Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар

431

 

Бейорганикалық қосылыстардың  арасындағы генетикалық байланыстар

 

«Көптеген заттар бізге түсініксіз, біздің түсінігіміз әлсіз болғандықтан емес, себебі бұл заттар біздің түсінігіміздің ортасына кірмейтіндіктен»

(Козьма Прутков)

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстары формулаларын ажырата алатындығын тексеру.
  2. (оксидтер, қышқыл, негіз, тұз), сонымен қатар химиялық элементтерді Ме және Бе – ға классификациялау.
  3. Логикалық байланысты одан ары қарай жалғастыра алуы, генетикалық тізбек бойынша жылжуы «жай зат – оксид – гидроксид – тұз», практикалық жұмыстарды жүргізу және қорытынды шығара алуға тәрбиелеу.
  4. Органикалық және беорганикалық заттардың бірізділігі туралы білімдерін жетілдіру.

 

Сабақтың түрі: Білім мен біліктілікті жетілдіру, оның систематизациясын білу.

 

Сабақтың типі: Жекелей және топпен химиялық формулалар карточкаларымен жұмыс,                                химиялық теңдеу құруда өз бетімен жұмыс, демонстрациялық эксперимент.

 

І. Ұйымдастыру.

  1. дициплина
  2. сыныптың сабаққа дайындығы
  3. мотивация, сабақ жоспары

 

ІІ. Жаңа тақырып.

 

М: Сабақтың тақырыбы: «Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс».

Бүгін сабақта заттардың бір – біріне айналу фрагменттерін қарастырып, бейорганикалық қосылыстар класстарын еске түсіру, химиялық заттың бірізділігі мен көп түрлілігі жайлы айтамыз.

Біз өмір сүретін материалдық әлем жалғыз сонымен қатар үздіксіз  әртүрлі. Барлығы үздіксіз қозғалыста, үздіксіз ауысуда болады. Бірақ кейде бұл ауысулар тірі ағзаларға, суға, атмосфераға және тау жыныстарына зиянды әсерін тигізеді.

Біз сан рет жапырақтың сарғайып, солуын көбінесе жаңбырдан кейін болатынын байқаймыз. Сіздер неге бұлай болатынын ойланып көрдіңіздер ме?

 

О: Жорамалдауым бойыншы, қышқылдық жаңбырдың әсерінен.

М: Дұрыс, оның қалай және неге түзілетіндігін білесіздер ме?

О: Жаңбыр әрдайым әлсіз қышқыллды қасиет көрсеткен: ауа құрамындағы көмірқышқыл газы сумен әрекеттесіп, әлсіз көмірқышқылын түзеді.

М: Өнеркәсіп пен транспорттың дамуынан жаңбырдың қышқылдығы бірден өсті. Газ өндіретін зауыт орналасқан өңірлерде күкіртсутегі өндіріліп, бөлінеді.

1 сурет. Қышқылды жаңбырдың түзілу схемасы.

 

Күкірт диоксиді атмосфераға еніп, бірнеше химиялық айналуларға ұшырайды да қышқылдың түзілуіне әкеледі.

Күкірт диоксиді бөлшектеп, фотохимиялық тотығудан күкірт триоксидіне (күкірт ангидриді) SO3 айналады, ал атмосферадағы су буымен әрекеттесіп, күкірт қышқылының аэрозолін түзеді.

2SO2 + О2  →  2SO3, SO3 + Н2O → H2SO4.

Төгілетін күкірт диоксидінің негізігі бөлігі дымқыл ауада әдетте күкіртті қышқыл деп аталатын H2SO3 полигидрад қышқылын түзеді  SO2 • nH2O.

SO2 + Н2O →H2SO3.

Күкіртті қышқыл дымқыл ауада күкірт қышқылына біртіндеп айналады.

2SO3 + O2 → H2SO4.

Күкіртті және күкірт қышқылының аэрозольдері атмосферадағы су буының конденсациясына және қышқылды жаңбыр, туман, қардың түсуіне себепші болады.

Қышқыл жаңбыр карбонаттарға әсер етіп, ерімейтін сульфатқа айналады да, суға тұрақты кермектілік береді. Қышқыл жаңбыр металдарға әсер етеді де, олар коррозияға ұшырайды.

2FeSO4 + Н2O +0,5O2 →2 Fe(OHSO4).

Әлсіз көмір қышқылы фотосинтез процесіндегі О2 бөлінуін 30% төмендетеді. (оқушыларға қышқыл аэрозольдер мен жаңбырлардың түзілу схемасын тарату).

М: Мында кездесетін айналу тізбегін жаз.

О: S → SO2→ SO3 → H2SO4 → CaSO4

 

Демонстрациялық эксперимент:

Кальций түйіршігі

Сөндірілмеген әк

Сөндірілген әк

гипс

«Мына үлгілердің қандай ортақ ұқсастықтары бар?»

М: Ca→  CaO → Ca(OH)2 → CaSO4

Келесі айналулардың химиялық теңдеуін жаз. Электролиттер арасындағы теңдеуді молекулярлы және ионды формада құр.

О 1. S + O2→ SO2;   SO3 + H2O→ H2SO4 ;

2SO2 + O2→  2SO3; H2SO4 + CaCO3→  CaSO4 + H2O + CO2

О 2. 2Ca + O2→ 2CaO; CaO + H2O→ Ca(OH)2

О 3. H2SO4 + Ca(OH)2→  CaSO4 + 2H2O

2H+ +SO42-— + Ca2++2ОН→ CaSO4+H2O

М: Жүріп жатқан өзгерістерді формула түрінде жазып, логикалық тізбек алыңдар. Айналу тізбегінде қандай ортақ ұқсастық бар?

