«Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы. Изотоптар»

Сабақтың тақырыбы: «Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы. Изотоптар»

        Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Атом құрылысы жайлы білімді нақтылау. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі рет нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру. Атом құрылысының күрделілігіне байланысты периодтық заңның қазіргі кездегі тұжырымдамасын айту.

Дамытушылық: Реакция теңдеулерін құрастыруды, реактивтермен жұмыс жасай білу дағдысын дамыту. Химиялық заттарды өмірмен байланыстыра білу, оқушылардың білім деңгейлерін тексеру.

            Тәрбиелік: Мамандыққа бағдарлау, талдау салыстыра білу қабілеттері дамыған, шығармашылықпен жасай алатын оқушы тәрбиелеу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

            Көрнекі материалдар:

Интерактивті тақтадағы сызбанұсқалар, слайдтар, химиялық реактивтер: натрий гидроксиді, тұз қышқылы, күкірт қышқылы, кальций оксиді, сынауықтар, шыны таяқшалар.

 

                                               Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  1. Сыныпты сабаққа дайындау
  2. Амандасу, сабақта жоқ оқушыларды журналға белгілеу
  3.  Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сан ғасыр жете алмаған байтақ арман            Электрон, протон реттік нөмірге тең

Негізі бұл әлемнің шайқап алған                     Нейтрон сонша атомдық массадан кем

Алпыс үш элементті зерттеп біліп                   Период топпен реті элементтің,

Кезінде Меделеев заң ғып жазған.                   Білдірген атом ішін ғажап қой ең.

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Сергіту. «Графиктік диктант»

1) Атомдар мен молекулаларды граммен өлшейді.

2)  1 моль су ішсең шөлің қанады

3)   Бейорганикалық химияның негізгі төрт класы бар

4)  Ауаның 78% — і оттек

5)   Химиялық элементтердің периодтық  заңы 1896 жылы ашылды

6) Сутек атомының салыстырмалы атомдық массасы 1 – ге тең

7) I, II, III периодтар – үлкен периодтар

  1. «Кім жылдам » ойыны. Берілген жартылай формулалардан күрделі заттың формуласын құрастыр: Na…, AI 2…,  K 2…,  SO 4…,  (SO 4) 3, Ca 3…,  (РО 4) 2
  2. «Менің көршілерім» ойыны

Стрелканы элементтердің металдық қасиеті кеміп, бейметалдық қасиеті арту жағына қарай орналастыр

                    1 топ                                                      2 топ

     

        Be                              O                            N                        Mg

          ↑

Na→Mg→Al            P      S      CI            Si    P   S             K   Ca   Se

         ↓

         Ca                            Se                           As                        Sr

 

  1. «Сиқырлы айналулар» (эксперимет жарысы)

1) Бейтараптану реакциясы нәтижесінде натрий хлоридін алу.

2) Мыс сульфатын алу

III. Негізгі бөлім 

    Әрбір зат млекулалардан, ал молекулалар атомдардан түратынын сіздер физика және химия пәндерінен оқып үйрендіңдер.

1911 жылы ағылшын ғалымы Эрнест Резерфорд атом құрылысының «планеталық» моделін ұсыннды. Бұл модель бойынша атомның ортасында оң зарядталған ядро бар, ал оны электрондар айналып жүр(Эл. оқулық, Резерфорд портреті мен өмірбаяны ) электрон теріс зарядталған ең кіші бөлшек. Жалпы алғанда атом электрбейтарап. Периодтық жүйеде орналасқан өрбір элементтің реттік нөмірі сол элемент атомдарының ядро зарядына, сонымен қатар, ядро сыртын айналып жүрген электрон санына тең болады. Мысалы, сутек элементінің реттік нөмірі 1, атом ядросының заряды +1, ядросының сыртынан -1 болатын бір электрон айналып жүреді. (гелий, т.с.с.)

