Силикат өнеркәсібі. Шыны өндірісі.

198

Тақырыбы: Силикат өнеркәсібі. Шыны өндірісі.

Мақсаты: Шыны, цемент, қыш және т.б. силикат материалдарының өндірісі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.Оқушылардың география,химия пәндері бойынша алған білімдерін нақтылау және байланыстыру.

Балалардың оқулықпен, қосымша әдебиетпен жұмыс жасау мүмкіндіктерін, қабілеттерін дамыту. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру.

Көрнекі-құралдар: шыны, қыш, цемент бұйымдары

Кесте №1 «Силикат өндірісінің материалдары»

Кесте №2. «Шикізат»

Жеке және жалпы тапсырмалар, көрме, жұмбақтар.

Сабақтың типі: Ойын түрінде.

Әдіс-тәсілдер: мұғалімнің сөзі, рөлдік ойын, топ жұмысы, кестемен, оқулықпен жұмыс, жеке және жалпы тапсырмалар, жұмбақтар шешу.көрме ұйымдастыру.

Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру: жазбаша

түрінде екі нұсқа беріледі.(5-7 мин)

                                    I-нұсқа.

1.Алюминий өндірісі үшін шикізат ретінде қандай тау жыныстары қолданады? Олардың химиялық формулаларын келтіріңдер.

  1. Неге алюминийді алуда электролизге таза глинозем емес,оның криолиттегі балқымасы қолданылады?

 

II-нұсқа.

  1. Өнеркәсіпте алюминийді қалай алады?

Кеннен алюминийді алу технологиясы өзара технологиялық тізбекпен және өндірілген өнімдерімен байланысқан қандай өндірістен тұрады?

  1. Өнеркәсіптік электролитте қандай иондар бар., электролиз кезінде олардың қайсысы электродтарда разрядталады? Электродтарда жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар.

Жаңа тақырып.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: жұмбақтар оқылады.

 

  1. Табылса бұрын там тұмнан

Қазірге көп әрбір өлкеде.

Қымбат болды алтыннан

Қандай металл ертеде?

(Алюминий)

 

  1. Сыныптан бір шықпайды.

Тимесеңіз жұқпайды.

Жәрдемінсіз бұл заттың

Оқушы сабақ ұқпайды..

(бор, СаСО3)

 

 

  1. Табылған соң жерден 105 элемент,

Жерді үлкен дене дейміз керемет.

Бірақ бөлсек әрқайсысына еншісін

Екеуіне төрттен үші келер еді.

Атаңдар сол элементті

Құрап тұрған кереметті

(Оттегі және  кремний)

 

Мұғалім жұмбақтарға байланысты қорытынды айтады.

 

Барлық аталған заттар силикат өндірісіне тікелей байланысты.Сонымен бірге.кремнийді өлі табиғаттың патшасы дейді, себебі ол  барлық тау жыныстарының құрамында болады.

-Ал сіздер білесіздер ме?….

-кремнийдің қолданылуы тас ғасырдан  басталады..

-шыны өндірісі біздің ғ. дейін үш ғасыр бұрын белгілі болған.

-Ресейде бірінші шыны зауыты 1635 ж шыны өндіре бастады.

-кремнийді танып,білу арқылы адам микромирді (микроскоп) және макромирді (телескоп) біліп, фото, киноаппаратура шығара бастады.

-Қазіргі уақытта шыны талшықтардан әр-түрлі маталар жасайды.

Мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын жариялайды.

  1. «Экскурсоводтар» экскурсия жүргізіп,

Оқушыларды көрмемен таныстырады(2-3мин)

Қыштан, фарфордан, цементтен жасалған бұйымдар.(алдын ала тапсырмалар беріледі)

  1. Келесі ұғымдарға түсінік беріңдер: «технология», «химиялық технология», «технологиялық схема», «шикізат» «технолгиялық принциптер» (жеке оқушыларға тапсырма беріледі)
  2. Оқушылар мұғалімнің көмегімен кестелерді талдайды.

Кесте №1.

Силикат          өндірісінің                        өнімдері.

 

 

Қыш                шыны                            Цемент.