О: Бұл тізбекте әртүрлі класс заттарына жататын бір элемент қайталанып, айналулар нәтижесінде CaSO4  тұзына айналады.

М: Дұрыс, бұндай тізбекті генетикалық қатар д.а. Мұндай заттар бір – бірімен генетикалық байланыс түзетін «туыстық заттар» , яғни бір бастауға ие. Бұл заттар генетикалық қатарда туыс болады. Заттардың классатарын атап, оларға анықтама бер.

О: Жай зат → оксид → гидроксид (негіз және қыш)→ тұз

↓                                  ↓                ↓           ↓

(анықтама О-1)                (анық О-2, О-3)       (анық О-4)

 

М: Жақсы, енді карточкалардағы заттарды топқа бөліп, жауаптарыңызды бетке жазыңыздар. Осы кезде тақтада бір оқушы: Fe, P, Cu, Li, C, S, LiOH, H2SO4, Li2CO3, HNO2, BaCl2, Cu(OH)2, CuSO4, CuO, P2O5, KCL, SO3, Li2O.

О:    Ме:  Fe, Cu, Li негіздік оксид: CuO, Li2O  негіз: LiOH, Cu(OH)2, тұз:  Li2CO3, BaCl2, CuSO4 KCL                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        Бе: P, C, S,    қышқылдық оксид:  P2O5, SO3,   қышқыл:  H2SO4, HNO2,

М: Егер қате болса, қасыңдағы парталасыңмен қателерді түзе. Ал қазір осы тақтада жазылған заттардан генетикалық қатар құр.

О 1. Cu → CuO → CuSO4 → Cu(OH)2

О 2. Li → Li2O → LiOH → Li2CO3

О 3. S →SO3 → H2SO4 → CuSO4

( Бірінші оқушы құрған қатарға назар аударыңдар, егер негіз ерімейтін болса, онда мына қатар мынадай болады: Ме → оксид → тұз→ негіз)

Химиялық реакция арқылы жай заттан күрделі заттарға, бір класстан басқа классқа көшуге бола ма, ойланыңыздаршы? Кез келген мыс қосылысында мыстың бар екендігін дәлелдейтін эксперимент жасап көрейік. Эксперимент жүргізе отырып, жүрген реакция теңдеуінің айналу тізбегін жаз. Химиялық реакция типін ата, жұмыс инструктивті карта бойынша орындалады.

Қауіпсіздік техника ережесін сақта!!!

Инструктивті карта.

Зертханалық жұмыс:   «Химиялық айналулар тізбегінің практика жүзінде орындалуы»

Жұмыс орныңдағы реактивтер мен құралдарды тексеріп ал.

Құралдар: пробиркаға арналған штатив, ПХ – 14 пробиркасы, спиртовка, сіріңке, пробиркаға қысқыш, тигель щипцтері.

Реактивтер мен материалдар: (1:2 ) тұз қышқылының ерітіндісі, мыс сымы, скрепка немесе темір шеге, жіптер.

Жұмыстың орындалуы:

Химиялық айналуларды жүзеге асыратын реакция жаса.

Мыс сымы → мыс оксиді → мыс хлориді → мыс.

!!!Н А З А Р   А У Д А Р Ы Ң Д А Р!!!

Мыс оксидін абайлап қыздыр, пробирканы спиртовка жалынынан биік ұста!!!

 

  • Тигель щипцаларымен мыс сымын ұстап, спиртовка жалынының үстінде құрышта 1-2 мин. Не байқалады?
  • Абайлап сымнан қара дақтарды кетіріп, оны пробиркаға орналастыр. Заттың түсін анықтап, жаз.
  • Пробиркаға 1 мл (1:2) тұз қышқылының ерітіндсін құй, реакцияны жылдамдату үшін пробирканы ақырындап қыздыр. Не байқалады?
  • Абайлап (неге?) пробиркадағы ерітіндіге темір шегені немесе скрепканы сал.
  • 2-3 мин кейін ерітіндідегі темір шегені алып, онда болған өзгерісті сипатта.
  • Жұмыс қортындысын жаса.

 

t           HCl          Fe

О 1: Cu → CuO → CuCl2 → Cu

O 2: 2Cu + O2 → 2CuO; қосылу реакциясы

CuO + 2HCl → CuCl2 + H2O; алмасу реакциясы

CuCl2 + Fe → FeCl2 + Cu; орынбасу реакциясы

 

ІІІ. Қорытындылау.

М: Бүгін сіздер не үйрендіңіздер, жаңадан не білдіңдер, сабақта не істедің?

 

  1. Білімді бекіту.

Генетикалық қатарды сипаттайтын белгілерді ата.

Мынадай айналу қатары берілген:

  1. a) Br2 → HBr → NaBr → NaNO3

б) Fe →  FeCl2 →  Fe(OH)2 →  FeO →  Fe

в) CaCO3 →  CaO →  CaC2 →  C2H2

г) Si→ SiO2 → Na2SiO3 →  H2SiO3

1 деңгей. Элементтің генетикалық қатарын тауып, жаз. 1 – ші генетикалық қатарда орындалатын ауысулардың химиялық реакция теңдеулерін жаз.

2 деңгей. Элементтің генетикалық қатарын тауып  жаз. Ион алмасу реакциясын молекулярлы және ионды түрде көрсет.

 

  1. Үйге тапсырма.

 

P + … → P2O5;          P2O5 + H2O → …;          … + NaOH →  … + H2O

Тасталынып кеткен заттардың формулаларын жазып, коэффициенттерін қой. Қазіргі жағдайда элементтің қандай генетикалық қатарын құруға болады.

  1. Сабақты қорытындылау, бағалау.