Атом құрылысын одан әрі зерттеу кезінде, оның ядросының құрамына протондар және нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды. (инт.тақтамен жұмыс ) Протонның таңбасы р, заряды +1, ал салыстырмалы атомдық массасы 1- ге тең болатын бөлшек. Ядродағы протон саны элементтің реттік нөміріне (Z) тең. Мысалы азот элементінің реттік нөмірі Z=7-ге тең, демек ядродағы протон саны 7, ядроның сыртынан 7 электрон айналып жүреді, азоттың ядросының заряды да +7 деген сөз. Ол қысқаша былай жазылады:14 N (7р, 7п) 7е.

7

Нейтрон (п)- массасы 1-ге тең, бірақ зарядсыз бөлшек. Ядродағы протон мен нейтронның массасы сол элементтің атомдық массасына тең: Аr = Z+Nr, мұндағы Аr — салыстырмалы атомдық масса , Z- реттік нөмірі, N- нейтрондар саны. Осыған орай нейтрондар санын да есептеуге болады: N= Ar – Z

Сендер берілген элемент атомы ядросының протон саны бірдей, соған орай ядро заряды бірдей болатынын білесіңдер. Бірақ осы элемент атомының ядроларында нейтрон саны өр түрлі болуы мүмкін. Төжрибе арқылы табиғы магнийде массасы 24,25,26 болатын атомдар бар екені анықталған. Магний   -24- те 12 протон, 12 нейтрон, магний- 25-те 121протон, 13 нейтрон, ал магний- 26- да 12протон, 14 нейтрон болады.бұлар изотоптар деп аталады. Изотоптар дегеніміз- ядроларында протон саны бірдей, бірақ, массалары әр түрлі белгілі бір элементті құрайтын атомдар түрі. Изотоптарды белгілеу үшін  элементтің химиялық белгісінің сол жақ шекесіне протондар мен нейтрондардың жалпы санын көрсетіп индекс қояды, мысалы, хлор 35 изотопы -35 CI(17р, 18п). Берілген элемент изотопының ядро зарядтары бірдей болғандықтан, оның электрон саны да өзгермейді, сондықтан химиялық қасиеттері де бірдей. Осыған орай химиялық элементке мынадай анықтама беруге болады: химиялық элемент дегеніміз- ядро зарядтары бірдей атомдардың белгілі бір түрі.

Хлордың орташа атомдық массасын анықтау.

 A r (CI) 35 *  0,7553+37 * 0,1447= 35,453= 35,5

III. Жаңа тақырыпты бекіту.

1) Кітаппен жұмыс 146 бет, № 1,2 жаттығулар, 148 бет№2 жаттығу

2)ТЕСТ

Алюминий атомының ядросында:

А) 26    ә) 13   б) 27 протон бар

Алюминийдің атомдық массасы

А) 26     ә) 13      б) 27

Алюминий атом ядросында

А) 26       ә) 13      б) 27 электрон бар

Алюминий атом ядросында

А) 26       ә) 13      б) 27 нейтрон  бар

 

 ІҮ. Үй тапсырмасы.

& 53,  54,  55 оқып түсінік айту, № 3,4 жаттығу 146, 148 беттер, 159 бет № 1,2,3,4 жаттығулар

 

      Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық химияның негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс (8 сын.)

       Сабақтың мақсаттары:

        Білімділік:Бейорганикалық химияның негізгі кластары жайындағы оқушылардың білімін жүйелеу. Осы кластар арасындағы генетикалық байланыстыоқушыларға түсіндіру. Тақырып бойынша оқушылардың білімін ойын арқылы жетілдіру.

       Дамытушылық: Мамандыққа бағдарлау, талдау салыстыра білуқабілеттері дамыған,шығармашылықпен жасай алатын оқушы тәрбиелеу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

        Көрнекі құралдар: Интерактивті  тақтадағы сызбанұсқалар, химиялық домино,химиялық реактивтер: натрий гидроксиді, тұз қышқылы, күкірт қышқылы, су, магний, мырыш, темір, мыс хлориді, калций оксиді, сынауықтар, шыны тақшалар.