1.құрылыс         1. шыны бұйымдары    1.    тез қататын

2.тұрмыстық 2.құрылыс –техникалық2.суыққа төзімді

  1. техникалық бұйымдар.                  3.    жоғары t

4.жұқа                                                       төзімді.

Негізгі шикізат –табиғи силикаттар.

  1. AI2O3∙2SiO2 ∙2H2O-каолинит (саз)
  2. металл оксидтері және басқа оксидтер.}-шихта

SiO2, B2O3, P2O5, GeO2

3.қосымшалар Na2CO3, CaCO3, K2CO3

 

 

 

 

 

                                                           Кесте№2.

Табиғи шик-т         синтездік шик-т.       Шикізат  өндірісінің қалдығы                                 .

СазAI2O3∙2SiO2∙nH2O      Na2CO3-сода

Бор СаСО3                                   Na2SO4-сульфаты                                Шлак

Доломит MgCO3∙CaCO3  

мергель                          Na2B4O7∙10H2O                    нефелин

бура                                        шлам

                                                                                         күлдер.

Топ жұмысы.

«Инженер-технолог» оқушылар жетекшілік етеді.

Оқушылар топтарға бөлінеді, ал жетекші болып, оқушылар шыны, цемент, қыш, фарфор, өндірісі туралы түсіндіреді.Әр инженер- технолог бір тақырыпты түсіндіреді. Басқа оқушылар мұғалімнің белгісімен орындарын ауыстырып отырады. Нәтижесінде әр оқушы барлық жетекші оқушылардың алдынан өтеді. Осы жұмысты ұйымдастырып, өткізуге 15 мин  жұмсалады.

Қорытынды кезеңінде оқушылар №3 кестені толтырады.

Кесте №3.

Силикат өндірісі.

Силикат

өндірісінің

саласы

Шикізат Негізгі химиялық

реакциялар

Технология

ның

ерекшелігі

Негізгі

өнімдері

 

Оқушылар әр өндіріске қатысты сұрақтар құрастырады.

Сабақты қорытындылау кезеңі: Оқушылар инженер-технологтардың жұмыстарын бағалайды.

Жетекші оқушылардың аты-жөндері жазылған тақтаға түрлі-түсті жетондар жабыстырылады.

Қызыл түс-өте жақсы

Сары түс— жақсы

Жасыл түс— қанағаттанарлық.Сабақтың келесі этапында жеке тапсырмалар және жалпы (оқушылардың сұрақтары бойынша)сұрақтар болады.

Үйге жеке тапсырмалар беріледі.

Карточка№1

  1. Кремнийдің қолданылуы.§8.7 229-230бет

Жоспар жасау немесе сызбанұсқа түрінде.

Карточка №2.

  1. Химиялық шыны, рубин, кварц шыны деген не?

Олардың ерекшелігіне тоқталып,сипаттаңдар.

Карточка №3.

Бетон және темір бетон деген ұғымдарға түсінік беріп, қолданылуын сипаттаңдар.

Карточка№4.

Шыны өндірісінде келесі химиялық реакциялар жүреді: Осы реакцияларды толықтырыңдар.

Na2CO3+SiO2t→Na2SiO3+…

CaCO3+SiO2t→….+ CO2

Na2CO3 +CaSiO3+4SiO2t Na2O∙CaO∙ …..

 

 

Тақырыбы:Аммиак. Аммоний тұздары. (лекция)

Мақсаты: Аммиак молекуласының құрылысын қарастыру арқылы, полюсті ковалентті байланысты қайталау.. Физикалық қасиеттерімен танысып, сутек байланысы туралы түсінік беру.Химиялық қасиеттерін зерттеп, ковалентті байланыстың донорлы акцепторлы механизмі туралы білім беру. Аммоний тұздарының ерекшелігіне тоқталып, физикалық, химиялық қасиеттерін сипаттау.

 

Лекция жоспары.:

  1. Аммиак, құрамы және молекуланың электрондық құрылысы.
  2. Физикалық қасиеттері.
  3. Аммиактың химиялық қасиеттері.( жану, катализдік тотығу, су және қышқылмен әрекеттесуі)
  4. Аммиак синтезі.

Сабақ барысында демонстрациялық эксперимент жоспарланады:

  • аммиак синтезі
  • аммиактың суда еруі
  • аммиактың жануы
  • аммоний хлоридінің алынуы.

