Жарнамалы заттарды химиялық талдау

 

Сабақ тақырыбы:  Жарнамалы заттарды химиялық талдау

Сабақтың мақсаты:   а) Оқушылардың ой-өрісін, ынтасын арттыру.

 б) Жарнама өнімдерінің құрамын талдау арқылы сол өнімдердің біздің өмірімізде  маңыздылығы қаншалықты екенін зерттеу.

в) Оқушыларды өздігінен жан-жақты ізденуге, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Оқулық, таблицалар, интерактивті тақта

Қажетті құралдар: қалам, қағаз, тақта, жарнамалы заттар жинағы ( кір жуғыш синтетикалық заттар, тіс пастасы, сағыз түрлері)

Қосымша деректер: Интернеттен алынған ақпараттар

Сабақ түрі: зерттеу сабағы

Әдіс-тәсілдер: слайдтар арқылы  әр топ өз жұмыстарын қорғау.

Жүргізілетін жұмыс түрі:   топтық жұмыс

Сабақ жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Жарнама өнімдерін жіктеу

ІІІ. Жарнамалы заттарды оқушылардың талдауы

ІV. Сабақты қорытындылау

  1. Оқушылар білімін бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Жарнамалы заттарды оқушылардың талдауы

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Дайындалған әр топқа берілген жарнама  өнімдерін талдауға сөз кезегін беру.

  • Топ. Синтетикалық кір жуғыш заттар

 2-Топ. Тіс қорғаушы химиялықт элемент

Тіс адам ағзасының маңызды бөлігі. Ол адамның көркі.Тістің әрдайым таза болуын қамтамасыз ету үшін әр түрлі тіс пасталары қолданылады. Олардың құрамындағы негізгі элемент-фтор. Ол тістің эмалінің берік болуын қамтамасыз етеді.

Тіс пастасы «Бленд-а мед» Тіс пастасы жарнамасы сағыздан кейінгі екінші орынды алады. Тіс пастасының бас жүлдесін «Бленд-а мед»  алатыны бәрімізге белгілі. Паста құрамындағы флористат тіс эмальін беріктендіреді және бұл тұжырымды тауық жұмыртқасымен тәжірибе ретінде көрсетеді. Мұны күнделікті өмірде тексеруге болады.

Бірақ. Теория жүзінде бұл нені көрсетеді? Тіс жегішпен күрес екі бағытта атқарылады:

  1. Тістің тас ұлпаларын берік ету.
  2. Тіс тастарын болдырмау.

Флористат деген не?

Бұл сөздің мағнасын еш анықтама мен энциклопедиядан таба алмайсыз. Бұл терминмен дайындайтын фирма фторы бар қосылыстарды белгілейді. Фторид ионының әсері екі тұжырымдама бойынша анықталады:

  1. Фтор иондары гидроксиапатитті қышқылдарда  аз еритін фторапатиттерге ауыстырады.
  2. Алмасу реакциасы арқылы пастадаи кальций фторидңі пайда болады. Бәрімізге белгілі фторидтер бактериалардың өмір сүру жағдайын төмендетеді.

Ал жұмыртқамен  тәжірибені қалай түсіндіруге болады?

Жұмыртқа қабы кальций карбонатынан тұратыны белгілі, яғни ол қышқылдарда жақсы ериді, ал суда нашар ериді. Кальций фториді кальций карбонатымен салыстырғанда қышқылдарда нашар ериді және жұмыртқаның  қабығының адсорбиялық қасиетімен қышқылдарда еруінен сақтайды.

 

  • Топ Сағыз  жарнамасына талдау.

Сағыз шайнау адамның ауыз қуысындағы жағымсыз иістерді болдырмаудың жақсы әдісі екен. Сағыз өте жеңіл әрі кез-келген  жерде аса кететін зат. Сағыздың дәмінің қандай болғандығы маңызды емес. Оның дәмі ауыздың сасымауы үшін айтарлықтай  маңызды қызмет атқара қоймайды . Маңыздысы, ауыз қуысындағы бұлшық  еттердің тынымсыз қозғалысы. Тістің сау күйінде сақталуы үшін құрамында қант жоқ  сағыздарды пайдаланған жөн.