Сабақтың барысы

     I.Ұйымдастыру бөлімі

  1. Сыныпты сабаққа дайындау
  2. Амандасу, сабақта жоқ оқушыларды журналға белгілеу
  3. Сабақтың мақсатымен таныстыру
  4. Үй тапсырмасын тексеру

Қызық думан, өміріміз ғаламат!

Жарқырап күн көзінде болашағы

Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ

Химия қиындықпен таласады

Қыруар істің қайсысында  болса да,

Химия- ырыс- құтты көкке шырқай Құдыретті химия жүр аралап,

Ертеңгі болашаққа жол ашады.

     Сұрақтар:

  1. Химияның негізгі кластарын атаңдар.

 

 

 

 

Бейорганикалық

Б       химияның негізгі типтор

кластар

 

Оксидтер                                                                                     Тұздар

 

Қышқылдар                     Негіздер

 

Негізгі кластардың анықтамаларын айтыңдар

  1. Негізгі бөлім.

   1.Химиялық домино.

  1. Химиялық формула бойынша кластарға жіктеу

Әр қатардан оқушылар шығып, берілген формулаларды кластарға жіктейді:

Na2 SO4, CuO,  CuSO4,  H 2SO4,  NaOH,  H 2O,  Ca( OH ) 2 , HNO 3,  Fe( SO 4) 3,  MgO, KOH,  HCI

3.«Көремін, қорытындылаймын» ойыны.

Магний , мырыш, мыс салынған сынауықтарға 1- 2 мл тұз қышқылы ерітіндісі құйылады. Қандай өзгерістер байқалды?

Неге мыс қышқылмен әрекеттеспейді? Реакция деңдеулерін жазыңдар.

  1. «Химиялық эстафета » ойыны

Интерактивтегі тақтадағы сызбанұсқаны пайдаланып, берілген тапсырманы орындағанда «Бейорганикалық химияның негізгі кластарының арасындағы генетикалық байланыс» дәлелденеді.

К                      Металл                                              Бейметалл                                  S

 

К2 О              Негіздік оксид                                     Қышқылдық оксид                   SO3

 

КОН               Негіз                                                    Қышқыл                               H2 SO4

 

 

 KCI                   Тұз                                                       Тұз                                       CuSO4

Әрбір жай заттың да, күрделі заттың да өзіне тән ұқсас және әр түрлі қасиеттері болады.

Соған байланысты олардың бір – біріне айналу заңдылықтары ескеріледі. Мысалы, бастапқы жай зат металл болса, ол оттек пен қосылып негіздік оксид түзеді. Егер ол оксидті сумен әрекеттестірсек негіз аламыз. Ал, негізден тұз алуға болады.

Егер де жай зат бейметалл болса, онда алдымен қышқылдық оксид тұзіледі, оны сумен әрекеттестіріп қышқыл алуға болады,одан кейін тұз алынады. Мұндай өзара ұқсастық арқылы генетикалық байланыс іске асады. (грекше «генезис» — шығу тегі деген мағынаны білдіреді.) Жеке  кластардың жеке байланысы арқылы заттардың бір – біріне айналуы генетикалық (тектік) байланысқа жатады. Көптеген металдар мен бейметалдар, олардан алынатын оксидтер мен гидроксидтер реакцияға түсіп, әрқайсысы өзіне тән қасиет көрсетеді, осының соңында тұздар алуға мүмкіндік туады.

III. Жаңа тақырыпты бекіту.  

  1. Химиялық есеп.

                          Есеп № 1

Лабораторияда тәжрибе жасау үшін 200г оттек керек болды. Оны алу үшін калий перманганатының KMnO4 қандай массасы қажет?

 

                          Есеп № 2

Массасы 48 г алюминийді оттекпен әрекеттестіріп, алюминий оксидінің қандай массасын алуға болады?

 

  1. «Кім жылдам » ойыны.

Берілген заттардың ішінен: O2, H2O,  K,  NaOH,  CuO,  KOH,  K2 SO4,    HCI,  K2 O,  CuSO4  генетикалық қатарды құрайтын заттарды теріп жазыңдар.

