Заттардың құрылымы тарауын қайталау.

 

Сабақтың тақырыбы: Заттардың құрылымы тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Атом құрылысы туралы түсініктерін нығайту.
  2. Тәрбиелік: Білімге деген қызығушылыққа, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: Логикалық ойлау, есте сақтау, танымдылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: қайталау

Сабақта қолданатын әдіс – тәсілдер: интерактивтік

Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, слайд, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Оқушылармен сәлемдесу
  3. Оқушыларды түгендеу
  4. Сыныптың тазалығын тексеру
  5. Үй тапсырмасын сұрау (Ойлан тап)

Атомдар тобына:

  1. Затты құрайтын бөлшектер не деп аталады?
  2. Атомды құрайтын элементар бөлшектер?
  3. Зат құрылымының молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі  үш  қағидасы қалай айтылады?
  4. Диффузия дегеніміз не?
  5. Диффузияның пайдалы жақтарына мысал келтіріңдер?
  6. Заттардың қандай күйлері болады?
  7. Заттардың сұйық күйіне тән қасиеттер?
  8. Ең жеңіл элемент сутегі атомының құрылымы қандай?
  9. Температура бұл қандай шама?
  10. Заттың 4-ші күйі не деп аталады?

 

Молекулалар тобына:

  1. Бөлшектер дегеніміз не?
  2. Молекула дегеніміз не?
  3. Заттардың құрамындағы бөлшектердің үздіксіз қозғалыста болатындығын қандай құбылыс түсіндіреді?
  4. Диффузияның тез болуы қандай шамаға байланысты?
  5. Диффузияның зиянды жақтарына мысалдар келтіріңдер.
  6. Заттардың қатты күйіне тән қасиеттер
  7. Газ күйіндегі заттарға тән қасиеттер
  8. Көмірқышқыл (углерод) атомының құрылымы қандай?
  9. Кельвин шкаласымен Цельсий шкаласының арасындағы байланыс неде?
  10. Заттың 4-ші күйі плазмаға мысалдар келтіріңдер.

 

 

 

  1. Білімін тексеру (кім алғыр)

 

  1. 100г= кг
  2. 30г= кг
  3. 1 л= м3
  4. 4. 40 см3= м3
  5. 36 км/сағ= м/сек
  6. 54 км/сағ= м/сек
  7. 20 см= м
  8. 3 см= м
  9. 9. 24 сағ= мин
  10. 1 тәулік= сағ

 

  1. Бағалау (Кестені толтыр)
Физикалық шамақұбылысдене
  1. Диффузия Бор     3. Ұзындық      4. Қалам
  2. Жылулық 6. Масса 7. Көлем     8. Механикалық   9. Парта
ЗатАспапӨлшем бірлік
  1. Термометр Кг      3. Пластмасса     4. Темір     5. Сызғыш
  2. См 7. Мензурка      8. Ағаш     9. м3
  3. Бекіту (Жұмбақтар сайысы)

 

Атомдар тобына:

А)Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді.

Б) Жүрегінің қуаты 2,2 Вт.

В) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді.

Г) Жердегі ең ақылды кім?

 

Молекулалар тобына:
1. Адам ағзасында бар зат
2. Заттың үш күйінің біреуі.
3. Үш күйде де  бола алады
4. Жерде онсыз өмір жоқ.

 

                              Дене

               

                                Зат

 

 

                         Молекула

 

 

                           Атомдар

 

 

 Электрон          Протон       Нейтрон

 

  1. Үйге тапсырма беру: 8-10 қайталап,  қысқаша эссе жазу