Негіздердің жіктелуі. Алынуы. Қасиеттері

 

Сабақтың тақырыбы: Негіздердің жіктелуі. Алынуы. Қасиеттері

Мақсаты:   Базалық білім негізінде негіздердің құрылысын, жіктелуін,

алу жолдарын және химиялық қасиеттерін қарастыру

Сабақтың міндеттері:

-Негіздердің алу жолдары мен химиялық қасиеттері туралы білімдерін жүйелеу;

-Негіздерді теоретикалық сараптау арқылы оқушының жалпылогикалық ойлау әдіс-тәсілдерін дамыту:анализ, синтез, қорытындылау, жүйелеу, құрастыру;

-Топпен, жұппен жұмыс істеу қабілетін дамыту;

-Оқушылардың өздік рефлексиялық дағдыларын дамыту,

Сабақ типі: Жаңа  ұғымды игеру.

Сабақ түрі:  Жобалау сабақ

Құралдар:  Химиялық ыдыстар,  реагенттер,карточкалар,су,спиртшам.

 

 

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру сәті.

Сабақ ұраны: Ақылды жетілдіру үшін, жаттағанша ,ойлану қажет.

                                                                                                            Р.Декарт

2.Ой қозғау

Өткен тақырып бойынша әнгімелеу (5 мин)

Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше, өйткені  білім алудың  жаңа  сатысына шығамыз.Енді , алдыңғы сабақтарда алған білімдерімізге сүйеніп танымдық іс-әрекетке  аяқ басайық.  Ол үшін бізде керекті біліміміз бар.

— Бейорганикалық заттардың жіктелуін еске түсірейік.

— Оксид дегеніміз не?

— Оксидтер  қалай жіктеледі?

— Негіз дегеніміз не? Қалай жіктеледі? Оларға қандай қасиеттер тән? Ерекшеліктері қандай?

Осы сұрақтарға жауапты бүгінгі сабақта жобалау арқылы табамыз.

Кез келген жобалау жұмысының құрылымын  еске түсірейік:

Тақырып. Келелі мәселе. Гипотеза. Нысана. Міндеттер Әдістер. Қорытынды.

Жұмыстың нәтижесі  жоба   түрінде—«Негіздер» тірексызбасы

3.Топтар құру (1 мин)

4.Жобалау жұмысы (10 мин)

 

Сабаққа қосымша

№1 топтың тапсырмасы

 

Тақырып: «Негіздер»

Келелі мәселе: Негіздердің жіктелуі

Гипотеза:

Нысана:негіздер формулалары

Міндеттер: а)I, II, III валентті элементтерінің  негіздерінің формулаларын

жазыңдар (10)

б)формулаларды қарастырып жіктеңдер.Жіктеу белгілерін

айқындаңдар

Әдістер: теориялық талдау

Қорытынды.

 

№2 топтың тапсырмасы

Тақырып: «Негіздер»

Келелі мәселе: Лабораторияда натрий гидроксидін алу

Гипотеза:

Нысана: Натрий гидроксиді

Міндеттер: а) Натрий гидроксидінің формуласын қарастырып, алу жолдарын

болжау

Тәжірибе  алгоритмі: Сынауыққа  5 мл су құйыңдар. Пышақтың үшіндей

натрий салыңдар. Қандай өзгеріс болатынын

бақылап, реакция теңдеуін жазыңдар.

Әдістер: теориялық талдау, тәжірибе

Қорытынды.

 

№3 топтың тапсырмасы

Тақырып: «Негіздер»

Келелі мәселе: Сілтілердің химиялық қасиеттері, қышқылдық оксидпен және

қышқылдармен  әрекеттесуі

Гипотеза:

Нысана: Натрий гидроксиді

Міндеттер: а) Сілтілердің  оксидтермен, қышқылдармен әрекеттесуін

тәжірибе  түрінде дәлелдеу

Тәжірибе алгоритмі: а)сынауыққа 5 мл натрий гидроксидін құйып,үстінен бірнеше                               .                                                   тамшы ф/ф ерітіндісін құйыңдар.Тамызғыш арқылы тұз

қышқылын құйыңдар.Не  бақыладыңдар?

Әдістер: теориялық талдау, тәжірибе

Қорытынды.

№4 топтың тапсырмасы

Тақырып: «Негіздер»

Келелі мәселе: Ерімейтін және екідайлы негіздердің химиялық қасиеттері

Гипотеза:

Нысана: мыс (II)гидроксиді, алюминий гидроксиді

Міндеттер: Тәжірибе түрінде химиялық қасиеттерін дәлелдеу

Тәжірибе алгоритмі: а) мыс (II)гидроксидін қыздырып айыру

б)мырыш гидроксидінің әрі қышқыл, әрі негізбен әрекеттесу

тәжірибесін жасау.

Әдістер: теориялық талдау, тәжірибе

Қорытынды.

 

№5 топтың тапсырмасы

Тақырып: «Негіздер»

Келелі мәселе: Негіздердің физикалық қасиеттері.

Гипотеза:

Нысана: Натрий гидроксиді, кальций(II)гидроксиді

Міндеттер: Негіздердің физикалық қасиеттерін  қарастырып,сілтілер

индикатор түсін өзгертетінін дәлелдеңдер.

Әдістер: теориялық талдау, тәжірибе

Қорытынды.

 

 

5.Жобаны қорғау (25 мин)

6.Қорытындылау (5 мин)

7.Үй тапсырмасы