«Магний және кальций»

156

Сабақтың тақырыбы: «Магний және кальций»

Сабақтың мақсаты: ІІ А топ металдарының жалпы қасиеттері туралы білімге

сүйене отырып, кальций мен магнийдің жеке қасиеттерін

салыстыру, қарастыру, осы металдардың қасиеттерін

салыстырып, олардың табиғаттағы  ролі мен қолданылуын

сипаттау

дамытушылық мақсаты: жалпы металдар туралы көзқарастарын жетілдіру,

өз бетімен іздену қабілеттерін, алған білімдерін іс-

жүзінде қолдану дағдысын дамыту

тәрбиелік мақсаты: логикалық ойлауға тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын

арттыру

 

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: танымдық ізденіс сабағы

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, кестемен жұмыс, жоба қорғау,

есептер  шығару

Сабақтың көрнекілігі: «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі»

таблица, «Минералдар мен тау жыныстары»

жиынтығы, тақырыпқа сай құрастырылған слаидтар.

Пәнаралық байланыс: информатика, география

Пәнішілік байланыс: химиядан ҰБТ тапсырмалары,

химия (9кл) металдар тарауы

Жаңа  технология: жобалау технологиясы, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Үй тапсырмасын тексеру – интерактивті тақтадағы кесте бойынша ІІ А топ металдарының атом құрылысы мен химиялық белсенділігін сипаттау.

а)  физикалық қасиеттерінің әр түрлілігі неге тәуелді?

б)  химиялық қасиеттерінің периодтық жүйедегі орны бойынша өзгеруі.

  1. Жаңа сабақтың тақырыбын меңгерту бөлімі:

а) кіріспе

б) информатика пәнінен  берілген тапсырмаға орай (оқушылардың) құрастырған жоба бағыты бойынша оқушылардың жұмыстарына назар аударайық: (Гүлназ бен Арухан жобаларын демонстрациялай отырып, жаңа сабақтың материалын түсіндіреді, тақтаға мысалдар жазады – дәптерге жазу!

в)мұғалім қосымша материал арқылы білімді толықтырады. (слайд)

Магний  Англияның Эпсом қаласына жақын жерде минералды көзден алынған суға талдау жасау кезінде ашылды. Дәмі ащы бұл су ХVІІ ғасырдың соңында ғалымдардың назарын аудара бастады. Бұл суды буландырғанда шынының қабырғасында ащы немесе эпсомдық деп аталған ақ түсті тұз қабаты MgSO4 · 7H2 O түзілді. Оны іш өткізетін дәрі ретінде пайдаланды. Шамамен осы уақытқа ғалымдар ақ магнезия – магний карбонатымен де MgСO3  айналыса бастады. Оны қыздырғанда күйдірілген магнезия – магний оксиді түзіледі.

Бұл затты А. Л. Лавуазье қателесіп ары қарай бөлінбейтін жай заттар қатарына қосты.

Алғаш рет магнийді 1808 жылы Гемфри Дэви ылғалды күйдірілген магнезия электрлиздеу арқылы алды. Оның ұсынысымен элемент алғаш Magnium деп атады.

Адам ағзасында шамамен 19 г-ға жуық магний болады. Магний қосылыстары сүйектің қалыптасуына, жүйке жүйесінің жұмысын реттеуге, зат алмасуға қатысады. Күнделікті адамға 300-400 мг магний қажет. Ол біздің ағзамызға нанмен (оның 100г сұлы жармасында 116 мг магний болады) барады. Ал сүт өнімдерінде бұл элемент жеңіл сіңірілетін формада – суда еріген магний цитраты (лимон қышқылының тұзы) түрінде болады. Магний әсіресе жаңғақта көп: 100г 230мг магний болады.

 

  1. Бекіту бөлімі.

а)  деңгейлік тапсырмалар орындау:

ә) слаидта тұрған кестені толтыру

І деңгей – Миржан, Ажар, Нұрлыбай

ІІ деңгей – 322 бет — №7 зертханалық тәжірибе – 2 кестені толтыру

(Минералдар үлгілері бойынша) – Арген, Едіге

ІІІ деңгей – 168 бет №4 жаттығу — Әдемі, Болатбек, Назым

І V деңгей — №5 есеп – Салтанат,. Ерболат, Самал

№6 есеп – Гүлназ, Арухан ҰБТ – мен байланыс – 2007 және 2009 жылғы тест жинағынан тапсырмалар  орындау.

 

  1. Қорытынды бөлімі
  2. Үйге тапсырма №3 жаттығу .