М.Ғабдуллин. Батыр БАУЫРЖАН

72

Сабақтың  тақырыбы: М.Ғабдуллин. Батыр БАУЫРЖАН

Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Б.Момышұлы туралы  мәлімет беру, мәтіннің мазмұны

арқылықосымша біліммен толықтыру;

Дамытушылығы: сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін

дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;

Тәрбиелігі:Б.Момышұлының азаматтық бейнесі арқылы үлгі-өнеге алуға

баулу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

Техникалық құрал: видеопроектр.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

Н.Айтов. Нұркен өлеңін жатқа айту. Кеңес Одағының Батырлары туралы деректер жинап, реферат жазып келу.

(оқушылардың жауабы тыңдалады)

 

Тренинг. Бақыт деген не?

1.Құрылысшы-халыққа жылы үй салу.

2.Монтер-үйлерге жарық жағу.

3.Аспаз-дәмді етіп тамақ пісіру.

4.Мұғалім-балаға білім беру.

5.Оқушы-оқуда озат болу.

-Оқуда озат болу үшін не істеуіміз керек?

-Тыныш отырып, сабақты зейінмен тыңдауымыз керек.

 

III.Ой қозғау. Батырлық туралы мақал айту.

Жібек белбеу-белдің көркі,

Батыр жігіт-елдің көркі.

Күш батылдыққа ереді.

Қару күшті емес,қару ұстаған күшті.

 

IV.Жаңа сабақ.

Дәптермен жұмыс М.Ғабдуллин. Батыр Бауыржан.

Авторды таныстыру.Б.Момышұлы туралы айту. Оқулықпен жұмыс.

V.Сөздікпен жұмыс.Сұрақтарға жауап беру.

Сергіту сәті. (тақтамен жұмыс)

«Болады»                                                  «Болмайды»

Әнші болуға….                                             еріншек болуға…

Биші болуға…                                               әдепсіз болуға…

Батыр болуға…                                 тәртіпсіз болуға…

Күйші болуға…                                ұрыншақ болуға…

VI.Слайд көрсету.Деректі фильмнен үзінді көру.

VII.Сабақты қорытындылау.

Шығармашылық жұмыс. «Егер де мен батыр болсам…»

(оқушылардың пікірі тыңдалады)

-Олай болса, бүгінгі сабығымыз кім туралы болды?

-Қандай батырларымыз бар екен?

VIII.Үйге тарсырма беру. Әңгімелеу , «Батыр Бауыржан» тақырыбына әңгіме жазып келу.

IX.Оқушыларды бағалау.

Утепбергенова Гулбану  Маңғыстау облысы  Бейнеу ауданы Абай атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі