«Білімді мыңды жығар» химия кеші

 

Тақырыбы: «Білімді мыңды жығар»  химия кеші         

Мақсаты:

  1. Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру, олардың пәнді игеруге деген қажеттіліктерін туғызу, ынтасын арттыру.
  2. Химия ғылымының қоғамдағы космосты игеру, атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолдану, жасанды заттарды синтездеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру, жаңа энергия көздерін табу, табиғи шикізат көздерін игеру, тұрмыста, медицинада т.б жерлерде қолданылатын химия өнімдерінің маңызын оқыту.
  3. Химия пәнінің қажеттілігі мен өзектілігін, маңызын айтып, оқушылардың химиялық білімдерін дамыту.

Сайыстың кезеңдері:

  1. Сәлемдесу
  2. «Біліміңді сына» сұрақ-жауап
  3. «Кім жылдам?» жылдамдық сайысы
  4. Жарнама «Химия айналамызда»
  5. Топ басшыларының сайысы
  6. Қорытынды

Химия кеші «Мектебім» әнімен ашылады.  (Ақтөбем әнінің әуенімен)

  1. Мектебім – білім ордасы-ай, 2. Мектебім білім кемесі –ай,

Балалар білім алған – ай.                                         Мектебім орда киелі –ай.

Арнаймыз әнімізді – ай,                                           Әртүрлі ғылым саласын

Шәкірттер білім алған- ай.                                      Оқытып тәрбиелейді.

Мектебім жайнап тұрған – ай,                                Сүйікті ұстаздарым – ай,

Жастары сауық құрған – ай.                                    Ақылды ұстаздарым – ай.

Білімді бізге үйретер                                                Қуантсын  оқушыларың

Ұстаздар аман болың- ай.                                         Шетінен болып дарынды-ай

Қайырмасы: Жайнаған сәнімсің,

Айтатын әнімсің.

Мектебім сүйікті

Қаламның сәнісің.

Мектебім менің

Мектебім менің

Сүйікті мекенім.

І бастаушы:   — Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, жиналған қауым!

ІІ бастаушы:  -Саламатсыздар ма, қымбатты сайысқа қатысушылар!

І бастаушы:   -Бүгін сіздер мектебіміздегі химия-биология апталығының аясында өтіп жатқан

«Химия айналамызда» кешінің куәсі болмақсыздар.

ІІ бастаушы:   Бұл кеште мектебіміздің 9 сынып оқушыларынан құралған 4 топ өз білімдерін

сарапқа салып, бақтарын сынамақшы Ендеше сайыскерлерді шақыруға рұқсат етіңіздер.

І бастаушы:   9 а класының __________________________тобы

ІІ бастаушы:   9 ә класының__________________________ тобы

І бастаушы:    9 б класының__________________________ тобы

ІІ бастаушы:  9 в класының __________________________ тобы

І бастаушы:   Әр топтың сайысқа қатысатын кезегін анықтау үшін нөмір суыруларыңыз сұралады. (нөмір суырып болғаннан кейін сол рет бойынша тұрғызылады.)

ІІ бастаушы:  Сайыстың әділ бағасын беріп, сайыскерлерімізді бағалайтын қазылар алқасымен таныс  болыңыздар 1. ____________________________________________________

  1. ____________________________________________________
  2. ____________________________________________________

 І бастаушы: Сәлем беріп отырған жалпыңызға,

Беріктігін білдіріп салтымызға.

Жеңіс деген біздерге сол емес пе,

Үлгі, өнеге қалдырсақ артымызға.

ІІ бастаушы: Жоқ ешкімнің шатасы,

Үлкендердің батасы.

Топ басшысы таныстыр

Сәлем — сөздің атасы.

Бүгінгі сайыстың бірінші кезеңі             Сәлемдесу  

І бастаушы:   Химия ғылымдардың бұл төресі,

Оза алмайды жарыста тар өресі.

Біліміңді көрсетер кезің келді

Басталмақшы кезеңіміз келесі

Сайыстың екінші кезеңі  «Біліміңді сына .  Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылып, жауап сұралады.

ІІ бастаушы: Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,

Дән өсті туған өлке сауырында

Ішсең ас, кисең киім, үй жиһазы,

Химия дәру болған болған сауығуға.