  1. Химиялық эксперимент жарысы:

 1 қатар. Жазуы жоқ екі шыны ыдыста екі түрлі ұнтақ бар: 1) калций оксиді, 2) мыс оксиді. Тәжрибе жасамай қалай анықтауға, тәжрибе арқылы қалай анықтауға болады?

       2 қатар. Жазуы жоқ екі сынауықта екі түрлі ерітінді бар: 1) тұз қышқылы, 2) натрий гидроксиді. Индикатордың көмегімен қайсысы қай сынауықта екенін анықтаңыздар.

       3 қатар. Сынауыққа 1мл натрий гидроксидін құйып, үстіне бірнеше тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосып араластыр, түсі қандай болды, үстіне тұз қышқылын қосып шайқа, ерітінді неге түссізденеді?

  1. Үй тапсырмасы.

& 49 оқып түсінік айту, № 5, 6 есептер

                                    Интеллектуалдық марафон

                                 « ХХІ ғасыр көшбасшысы»

 

       Жүргізуші.  –ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Отанымыздың саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтеретін білімді де, мәдениетті, парасатты, денсаулығымыз мықты болып өссек, егемен елімізді әлемге танытарымыз анық.

ХХІ ғасыр – химия ғасыры.

Ақын  Құланбай Көпішев:

Химия — ырыс бұлағы                                        Аялдама, алға ұмтыл,

Шалқыған байлық, мол дәулет                         Құдіретті біздің ой !

Аялап күтіп тұр алда                                         Сендебайлық, сенде ырыс

Болашағымыз – нұр сәулет.                              Сенімен өмір сәні ғой, —

деп жырлайды.

Сонымен ХХІ ғасыр білгірлерін, құрметті ойыншыларымызды ортаға шақырып, қарсы аламыз.

Сайысқа қатысушылар ойын бөлімдерімен, шарттарымен таныстырылады. (әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)

  1. Бәйге.
  2. Атомның планетарлық моделін ұсынған қай ғалым? (Резерфорд)
  3. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым? (С. Аррениус)
  4. азот молекуласындағы химиялық байланыс түрі. (ковалентті полюссіз)
  5. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл. (йод)
  6. Металдардың бұзылуы. (коррозия)
  7. Заттың құрамы мен қасиеті сақталатын ең кіші бөлшегі. (молекула)
  8. Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиеті. (аллотропия)
  9. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады? (силикаттар)
  10. Қазақстанның қазба байлықтарының картасын жасаған кім? (Қ. Сәтбаев)
  11. Ауа құрамында оттектің қанша пайызы бар? (21 %)
  12. Ең ауыр металл. (осмий)
  13. Сұйық металл. (сынап)
  14. Зат массасының сақталу заңын кім ашты? (Ломоносов)

14.Электр тоғын өткізетін қышқыл, тұздар ерітінділері қалай аталады? (элетролиттер)

  1. Бейэлектролиттер дегеніміз не? (электр тоғын өткізетіндер)

Бұл сайыстан барлығы келесі сайыстың бөлімінде ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

  1. II. Полиглот (екі бөлімнен тұрады)

1 – ші бөлім. Жеті жұрттың тілін біл. (химиялық элементтерге жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек).

  1. Өзім газбын менімен демаласың,

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.

(оттек, кислород, оксигениум)

 

  1. Осы затпен ескі үйді аластайды,

Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.

(күкірт, сера, сульфур.)

  1. Ең жеңіл элемент саналады,

Периодтық жүйе осыдан бастау алады.

(сутек, водород, гидрогениум)

  1. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады.

(қорғасын, свинец, плюмбум.)

  1. Машина мен трактордың жаны,

Қара металлургияның наны.

(темір, железо, феррум.)

  1. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді,

Салмақты адамды мақтауды да келістіреді.

(күміс, серебро, аргентиум)

  1. Өзі жылтыр күмістей Жеңілдігін ескерсең,

Жұмсақтығы тағы бар.       Пайдаланар жері табылар.

