Бейметалдар тақырыбына эксперименттік есептер шығару

Тақырыбы: Бейметалдар тақырыбына эксперименттік есептер шығару

Оқыту мақсаты: Бейметалдардың қасиеттері мен қосылыстарын  еске түсіріп, тақырып бойынша

эксперименттік есептерді шешу

Реактивтер мен құралдар: Сынауық қоятын тұрғы, сынауықтар. Тұз қышқылы, натрий гидроксиді,

натрий карбонаты, аммоний сульфаты, барий нитраты, қатты калий карбонаты,

аммоний нитраты, натрий фосфаты, лакмус және фенолфталеин ерітіндісі.

Практикалық жұмысты орындау үшін оқушыға қойылатын талаптар:

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін мұқият сақтау .

Орындалған жұмысқа дұрыс қорытынды жасау.

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастыру

  1. Практикалық жұмысты орындау

№1  Бар реактивтерді пайдаланып, төмендегі айналуларды іс жүзіне асырыңдар:

CuSO4 → Cu(OH)2 → CuCI2

реакциялар не себепті аяғына дейін жүретінін түсіндіріңдер.

№2  Үш сынауықта: натрий сульфаты, калий (натрий) карбонаты, аммоний хлоридтерінің

ерітінділері бар. Тиісті реактивтерді пайдаланып, әр сынауықтағы заттарды анықтаудың

жоспарын құрып, тәжірибені жүргізіңдер.

№3  Аммоний сульфатының (NH4)2SO4 құрамын дәлелдейтін сапалық реакцияны іске асырыңдар.

№4  Қажет реактивтерді пайдаланып, төменде берілген реакцияны жүзеге асыратын тәжірибені

орындаңдар:

1) 2Н+ + СО32- = Н2О + СО2

2) Cu 2+ +  2ОН= Cu(OH)2

3) Са2+ + СО32- = СаСО3

Реакция теңдеулерін молекулалық, толық және қысқартылған иондық тұрғыда жазыңдар.

 

Қосымша тапсырма

  1. Екі стақанда жазуы жоқ мыс (ІІ) сульфаты мен натрий силикаты ерітінділері бар. Оларды қандай тәжірибенің көмегімен анықтауға болады?
  2. Лабораторияда мынадай реактивтер бар:

а) калий гидроксиді ерітіндісі;

ә) қатты натрий карбонаты;

б) азот қышқылы ерітіндісі;

в) мыс(ІІ) хлориді ерітіндісі. Осыларды пайдаланып, қанша жаңа зат алуға болады? Тиісті реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазып, реакцияның жүру белгісін көрсетіңдер.

  1. Әуелі жұмысты орындаудың қысқаша жоспарын құрып, байқағандарыңды сол реттілікпен

қорытындылап жазыңдар.