Жарыстың үшінші кезеңі «Кім жылдам?»  Бұл кезеңде әр топтың  оқушылары берілген тапсырма бойынша жауаптарын іздеп табады. Тапсырмалар сандық және сапалық есептер түрінде болады. Ойынды барлық топ бір мезгілде бастап, бірге аяқтайды. Бәріне ортақ 5 минут беріледі. (Берілген торкөздер бөлек-бөлек қиылып, оқушыларға араласқан күйде беріледі, олар жұптастыру керек)

 

 

HNO3

(диссоциациясы)

 

АІ(NO3)3

(диссоциациясы)

 

AI(ОН)3

(диссоциациясы)

 

BaCI2

(диссоциациясы)

 

H2SO4

(диссоциациясы)

 

Ең ауыр металл

 

      

Н+ + NO3

 

 

АІ3++ 3NO3

 

AI3++3ОН

 

Ba2++2CI

 

 

2H+ +  SO42-

 

 

Осмий

 

 

KNO3       

(диссоциациясы)

 

 

           ZnCO3

(диссоциациясы)

 

        NaHCO3

(диссоциациясы)

 

           CaSO4

(диссоциациясы)

 

 

Ең қатты металл

 

Ең жеңіл металл

 

К+ + NO3

 

 

Zn2++CO2-3

 

Na++H++CO2-3

 

      Ca2++SO2-4

 

Хром

 

Литий

         

КОН

(диссоциациясы)

 

Na2CO3

(диссоциациясы)

 

 

NaCI

(диссоциациясы)

 

 

   H2SO            

(диссоциациясы)

 

 

Ең қиын

балқитын металл

 

 

 

   Ең иілімді металл

        

К+ + ОН

 

 

2Na+ + CO2-3

 

Na++CI

 

2H+ +  SO32-

             

 

Вольфрам

 

 

Алтын

І бастаушы:   Химия – жыр, әніміз, шаттанамыз,

Табысын пайдаланып, мақтанамыз.

Кең байтақ кенге толы Қазақстан

Қойнауы алтын – күміс, жатқан аңыз.

Төртінші кезең Жарнама «Химия айналамызда»  Әр топқа 2 минут уақыт беріледі.

Тұрмыста қолданылатын әр түрлі заттардың біреуіне химиялық құрамын, қолданылуын жарнамалайды.

ІІ бастаушы: Ойхой, шіркін, мына заман аламан,

Аламанға шын жүйріктер жараған.

Дода жарып, алға шыққан ерекше

Еңбегіңді біз ерлікке балаған.

Келесі кезең «Топ басшыларының сайысы» Ортаға әр топтың топ басшыларын шақырамыз. Әр топ басшысына бөлек-бөлек лездік сұрақтар оқылады. 30 секундта 10 сұрақты тыңдап, жауап беріп үлгеруі керек. Қойылған сұрақтың жауабын білмесе «келесі» деген сөзді айту арқылы келесі сұрақты тыңдауына болады.

1-капитанға

  1. Сулы ертінділері, балқымалары электр тогын өткізетін заттар (Электролиттер)
  2. Зарядталған атомдар немесе атомдар тобы (ион)
  3. Оң зарядталған иондар (катион)
  4. Күкірт қандай валенттіліктер көрсете алады? (ІІ, ІҮ, ҮІ)
  5. Өткір иісті, ауадан 2 есе жеңіл, тұншықтырғыш газ, 200С – та 0,85 МПа қысымда сұйылады (аммиак)
  6. Азот қышқылының тұздары қалай аталады? (нитраттар)
  7. Жылу, электр тогын өткізгіш, жылтыры бар, иілімді заттар (металдар)
  8. Ең қиын балқитын металл (Вольфрам)
  9. Заттың көрінбейтін ең кіші бөлшегі (атом)
  10. ІІ топтың негізгі топшасының элементтері (сілтілік жер металдар)