Сағыз шайнағандықтан сілекей кқп бөлінеді және ол 300% -ға күшейе түседі. Сілекей асказандағы бактерияларды жоюға таптырмас дәрмек. Одан қала береді, тілдің де таза болуы үшін де керемет пайдалы екен. Алайда пайдалы екен дегеннің  бәрін тоқтаусыз жасай беруге  де болмайды. Сағызды тамақтанып болғаннан соң шайнау асқазанға жаңа түскен  астың оңай және тез қорытылуына көмектеседі.

Егер түсікі  астан кейін он минуттай сағыз шайнасаңыз, бассүйекте  орналасқкан ағзаларға да оң әсерін тигізеді екен. Әсіресе, миға баратын қан тамырлардағы қанның жұмысын жеңілдетеді. Ал егер жолда, яғни, көлікте немесе пойызда болсаңыз құлағынызға түсетін салмақты азайтады. Сағыз шайнау барысында  сілекейдың  бөлінуі күшейеді. Ал сілекей бактерицидтік қасиетке иа. Бәрунен де жалбыз дәмді сағызды шайнаған дұрыс.

Себебі оған табиғи ментол, ал қалғандарынның бәріне хош иіс берішулер мен басқа да химикаттар қосылады. Анығын айтқканда кариестен сақтануға сағыз емес, оны шайнау процесінің нәтижелерінің туындаған  жағдайлар көмектеседі.

Егер сіз ас ішкеннен кейін ауыртпалықты сезініп, оны ұзақ уақыт қорыта алмасаңыз немесе сізді ауыз қуысынан шығатын жағымсыз иіс мазалайтын болса, онда біздің ұсынғалы отырған кеңестерімізге құлақ салып көріңіз.

Сағыз шайнау ас қорытуда маңызды рөл атқарады. Асқазанға жаңа келіп түскен астың алғашқы күйі адамның жүрегін  айнытып, жайсыздық туғызуы мүмкін. Осы сәтте сағыз шайнау ауыз қуысынан бөлінетін сілекей мөолшерін кқбейтеді, нәтижесінде асқазанға хабар барады да, ол жұмысын жақсартып , ас қорытуды жеделдетеді.  Сондай – ақ, сағыз жағымсыз иістермен күресуде таптырмас  көмек құралы. Бұл тұста сағыздың дәмі, иісі маңызды емес , маңыздысы – ауыз қуысындағы бұлшық еттердің  дұрыс жұмыс істеуі мен қозғалысқа түсуі.

«Еш сағызда сіз ксилит пен карбамидтің бірігуін таба алмайсыз», «Тісжегіден қос қорғаныс ксилиті және карбомиді бар сағыздарда» — бұл сөздерді күнделікті теледидардан естіп, көріп жүрсіздер. Тісжегіден қандай сағыз сақтандырады? Яғни бұл жерде осы тұжырымға келісеміз, егер қол астымызда тіс щеткасы болмаса. Тіс эмалінің бұзылуын сақтауда ағзаға зиян келтірмейтін затпен ауыз қуысында пайда болатын сүт қышқылын бейтараптау қажет.

Ксилиттің маңыздылығы неде?

Ксилит – тәтті дәмі бар зат, қант диабетімен ауыратын адамдарға шекердің орнына беріледі. Химиялық табиғаты бойынша көп атомды спирт. Сағыздарға ксилитті тәтті дәм беру үшін қосады. Егер осы мақсатпен сағызға шекер қосса, сағыз сүт қышқылының пайда болуына себеп болады, яғни тіс эмалі бұзылады. Сондықтан ксилиті және шекері бар сағыздар тісжегісінен сақтайды деп, сонымен бірге ксилит мочевина сияқты тісжегісінен қорғайды деп айту қиын.

Қорытынды.

Қазіргі заманда күнделікті адам өміріне қажетті заттардың құрамында химиялық элементтер және олардың қосылыстары жиі кездеседі. Химиясыз адам өмір сүре алмайды. Бірақ сол элементтердің немесе қосылыстардың физикалық жіне химиялық  қасиеттерін білмей тұрып біз көрсетілген жарнамаға еліктеп, күнделікті өмірімізде қолдануға тырысамыз. Жарнамада халыққа тұтынатын өнімдердің құрамындағы зиянды элементтердің әсері туралы айтылмайды. Бұл жұмыста жарнамаға ұсынған заттардың химиялық құрамына назар аударғаныңызды жөн көремін.