«Элементтер –химия негізі»

Тақырыбы: «Элементтер –химия негізі»

Мақсаты: Пәнге деген қызығушылықты арттыру, ізденіс, танымдық           қабілеттері өзара  қарым-қатынастарын, шығармашылық ой-қиялдарын дамыту,  тапқырылыққа баулу.

Көрнекілігі: магнитті тақта, буклеттер

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Кіріспе сөз.

Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігін дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе, бірде-бір ұшақ көкке көтеріліп, бірде-бір кеме суда жүзе алмаған болар еді.

Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті тұрмыс бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінеки, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан « Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретінбіз-химияның ғажайыптары» деп өте орынды айтылған.

Өлең «Периодтық жүйеге арнау»  (Ж. Жұмаханов.)

ІІІ. Оқушылар екі командаға бөлінеді:

І топ – Металдар.

ІІ топ-  Бейметалдар.

Жоспары: 1. Сәлемдесу.

  1. Элементтер айтысы (буклет қорғау)
  2. Қызықты тәжірбилер.
  3. Сұрақтар.
  4. Пантанимо (қауіпсіздік ережесіне)

6.Суретшілер сайысы.

Жүргізуші: Тіршіліктің көзі болған жерімде,

Химиялық элементтер елінде.

Жиын болды мерекелік бас қосқан,

Менделеев кестесінің төрінде.

Жиын соңы жақсы айтысқа ұласты,

Элементтер өздерінше сынасты.

Осы айтысты біз де тыңдап көрейік,

Өздерінше қандай-қандай сыр ашты?

1.Бейметалл сәлем сізге металдардан,

Мықтылық бойымызда жаратылған.

Сайысқа шақырамыз қаймықпастан,

Басқадан біліміміз дара тұрған.

Металға сәлем береді бейметалдар,

Күйіміз бірдей емес, о, жарандар.

Кристалл қатты затпыз, сұйық пен газ,

Қосылыстарың болды ғой біздер мен мәз.

  1. «О» Организм менімен тынысталады,

Бар құбылыс менімен қуаттанады.

Жер бетінде тіршіліктің көзімін гой,

Сондықтан да мені қорғап сақтаңыздар.

«Cu»            Мен созылғыш, жұмсақ металл мыс деген,

Өмір бақи қолданыстан түспеген.

Адамзатқа қажеттігім соншалық,

Мені өндіріп алады гой күшпенен.

Табиғаттың орын алған төрінен,

Ең әдемі қызғылт түспен көрінем.

Екі түрлі валенттілік көрсетіп,

Басқалардан ерекше боп бөлінем.

2 түрлі – қола, жез қорытпам бар,

Оны жақсы біледі қорытқандар.

Қола медаль алған де жаман емес

« Алтын алу қайда»  деп тарықпаңдар.

Таулы Алтай, Жезқазғаннан шығамын,

Жауап берем және бар ма сұрағың?

Мекен –жайым –Менделеев кестесі,

29-шы тор көзінде тұрамын.

«Н»        Оттан суды түздірген,

Содан атым су түзуші қойылған.

Қосылыстарым көп менің

Болашағым зор, елім!

 

«AI»   AI  атым бар,өзім жеңіл,

Металмен ие болған төзімге бір.

Коррозия дегеннен қорықпаймын,

Тотықпас қасиет бар өзімде бір.

Қолданылам электр желісінде,

Осы менің негізгі жеңісім де,

Жарқыратып әр үйге жарық берем,

Бағалымын адамға сол үшін де,

«F»  Жұртқа әйгілі кесірі,

Галогендер өкілі.

9-шы торға қамалған,

«F»  сері мен болам.

Иісім күшті, сары түсті,

Активтіліігм керемет.

Мендей ылаң, зиян қылған,

Болмаған еш элемент.

«Mg» Мен – Mg күміс түсті металмын,

Көп жағдайда магнезия аталдым.

Жапырақта хлорофильді түзуші

Тіршіліктің көзі болып кете алдым .

Жануарда, адамда да бармын мен,

Талай снаряд, бомбаларды жардым мен.

Қайткенде де болашағым зор менің,

Полиграфия да артып маған зор сенім,

Тіршіліктің тірегімін көзімін,

Дұрыс болар есте сақтап сенгенің.

«CI»    «Хлор»  жасыл газ боп алындым

Ақыры ғалымдарға бағындым.

Суды микробтан тазарттым,

Маталарды ағарттым.

«Ag»   Мен –күміспін, алтынмен барабармын,

Ақша болып қоғамда дараландым.

Бұйым жасап зергерлік мына менен,

Ерекше боп мәртебем бағаландым.

Менің емдік қасиетім тағы бар,

Мүмкін болса күміс қасық тауып ал,

Сол қасықтан иондарым бөлінген,

Ішкі ағзаңа шипагер боп табылар.

Әрбір айтқан сөзімді ақтай алам,

Бұзылудан суыңды сақтай алам.

Тұрмыста да, өмірде мен өзімді,

Қай жағынан алсаң да мақтай алам.

«Br» Ашуланған адамның зілін басар,

Мен әйгілі броммын көңіл ашар.

Байсалдылық беремін ашушаңға,

Болсамдағы сұйықтық исім нашар.

Қосылыс боп кездестік табиғатта,

Металменен тұз түзер әр уақытта.

Фото ісінде кең түрде өріс алған.

Күміс тұзым сезімтал ақ жарықта.

«Ca»   Са деген күміс  түсті металмын,

Өмір бойы керегіңе жате алдым.

Менмін-әктас, ақ бор, мәрмәр ғанамын,

Қыртысында жердің менде кездесем.

