Металдардың құрылысы және физикалық қасиеттері. Металдардың химиялық қасиеттері. Электрохимиялық кернеу қатар.

Сабақ тақырыбы:Металдардың құрылысы және физикалық қасиеттері.

Металдардың химиялық қасиеттері. Электрохимиялық кернеу қатар.

Мақсаты: Металдардың физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу.
Тәрбиелеу мен оқыту міндеттері:Білімділік – электр және жылуөткізгіштігі, металдық жылтыры, иілімділігі (пластикалығы), балқу температурасы, тығыздығы, қаттылығы, құймалар мен кернеулік қатар туралы білім-білік қалыптастыру.

Дамытушылық — топ оқушыларының металдар туралы түсініктерін кеңейту;

Тәрбиелік–пәнге қызығушылықтарын арттыру, ізденуге, жеке жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

Оқыту нәтижелері:—         металдардың электр және жылуөткізгіштігімен танысады;

—         металдардың жылтырлығын, иілімділігін, балқу температурасы мен тығыздығын, қаттылығын ажырата біледі.

—         металдардың электрохимиялық кернеу қатарында элементтердің орналасу реттілігін анықтайды;

—         шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады, өзбетінше ізденеді;

—         білімдерін жүйелейді, жетілдіреді.

Әдіс-тәсілдері:«Серпілген сауалдар», «3 қатар — 3топ », «Сен білесің бе?», Зертханалық жұмыс.
Сабақтың түрі:Білімді жүйелеу сабағы
Көрнекі құралдары:Интерактивті тақта, постерлер, таратпа қазғаздар, химия оқулығы, зертханалық жұмыс дәптері.
Негізгі ресурстар:Химия оқулығы 10 сынып Н.Нұрахметов, К,Б. Бекішев, Н.А. Заграничная, 2014 ж, Д.И. Менделлевтің периодтық жүйесі.
Негізгі идеялар:Металдардың химиялық және физикалық қасиеттері жайлы білімдерін жүйелеу, ерекшеліктерін саралай білуге үйрену, есеп шығару дағдылары қалыптасады.
Қамтылған модульдерОқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, АКТ, ОүБ, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Кезеңдері, уақыты

және ескертулер

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру

кезеңі

(10 мин)

БІЛУ

1.       Амандасу, түгелдеу.

Ынтымақтастық  ортаны қалыптастыру.

 

1.     Оқушылар амандасады. Кезекші сабақта неше оқушы жок екенін айтады.

Мұғаліммен бірге шеңбер бойында оқушылар таратпа қағаздар алады, сол элементтің ПЖ орнына сипаттама береді.

2.  «Тізбектелген 5 металл» 5 топқа бөліну: «Серпілген сауалдар» 2. ПЖ орналасуы бойынша металдарды бес-бестен 5 топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту , үй тапсырмасын сұрау. (20 мин)

ТҮСІНУ

 

3.     «Біз білуге тиіспіз …»  оқушыларға тапсырмалар беріледі.3. Оқушылар берілген тапсырма бойынша оқулықпен жұмыс жасап, түсіндіреді.

І – топ. Ме электр және жылуөткізгіштік.

II – топ. Ме тығыздық, металдық жылтыр.

III – топ. Ме иілгіштік, балқу температурасы.

IV – топ. Ме қаттылық, металдардың табиғатта таралуы

V – топ. Ме электрохимиялық кернеу қатар.

4.  Тапсырманы қорғау үшін «Жүгіртпе қағаз» жіберу арқылы бір топ екінші топтан, химия сабағында сирек сабақ айтатын оқушының атын жазады.4. Тапсырманы «Жүгіртпе қағазда» аты жазылған оқушы қорғайды. Өз топтары оқушының ойын толықтырып, формативті бағалап отырады.
Мағынаны тану

(12 мин)

ҚОЛДАНУ

 

 

ТАЛДАУ

 

 

5. «Ой толғау»

Оқулықпен жұмыс.

5. І – топ. №2, 127-бет.

II – топ. №3, 127-бет.

III – топ. №4, 127-бет.

IV – топ. №5, 127-бет.

V – топ. №6, 127-бет.

6. «Шығармашылық жұмыс».

Құйма деген не?

Қандай Ме-дың құймаларын білесіңдер?

Тұрмыста қолданылатын құймалар?

6. Білетін құйма түрлерін еске түсіреді және танысады.
7. Формативті бағалау.7. Топтар бір-бірінің жұмысын ауызша бағалайды?
Бағалау

(2 мин)

9.Оқушылардың бір-бірін формативті бағалағанын ескеріп, мұғалімнің сумативті бағасы9.Оқушылар күнделікке бағаларын қойдырады.
Үйге тапсырма

(1 мин)

10.§4.3 және 4.4 оқу.10.Тақырыптарды оқып, соңындағы сұрақтарға жауап қарастырады.