Тыңайтқыштар

 

Сабақтың тақырыбы: Тыңайтқыштар

 Мақсаты: 1) Оқушыларды минералды және органикалық тыңайтқыштарымен таныстыру (азотты,фосфорлы,калийлі);

2)Химия мен биология пәнінің арасындағы пәнаралық байланысты дамыту,тыңайтқыштарды үемді пайдалануды үйрету;

3) Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Көрнекілігі: периодтық жүйе, тірек схемалар, кеспе қағаздар, тыңайтқыштар түрлері (фосфорұны, калий тыңайтқыштар, азот тыңайтқыштары) селитралар, аммиак суы, аммоний нитраты)

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
  2. Негізгі бөлім. Оқушыларды үш топқа бөлу. Бейметалдар S,N,P- элементтерін қорытындылау

1) Әр топ жеке элементтер бойынша үй тапсырмасына жауап  береді.

І топ. Күкірт, ІІ топ. Азот, ІІІ топ. Фосфор.

А) атом құрылысы

Б) электрондық формуласы

В) графиктік формуласы

2) Жеке оқушылар тотығу дәрежесін анықтайды

Тотығу дәрежелерін анықтау

K2S,H2SO4, SO 4,LiSSO3

NH3,NO,NO2,N2O5,HNO2

PH3,PCI3,P2O5,Ca3P2,H3PO4

( Әр топтың оқушылары тотығу дәрежелерін анықтайды)

3) Генетикалық байланыс. Топпен жұмыс. Топ оқушылары жұмыс жасайды.

S→ SO2→SO3→H2SO4→Fe2(SO4)3

N2→NH3→NO→NO2→HN3→Ca(NO302

P→H2O5→HPO3→H3PO4→NaPO4

4) Әр топқа 10 сұрақтан тұратын тест беріледі.

  1. Қай жерде азот көп мөлшерде болады?

А) жер қыртысында;    Б) ауада;     В) суда;     Г) ғарышта.

  1. Ауадағы азоттың массалық үлесі:

А) 21%;    Б) 1%;     В) 78%;     Г) 70%.

  1. Адам үшін ауадағы азоттың атқаратын ролі.

А) дем алу үшін;   Б) маңызды биологиялық заттардың құрамына кіреді;

Ағза үшін инертті орта бола алады.

  1. Азот жер қыртысына қандай өзгеріс тізбегімен түседі?

А) N2 NO2  H NO

Б) N2 NO3  NH4 OH

В) N2 NH3  NO NO2  HNO3

  1. Аммиактың формуласын тап:

А) N2    Б) NO   В) NH3     Г) H NO3

  1. «Отсыз түтін» деп қандай рекцияны айтады?

А) аммиактың сумен әрекеттесін;

Б) аммиактың қышқылдармен әрекеттесуі;

В) аммиактың жануы;

  1. Зертханада аммиакты қалай жинайды?

А) аузы төмен қараған ыдыста;

Б) аузы жоғары қараған ыдыста ;

В) суды ығыстыру арқылы

  1. Оқ-дәрінің құрамына қандай қосылыс кіреді?

А) KNO3     Б) NH3   В)H NO3

  1. 9. Қандай зат қоңыр-қызыл газ деп аталады?

А) NO   Б)  NH3          В)NO  Г)N2

  1. 10. Фосфордың қандай түрі –Р4— формуласына сәйкес?

А)  қызыл       Б)  ақ     В) қара

 

Топ жетекшілері тест тапсырмасын тексереді.

Үй тапсырмасы осы тапсырма бойынша қорытындыланады.

Әр топ өз рефераттарын тапсырады.

Сергіту сәті.

 Жаңа сабақ

Тыңайтқыштар жайлы қысқаша мәлімет

Азот, фосфор және калий тыңайтқыштары

Жаңа сабақ түсіндіру үшін тақтаға тірек сызбалар ілінеді.

Құрамындағы қоректі эементтері болатын заттарды тыңайтқыштар дейміз. Қоректік элемент дегенімз өсімдіктің толық өсіп, өнім беру үшін қажетті элементтерді айтамыз. Фотосинтез кезінде өсімдіктер жапырағы арқылы және топырақтан алатын химиялық элементтерінің саны 50 шықты.

1 –слайд

Тыңайтқыштарды жіктеу

Агрегаттық күйіне орай
Шығу тегіне қарай
Қоректік элементтің болуына қарай
Бейорганикалық

органикалық

Азоттық, фосфорлы, калийлі
Сұйық, қатты

 

 

 

Азот тыңайтқышы. Құрамына қоректік элемент азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейміз. Азот тіршілік үшін маңызы бар элемент. Ол жетпеген жағдайда өсімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып бойы өспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Азот тыңайтқышы Атырау мен Теміртауда өндіріледі.

 

Азот тыңайтқышы

№2 слайд

Фосфор тыңайтқыштары. Барлық тірі организмдердің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, витаминдердің құрамыне кіреді. Фосфорсыз хлорид түзілмейді. Өсімдікте жетіспесе, жапырақтары қара қою жасыл, қара дақ пайда болады, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Адамның сүйегінде, жұлынында, бұлшық етінде болады.

 

№3 слайд

Жай суперфосфат, қос суперфосфат, аммофос, нитрофос
Преципитат
Фосфорит ұны

 

 

 

 

Жай суперфосфат  Са(N2PO4)2*CaSO4

Қос суперфосфат Са(N2PO4)2*H2O

Фосфарит ұны Са 3(PO4)2

Преципитат Са HPO4* 2H2O

Диаммофос(NH4)2HPO4

Қазақстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу фосфорлы қосылыстар химиялық дамытуға негізі болады. Академик Бектуров Қаратуфосфортиттерінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады. Қарату бассейннің фосфорит кенін Тараздың және Шымкент өндірістік бірлестіктері және басқа химия кәсіпорындары фосфор тыңайтқыштарын өндірді.

 

Калий тыңайтқыштары

Кез келген өсімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзіледі.

 

Массасы 1 т жүгері топырақтан 14 кг азот, 2,5 кг фосфор, 3,5 кг калий, 1,5 кг күкірт әкеліп отырады. Сөйтіп топырақтың құнарлығы кемиді. Содан тыңайтқышты қоладану қажеттігі туады.

Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты өсімдіктердің, ағаштардың күлдері, сиыр, жылқы малдарының қилары жақсы өнім алуға көмектеседі.

Қорытынды: Оқушылардың жергілікті жерлердің картоп салатын, жеміс салатын бақшаларын осы тыңайтқыштармен тыңайтуға үйрету.

Тыңайтқыштарды күз айларында шашу керек. Минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдаланған дұрыс, оны көп шашуға болмайды. Себебі жемістердің ішіне тұз жиналады. Адамдардың денсаулығына зиян келтіреді. Онымен жұмыс жасағанда абайлау керек.

 

Оқушылар білімін бағалау.

Үйге тапсырма:§22 №7 тұратын жердің топырағын сипатта./жергілікті материал/

Қоланылған әдебиеттер.

  1. Химия- 9- сынып. Н. Нұрахметов. Алматы « Мектеп» баспасы 2009 ж
  2. Химия- 9- сынып. Н. Нұрахметов. Алматы « Атамұра» баспасы 2005ж
  3. Биология 6-сынып. Жүнісқызы К., Әлімқұлова Р., Жұмағұлова Қ. Алматы « Атамұра» баспасы 2006-2008ж
  4. « Химия Қазақстан мектебінде» №4 17-18 бет
  5. «Оқу тәрбие участогында өткізілген сабақтар» Алматы 1953ж