2-капитанға

  1. Сулы ертінділері немесе балқымалары электр тогын өткізбейтін заттар (бейэл-тер)
  2. Диссоциацияланғанда гидроксотоп иондарын бөліп шығаратын заттар (негіздер)
  3. Теріс зарядталған иондар (аниондар)
  4. Күкірт қышқылының формуласы ( Н24)
  5. Азоттың маңызды оксиді (NO2)
  6. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері (графит, алмаз)
  7. Ең ауыр металл (осмий)
  8. Сұйық металл (сынап)
  9. Қазақстанның кендер картасын жасаған ғалым (Қ.И.Сәтбаев)
  10. Қышқыл, сілті ертінділерінде түсін өзгертетін заттар (индикатор)

3-капитанға

  1. Электролиттердің иондарға ыдырау процесі (диссоциация)
  2. Диссоциацияланған кезде сутек иондарын бөліп шығаратын заттар (қышқылдар)
  3. Тұздардың сумен алмасу реакциясына түсуі (гидролиз)
  4. Күкірт (ҮІ) оксидінің формуласы (SO3)
  5. HNO3 қандай заттың формуласы (азот қышқылы)
  6. Ортофосфор қышқылының формуласы ( Н3РО4 )
  7. Ең жеңіл металл (литий)
  8. Электр тогын күшті өткізетін металдар ( күміс, мыс, алюминий )
  9. Металдардың сыртқы электрон қабатында қанша электрон бола алады? (1-3)
  10. Химиялық реакциялардың жылдамдығын арттыратын, реакция соңында жұмсалмай қалатын заттар ( катализаторлар)

4-капитанға

  1. Электролиттік диссоциациялану теориясын кім ашты? (С.Аррениус)
  2. Диссоциацияланған молекулалар санының ертіндідегі жалпы молекулалар санына қатынасы (диссоциациялану дәрежесі)
  3. Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері (кристалдық, аморфты)
  4. Бұл элемент ауа құрамында 78% болады (азот)
  5. Күкірт қышқылының тұздары қалай аталады (сульфаттар)
  6. Кәдімгі құмның формуласы қандай? (SiO2)
  7. Ең қатты металл (хром)
  8. Қоршаған орта әсерінен металдардың бүлінуі (коррозия)
  9. І топтың негізгі топшасының элементтері (сілтілік металдар)
  10. Реакция кезінде сіңірілетін немесе бөлінетін жылу мөлшері (жылу эффектісі)

І бастаушы: Жұлдызды боп туғандар аз өмірде,

Болғанымен әркімнің де көңлінде.

Дарындылық адамзатқа жарасқан,

Ұтып алған алқа тұрса өңірде

«Білімді мыңды жығар» кешінің қорытындысын айту үшін сөз қазылар алқасына беріледі. (Әділ қазылар құттықтап болғаннан кейін)

ІІ бастаушы: Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,

Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.

Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан

Ала берің жарыс сайын бас бәйге, — деп бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз.

ӘН: «Өркенде, шалқы химия»  («Ұстазым» әнінің әуенімен)

Өркенде, шалқы  химия

  1. Химия- жыр әніміз, шаттанамыз,

Табысын пайдаланып, мақтанамыз.

Кең байтақ кенге толы – Қазақстан

Қойнауы алтын-күміс, жатқан аңыз

Жайна да гүлден жер, қия,

Көңілге шабыт-нұр құя

Беделің артып өркенде

Аймақты қамтып химия,

Өркенде, шалқы химия!

  1. Химия – ел ырысы, ғасыр үні,

Ғылымға қазіргі зор басын иді.

Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған

Ашылды табиғаттың жасырыны

Жайна да гүлден жер, қия,

Көңілге шабыт-нұр құя

Молшылық көзі-химия

Апат та өзі — химия,

Тылсым ғылым бұл — химия!

  1. Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,

Дән өсті туған өлке сауырында.

Ішсең –ас, кисең – киім, үй жиһазы

Химия дәру болған сауығуға.

Иіткен тас, саз, құмды да,

Сенен зор, өктем туды ма?

Соғысқа сорға, қатерлі жолға

Жұмсалмасын химия

Жұмсалмасын химия

Жайна да гүлден жер, қия,

Көңілге шабыт-нұр құя

Беделің артып өркенде

Аймақты қамтып химия.

І бастаушы:   Бүгінгі химиялық кешіміз осымен аяқталды, ден қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

ІІ бастаушы:  Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!