Майлар.
Сабақтың тақырыбы: Майлар.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды майлар туралы жаңа білімді қабылдауға, алған білімдерін қорытындылауға үйрету.
- Өткен және жаңа тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін реакция теңдеулері, формула құру, есептер шығару арқылы анықтау.
- Топпен жұмыс жасай отырып, ұйымшылдыққа, тез ойлауға, жылдамдыққа тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру. «Қызығушылықты ояту»
Оқушыларды түгендеп, сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.
Ұраны: «Білгенге – маржан
Білмегенге – арзан»
ІІ. С. Блум сұрақ қою таксономиясы бойынша үй тапсырмасын сұрау.
Әр топ 2 сұрақтан өткен тақырып бойынша сұрақ дайындайды. Әр топ қойған сұрақтарға жауап береді.
ІІІ . Мағынаны тани білу. Инсерт картасы.
Білемін | Білгім келеді. | Мен үшін жаңалық | Зерттеймін. |
|
Сарапшы парағы таратылады.
І топ. Майлардың табиғатта кездесуі мен маңызы. 216-217 бет.
ІІ топ. Майлардың құрамы мен құрылысы. 218 бет.
ІІІ топ. Майлардың физикалық қасиеттері. 219 бет
ІV топ. Майлардың химиялық қасиеттері. 220 бет.
Жаттығулар мен есептер.
І топ. Майдың биологиялық маңызын ашыңыздар.
ІІ топ. Майдың құрамын синтездеу – эфирлену реакциясы мысалында көрсетіңіздер.
ІІІ топ. Майлардың қасиеттерін көрсететін реакциялардың мәнін ашыңыздар. ( техникадағы майлар, тамақ өнеркәсібі).
ІV топ. Майлардың тотығуы туралы не білесіңдер?
ІV. Ой толғаныс.
Деңгейлік тапсырмалар.
І – деңгей. 1. а) Құмырсқа қышқылының пропил эфирі.
ә) диэтил эфирі.
ІІ – деңгей. 2. 18 г магний сірке қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутек көлемі (қ.ж.) қандай?
ІІІ – деңгей. 3. СН3 – О – С2Н5. Ә) СН3 – С=О— О –СН3
IV – деңгей. №4. Құмырсқа қышқылының 9,2 г этанолдың 9,2 грамымен әрекеттескенде түзілетін күрделі эфирдің массасын есептеңдер.
- V. Бағалау.
- VI. Үй тапсырмасын беру. 3 . Майлар. 1-4 сұрақ. №5 есеп. 222 бет.