2,4 тәжірибені лекция барысында жасауға болады. 1,3 тәжірибелерді сабақтың соңында жасауға болады.Лекцияның сызбанұсқа –конспектісі.

  1. Аммиак және молекула құрылысы.

-3                             ∙ ∙

NH3,       H: N:H  -электрондық формуласы.     Mr(NH3)= 17

∙   ∙

Молек.        H                                 Ковалентті полюсті байланыс.

Формуласы                       ∙  ∙

Nб-б-

 

Hб+                                 Hб+

 

 

Hб+

 

  1. Аммиактың физикалық қасиеттері.

 

 

 

 

 

а  аммиак

б  аммоний гидроксиді     NH3-газ , суда жақсы ериді

 

 

в  су.

 

 

 

аммиактың суда ерігіштігі.

ДАУА= Mr(NH3)

29                    ДАУА= 17     <1  1V H2O 700V (NH3) дейін ,

29

 

Температурада тұншықтырғыш иісі бар

Қысымды көтеру арқылы аммиак сұйық түріне көшеді. Сутектік байланыс пайда болады.

…NH3  …NH3  …NH3

 

  1. Аммиактың химиялық қасиеттері.

А) аммиактың тотығуы                           Б) аммиактың қатысуымен жүретін

NH3— тотықсыздандырғыш                              қосылу реакциялары

1) 4NH3 +3O2= 2N2+6H2O                              3) NH3+HOH ↔ NH4OH

…. электрондық баланс                                                     аммоний гидроксиді

Оқушылар өздері орындайды.                    әлсіз негіз α=1,4 суда өте жақсы

2) 4NH3 +5O2t= 4NO +6H2O                   ериді. Себебі сутектік байланыс

пайда болады.H3N…HOH… көбіне

ерітіндіде заттар молекула түрінде болады

∙ ∙

  • NH3 + HCI ↔ NH4+CI- -аммоний хлориді.

 

H         +

∙ ∙

Н:N:H          CI—донорлы акцепторлы механизм.

∙ ∙

H

 

 

 

  1. Аммиакты алу.

а)  лабораторияда  Ca(OH)2 +2NH4CI = 2NH3↑ +H2O + CaCI2

ә) өндірісте N2+3H2↔ 2NH3 +Q

1v    3v      2v

Осы сабақтағы алған білімді келесі «Аммоний тұздары» тақырыпты сабақта тексеріледі (10-15мин) келесі нұсқалар арқылы.

1-нұсқа.

  1. Аммиактың катализдік тотығу реакциясын жазып, оны тотығу-тотықсыздану негізінде қарастырыңдар.
  2. Аммиактың судағы ерігіштігін суреттеп,химиялық реакция теңдеуін жазыңдар.

2-нұсқа.

1.Аммиактың жану реакциясын жазып, тотығу тотықсыздану негізінде қарастырыңдар

  1. Аммиактың сутек хлоридімен әрекеттесуін жазып, суреттеңдер. Осы жұмысты жазған соң оқушылар бір-бірін тексереді және бағалайды. Мұғалім өзі 5-6 оқушыны бағалайды.

Аммоний тұздарын талдауды жалпы тұздар класын қайталаудан бастайды..Содан соң, мұғалім осы тұздарды демонстрациялайды.Олардың түстеріне назар аударады. Олардың құрылыстары туралы мәлімет беріледі. Оқушылар олардың химиялық қасиеттерін болжайды. Диссоцияция , қышқылдармен әрекетттесуі және  басқа тұздармен әрекеттесуі. Мұғалім аммоний хлоридіне қандай химиялық қасиеттер тән болатындығын айтады, себебі аммоний катионы күрделі.

NH4CI= NH4+ +CI-

NH4CI +NaOH  t= NaCI + NH3↑ +H2O  сапалық реакция

2NH4CI + H2SO4= (NH4)2SO4+2HCI

NH4CI +AgNO3= NH4NO3+AgCI↓ иондық түрінде жазу қажет.

Аммоний тұздарының ыдырауы.

