіңіздер?

( Оқушылардың ойын тыңдау.)

 

 

Мұғалім:

  • Жақсы балалар, ендеше бүгінгі біздің сабағымыз өзіміздің Отанымыз, туған жеріміздің әсем қалалары турасында болмақ.

Ол қалаларды білу үшін мына ребустарды шешеміз. Әр ребустың шешуіндегі қаланың аты ол өз топтарыңыздың атына айналмақ.

 

 

(Интерактивті тақтада көрсетіп қою ребустарды, ал оқушылар жауабын жазып жоғарыға көрсетіп, топтан бір оқушы дауыстап айтады)

(Екі топтың жауаптарын тыңдау)

Мұғалім:

— Өте жақсы балалар, ендеше сабағымызды №2 тапсырмамен жалғастырамыз.

(1 оқушыға дауыстатып оқыту)

(Оқушылардың ойларын тыңдау)

( Интерактивті тақтада Алматы, Астана қалаларының суреттерін көрсету. Сюжет)

 

 

 

 

 

Мұғалім:

— Алматы – тарихи қала. Ол ІХ – ХІІ ғасырларда түркі заманында сауда саттығы, өнеркәсібі өркендеген қала болған. Оның сол кездегі аты – Алмалық. 1921 жылға дейін Верный деп аталып келген. Осы жылдан бастап Алматы атанған. Қаланың аумағы 286 шаршы шақырымға созылған. Алматы қаласы әлемге апорты мен танылған. Шыршалары шыңға өрлеген Алатау көздің жауын алып-ақ тұр.

 

— Астана  жас тәуелсіз мемлекеттің тарихына өз алтын бетін жазып үлгерді. 90-жылдың ортасында Елбасы Н.Назарбаев ешкім күтпеген жерден оңтүстікте орналасқан Алматы қаласынан  республикамыздың қақ  ортасына  астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1998 жылы 10-маусымда  Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласының тұсаукесер тойы болды.

Есілдің жағасында орналасқан Ару қала күннен-күнге келушілердің көз қуанышына айналды. Биіктігі 91 метрлік «Қазақ елі» монументі, Президент резиденциясы, Ақ Орда, Министрлер үйі, биіктігі 97 метрлік «Бәйтерек», пирамида, 2 мың орындық «Думан» ойын-сауық орталығы, 30 мың кісілік «Астана» жабық стадионы – осының бәрі Елорданың ажарын ашып, айбынын асқақтатуда.

 

— Енді балалар, осы екі қаланың аттары қатар аталатын белгілі ақын Күләш Ахметованың өлеңімен оқулықтарымыздағы №3 тапсырманы қарай отырып танысамыз.

(Берілгенін, өлеңді бір оқушыға оқыту)

(Жалғастырып оқыту)

 

— Жақсы енді  сабағымызды әрі қарай  оқулығымыздағы №4 тапсырмамен  жалғастырамыз.

(Интер-ті тақтада көрсетіп қою)

(Оқушыларға жеке-жеке оқыту)

 

— Енді №5 тапсырмаға назар аударайық.

Тапсырманы 1 оқушыға оқыту.

(Жауап алу, ойларын тыңдау)

 

 

ІҮ. Сергіту сәті. (Достыққа байланысты алу)

 

Мұғалім:

-Жақсы балалар, енді сабағымыз №6 тапсырмамен жалғасын табады.

(Тапсырманы 1 оқушыға оқыту, ойларын тыңдау)

Ү. Дәптермен жұмыс.

— Енді балалар әр топтың өз атауы әсем қалаларға байланысты. Ендеше өз әсем қалаларыңыз туралы тақпақ, өлең жолдарын кім арнап айтады?

(Айтылған тақпақ, өлеңді әр топ өзіне тиістісін жазып алады. 1 оқушы  инт.тақтада, екінші оқушы жәй тақтада)

  • Әр топ өзіне тиісті өлең жолдарын дәптерлеріне көшіреді.

Мұғалім:

  • Енді барлығымыз №7 тапсырманы орындап көрейік. (1 оқушыға оқыту)
  • Жақсы балалар, енді екі топ, өзара келісіп топтық жұмыс жасайсыздар. Тапсырма бірдей суретке қарап отырып, 1 шумақ өлең шығару.

 

(Екі топқа плакатқа жазу тапсырылады, болғаннан соң әр топтан бір оқушы

қорғайды)

ҮІ. Шығармашылық тапсырма. Ұжымдық жұмыс.

  • Өте жақсы балалар өз еліңіздің жас астанасы ару қала – Астанаға деген қызығушылығыңызды, сүйіспеншілігіңізді өлең жолдарымен жеткіздіңіздер. Енді мен сіздердің Астана қаласын қаншалықты білетіңізді білу мақсатында мынадай шығармашылық – ұжымдық жұмыс бергім келіп тұр.

І топқа жұмыс.

Астана қаласы туралы білетіңізді топтастыру.

  ІІ топтың жұмысы

             Астанаға деген сүйіспеншілігіңізді және болашағым Астанада деген өз  

                                              армандарыңызды  сызбаға түсір.

 

Менің АстанамАстана-болашағым

 

 

ҮІІІ .Қорытындылау.

Кең өлкеме терең жайып тамырын,

Жайнай бергің, жаның нұрдай, Астана!

Әлденеңе кәріп қылып Тәңірім,

Енді бізді табындырма басқаға – деп ақын ағаларымыз жырлағандай, халқымыздың аялы алақаны, ыстық мейірімімен тұрғызылған әсем қаламызды қадірлеп, қастерлеп келер ұрпаққа аманат етіп жеткізетін бәйтеректей саялы азамат болады деген үмітпен мен сабағымды аяқтаймын.

 

ІХ. Бағалау.

 

Х. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау.

«Ару қала — Астана» тақырыбына сурет салу.