(алюминий, алюминиум)

   2 – ші бөлім. Жұмбақ жасырылады, табылған заттың атын, формуласын атайды.

  1. Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,

Кім бар ортада оны білмес. (ас тузы — NaCI)

  1. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге. (су – H2O )

  1. Ес- түссіз адам талып қалса кейде,

Иіскетсең есін жияр ол лезде. (мүсәтір спирті – NH4OH)

  1. Адаммен жануардан бөлінеді,

Өсімдіктің торына ілігеді. (көмірқышқыл газы – CO2)

  1. Жер бетін күннің ультракүлгін сәулесінен қорғайды,

Өзін оттектің үш атомы құрайды. (озон – O3)

  1. Аяғыңның астында жататын зат,

Тауға айналып, тас болып қататын зат. (кремнезем, құм – SiO2)

  1. Құрғақ жерде сақтайсың ,

Онсыз тамақ татпайсың (ас тұзы — NaCI)

III.    «Ғажайып жетілік»

Сайыстың бұл бөлімінде сұрақтың күрделісіне қарай ұпай саны әр түрлі болады.

1.20. Тайқазан 7 металдан  құйылған, ол қандай металдар?

(темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)

  • Табиғатта сом күйінде кездесетін металдар. (мыс, күміс, алтын, платина)
  • Халькогендер деп нені айтамыз және халькогендерге қандай металдар жатады? (оттек,күкірт, селен, теллур)

4.30. Табиғатта таралуы бойынша бірінші орында тұрған металл. (алюминий)

5.20. Галогендер деп нені айтамыз? Қандай элементтер жатады? (фтор,хлор,бром,йод,астат).

6.30. Темірдің қанша саламен байланысы бар?Ол қандай салалар?(8,ғарыш,биология,инабат негіздері,медицина,тарих,физика,география,халақтық педагогика).

7.20. Неліктен темір-аспан тасы деп аталған? (себебі метеориттің құрамында бар).

Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

 

  1. «Жорға» (тікелей сұрақтар). Бұл сайыс жылдамдықты, алғырлықты талап етеді.

Бірінші оқушыға:

  1. Na – сілтілік металл.
  2. Сутек – газ.
  3. Фенолфталеин, метилоранж, лакмус – индикатор.
  4. H2SO4 – қышқыл.
  5. NaOH – сілті, күйдіргіш натр.
  6. Ең жеңіл металл – литий.
  7. Ас тұзы – NaCI
  8. Марганцовка – KMnO4
  9. Тұз тұдырушы – галогендер.
  10. Алтын – күміс тас екен, арпа – бидай ас екен.

Екінші оқушыға:

  1. Ауа құрамында оттек неше пайыз – 21%
  2. Мыс кенін тудырушы – халькогендер.
  3. Периодтық жүйені жасаған кім? – Менделеев.
  4. Галогендер – тұз тудырушы.
  5. Ауаның құрамын алғаш анықтаған кім? – Лавуазье.
  6. Авогадро тұрақтысы – 6,023. 10
  7. Сутекті алғаш алған – Кавендиш.
  8. Металдардың кернеу қатарын кім жасады? – Н.Н. Бекетов.
  9. Элемент атомының ядро құрамы – протон, нейтрон.
  10. Ас содасының формуласы – NaHCO3
  • «Егер сіз өз өлкеңіздің табиғатын бақылайтын болсаңыз не істер едіңіз?» тақырыбына қысқа әрі нұсқа ғылыми негізделген  жауап қайтару керек.

  Жүргізуші. Оқушылардың білімдері сыналып, жеңімпаздар анықталды. Алдағы уақытта жоғары дәрежеде көрініп, алда жүре берулеріне тілек айтып, Мұзафар Әлімбаев ағамыздың мына бір өлең жолдарымен сабақты аяқтаймыз.

Туған жерді сүю парыз,                           Қасиетін ұғу — парыз

Сүю үшін білу – парыз.                            Күзетінде тұру парыз