Химиялық тіл

81

Химиялық тіл

Жаратылыстану  пәндерін, солардың ішінде  химияны оқыту барысында оқу-

шылардың  логикалық ойлауын  дамыту сөйлеу білуге негізделеді.Сөйлеу  заттар және олардың сан алуан өзгерістерінің  арасындағы семантикалық байланыстарды ашуға бағытталады.Химия сабақтарындағы және сыныптан тыс жұмыстардағы оқушылардың сөйлеуі ұлттық тілдің сөздері арқылы байланысқан химия тілі арқылы жүзеге асады, сөйлеу мәдениетінің жалпы заңдылықтарына бағынады. Оқушылардың  тіліне  де  тазалық, дәлдік, орындылық, түсініктілік және қисындылық талаптары қойылады.

Сөйлеу дегеніміз-адамдардың тіл арқылы жүзеге асатын       тарихи  қалыптасқан қатынасы.

Химия-заттардың сан алуан  сапалық өзгерістерін зерделейтін жаратылыста-ну  ғылымдарының  бірі. Тіл-  дыбыстан немесе  әріптен тұратын материя. Химияның зерттейтін объектісі – зат та-материяның нақты бір түрі.

Химиялық білім мен тіл – химиялық дүниетанымның жемісі.

             Химиялық тіл дегеніміз – химияның  ғылыми білімін тіркейтін, сақтайтын, ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізетін таңбалар жүйесі. Ол-ғылыми жасанды тілдердің бірі.Оның жасандылығы, табиғи тілден түбірлі айырмашылығы символикасынан айқын көрінеді. Орта мектептегі химияның мазмұны тіл арқылы баяндалып, оқыту құралдары мен әдістері тілге негізделгендіктен , пәнді оқыту барысында мұғалым мен оқушы еңбегінің үйлесуын тіл мен сөйлеу арқылы қатыныста көрсетуге болады.

Химия пәні мұғалімінің сөйлеуі оқушыларға химиядан білім мен тәрбие беру, ұлттық тілдің сөз қорын және химияның ғылыми тілін пайдалану арқылы жүзеге асады.

Заттардың тарихи қалыптасқан атаулары ғана   ұлт тілінің сөз құрамына еніп, сөздіктерінде тіркеледі.Мысалы химиядағы сутегі оксиді- ұлттық тілімізде су, натрий хлориді- ас тұзы деп аталады.Бұлардан басқа тоғыз химиялық элементтің қазақша атаулары бар, олар:алтын, күміс, мыс, темір, мырыш, қорғасын қалайы, сынап және күкірт.

Химия тілінің ұлттық тілге ең жақын бөлігі- терминдер жүйесі. Әр ғылым ұғымдар жүйесінен тұрады. Ұғымдар жүйесі терминдер жүйесімен беріледі. Термин- ұғымның атауы.

               Химиялық символика— химия тілінің маңызды бөлігі немесе халықаралық тіл, ұлттық тілден оқшау тұрады.  Ең қарапайымы екі элементтен тұратын химиялық  қосылыстардың атаулары, мысалы: H2O –су, сутегі оксиді NaCI – натрий хлориді.Жарты бетке дейін созылатын ұзыннан – ұзақ атаулары кездеседі.

               Сонымен химиялық тіл символикадан, номенклатурадан  және терминологиядан тұрады, сондай- ақ әр бөлігінің өзіндік мағынасы мен танымдық қызметі бар.

Осыған қарап химиялық тіл- химия пәні оқытылатын барлық мектептегі таным мен қатынастың құралы дейміз. Осы уақытқа дейін химия ғылымының тілі ұрпақтан-ұрпаққа  оның тілі арқылы жеткізіліп келеді. Сол сияқты оқушылардың алған білімдері химиялық тіл арқылы бекітіледі, одан ары дамиды және түрлі жағдайда қолданылады.

Химия пәні сабақтарында оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге бағытталған жұмыстарды қалыптастыру ұдайы, үздіксіз жан- жақты ізденуді талап етеді.       

               Оқушыларды химиялық символдар мен терминдерді дұрыс пайдалана білуге  үйрету- олардың тіл мәдениетін дамытып, химиядан ғылыми сауаттылығын арттырады.

Оқушыны айтайын деген ойын, пікірін дұрыс жеткізе білудің басты құралы, оның тіл байлығы.Сөз жұтаңдығы  олардың көкейіндегі  ойда еркін жеткізуге мүмкіндік бермейді.Сөйлеу мен ойдың бірлігі ұстанымы арқылы   оқушы тіл мен ойлаудың бір-бірімен байланысты екенін ұғады. Яғни сөйлеуді  одан бөліп алудың мүмкін еместігі түсінеді. Бұл ұстаным арқылы оқушының ойлау әрекетін дамытып, түрлі ой қорытындыларын жасай білу дағдылары қалыптастырылады.

Сондықтан сөйлемнің жаны – сөздердің мағыналы болып құралуы.

Теориялық білім берумен байланыстыра оқушының химиялық ғылыми тілмен  сөйлеу мәдениетін  дамыту – сабақтың негізгі міндетінің бірі деп ойлаймын.