NH4CI ↔t NH3(Г)  +HCI(Г)

(қ)               суықта

(NH4)2SO4 t= NH3↑ +NH4HSO4(ұшпайтын қышқылдың тұзы болса, онда аздап, ыдырау жүреді.

NH4NO3 =t N2O↑ + 2H2O

Бекіту:       1-деңгей.

№1 тапсырма: Келесі тұздарды NaCI  және    NH4CI қалай ажыратуға болады? Қажетті химиялық реакцияларды жазып,  дәлелдеңдер.

№2 тапсырма. 2-деңгей.

Аммоний хлориді мен натрий сульфатын қалай ажыратуға болады?

Қажетті реакция теңдеулерін жазыңдар.

№3 тапсырма: 3-деңгей.

Натрий хлориді, аммоний хлориді және аммоний сульфаты тұздарын ажыратуға байланысты жоспар құрып, дәлелді реакция теңдеулерін жазыңдар.

Аммиакты алуға байланысты тәжірибе жасаған жағдайда газдың сынапта жиналып, қалмауын қатаң бақылау қажет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11-сынып. Бақылау жұмысы.

Тақырыбы: «Органикалық заттар»

Мақсаты: Оқушылардың органикалық заттар туралы алған білімдерін жүйелеп, нақтылау. Деңгейлік тапсырмалар арқылы әрбір оқушыға өз білімін көрсетіп, біліктілігін анықтауға мүмкіндік беру, пәнге деген көзқарасын қалыптастыру.

                                          1-тапсырма.

Берілген заттар.:

1-нұсқа 2-нұсқа
1) СН3ОН 2) С3Н8 1)CH≡CH 2) CH4
3) CH2=CH-CH3 4) C12H22O11 3) CH3-CH2-OH 4) H-C=O

\

H

5) NH2-CH2-COOH 6) C6H6 5) CH3-COOH 6) CH2=CH2
7) CH3-C=O

\

H

8) CH3-COOH 7) C6H12O6 8) HCOOH

                                            1-деңгей.

а) Жоғарыда берілген әрбір заттың класын анықтаңдар.

ә) 2,8 заттардың құрылыс формуласын жазыңдар.

б) 1,6 заттарды атаңдар.

                                             2-деңгей.

а) 1деңгейге сай.

ә) 2,5 заттардың құрылыс формуласын жазыңдар.

б) барлық жоғарыда берілген заттарды атаңдар.

                                               3-деңгей.

а) Барлық заттарды атап, олардың қандай класқа жататындығын көрсету.

ә) 2,3 заттарды бір-бірінен айыратын химиялық реакцияны жазыңдар (1-нұсқа) 1және 8 заттарды (2-нұсқаға)

                                                2-тапсырма.

Келесі айналымдарды іске асыратын химиялық реакция теңдеулерін жазып, осы құбылыстардың жағдайларын көрсетіңдер.

                                                1-деңгей.

                                              1-нұсқа.

СН3—СН2— СН3→ СН2= CH-CH3→ полипропилен

                                             2-нұсқа.

CH3-CH2-OH → CH2=CH2→ полиэтилен.

                                          2-Деңгей.

                                          1-нұсқа.

CH3-CH3→ CH2=CH2→CH3-CH2-OH→ CH3-C=O

\

H

 

 

                                              2-нұсқа.

CH3-CH2-OH → CH3 –C=O    →CH3-COOH →CH3COOCH3

\   H

3-деңгей.

1-нұсқа.

СН4→СО2→ С6Н12О6→ СН3-СН2-ОН→ СН2= CH2

2-нұсқа.

CH3-C=O      → CH3-COOH → CI-CH2-COOH→ H2N-CH2-COOH→ дипептид

\   H

3-тапсырма.(қосымша)

 

1-нұсқа. 2-нұсқа.
1деңгей Сірке қышқылы Этил спирті
2деңгей Полиэтилен этиленгликоль
3деңгей глицерин Глюкоза.

 

Заттың формуласын жазып, оның алыну жолын көрсетіп, тұрмыстағы және өндірістегі қолданылуы туралы сипаттама беріңдер.

Үшінші деңгейге осы заттың сапалық анықтау жолын жазу.

Келесі бетте 2005-2010 оқу жылындағы оқушылардың химиядан алған  білім сапасының моноторингі көрсетілген.