Артық- болсам «жер металы» мен десем.

Ғарыштағы ракетада, ұшақта,

Қолтаңбамды табасың сен іздесең.

Жануардың бақалшағы, қаңқасы,

Жер бетінің минералды әр тасы.

Сан құрылыстың сәулеті, негізі,

Қаланды менен ғана ойланшы.

«S» Саф алтындай сары түсті күкіртті,

Ерте кезде ата-бабам көп білді

Бос күйінде, қосылыста кездесіп,

Өнеркәсіп ірге тасын дамытты.

«Fe» Жер әлемге кең таралған темірмін,

Өндірістің тұлғасы боп көріндім.

Қара металл патшасы боп танылдым,

Исімін өте үлкен сенімнің .

Қарапайым үйдегі тұрмыстарда,

Дамып жатқан ең алып құрылыстарда.

Мені білмес адамның баласы жоқ,

Мен қатыспас техника саласы жоқ.

Тарихмның тамыры терең жатыр

Египет пен Индиядан келе жатыр.

Шойын, болат ,прокат құймаларым,

Заманның дамуын демеп жатыр.

«J» Күлгін түсті, кристалды денемін,

Көп жылдардан пайдаға асып келемін.

Жарақат алған адамның,

Өмірін сақтап қалғым келеді.

Кездесетін изотобым тым –ақ көп,

Еріп жүрген теңіз мұхит суында

Қыздырсаңыз сұйылмастан бірден ақ,

Айналамын күлгін иод буына.

Au  Ардақтымын жасыңа да кәріңе,

Дүниенің менмін көркі, әрі де

Толықсыған толған айдай жарықпын.

Өлшемімін барлық баға нарықтың

Бар базардың әлемге ортақ тілі -мен

Даңқ болып омырауға да ілінем.

P Менің сырым әйгілі, жария болды бар елге,

Барлық организмге енемін, өсімдікке тыңайтқышпен келемін.

Ақ , қара, қызы Р туысым бар,

Менің де шаруашылықта үлесім бар.

W  Мен- W, риза еткен халықты,

Нұрға бөлеп, үй көшені зауытты.

Электр шам балқып тұрып ішінде,

Мен емес пе шығаратын жарықты.

Табиғатта өте сирек кездесем,

Қараңғыда менсіз жарық көрмес ең

Жарық берген инертті газ екеуміз

«О» Тірішіліктің тірегі, өміріннің өзегі.

Элементтің бірімін,

Ағайынды үшеуміз,

Алмаз, графит, көміртек.

Zn

Металл көп жөнді-жөнсіз мақтанатын,

Көбінде бап кемшілік таттанатын

Соларды таттанудан сақтап жүр ғой,

Сыртынан мына менің ақ қабатым.

Өндіреді атақты Текеліден,

Қазыналы Текелі мекенімнен.

Қорғағыш қасиетім бойынша мен.

Қалмаймын Ni, Cr екеуінен.

«As»

Элементтер тізіміне Лавуазье қосыпты,

120-дай минералым табиғатта тарапты.

Қосылыстарым улы болған соң,

Медицинада тіс емдейді тұздарым.

«Na»

Мен- Na сілтілік жеңіл металмын,

Өзім жайлы баяндауға бет алдым.

Алуан түрлі қасиетім бойымда,

Қосылысым сабынның да бойында.

Бу түрінде сары түске енемін,

Суынды да айналдырам сілтіге,

Су бетінде еріп жүре беремін.

Мен ауаға сутекті де бөлемін.

Тұздарыммен астың дәмін кіргізем,

Сол арқылы зор пайдамды тигізем,

Космоста да сары түсті буымен,

Зымыранды көз алдында жүргізем.

3) Қызықты тәжірибелер.

А) Орамалды суға салып, сығу.

Ә) Оны ацетонға батырып, жағу.

Түсіндірме: Ацетон-оңай тұтанып, жанады.

Н2О жануды қолдамайтындықтан, орамал жанбай қалады.

«Жұмыртқа» қабығын пісірмей аршу».

А) шикі жұмыртқаны HCl салу.

Ә) Жұмыртқа қабығы ериді,СО2     бөлінеді.

Түсіндірме: Жұмыртқа қабығы СаСО3 (әктас) турады, ол HCl әрекеттесіп, СО бөлінеді.

4) Сұрақтарға жауап беру (жұмбақ)

  1. Адам мен жануардан бөлінеді,

Өсімдіктін торына ілігеді.    CO2

  1. Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,

Кім бар екен ортада оны білмес.     NaCl

  1. Машина мен трактордың жаны,

Қара  металлургияның наны.   Fe

  1. Шыдасаң да 6 күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.         H2O-су

  1. Осы затпен ескі үйді аластайды,

Түсіне қарасаң, алтынға ұқсайды.        S-күкірт

  1. Өзім-газбын, менімен демаласын,

Жоқ болсам, ауа жетпей қиналасың.         O2 -оттек

  1. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сакамен атады         Pb.-қорғасын

  1. 5℅-тік спирттік ерітіндісі қан тоқтатуға қолданылатын зат. I
  2. Адам ағзасында бұл элементтің жетіспеуінен тіс кариесі болады. F
  3. Терінің қышыма ауруына қарсы май жасалатын химиялық зат S

5) Қауіпсіздік ережелерін пантомимомен көрсету, айту.

6) Магниттік тақтадағы қағазға сурет салу (химиялық құралдардың суреті)

Шәміл Мұхамеджанов

Химия қиын,

Ашиды миың.

Деуші едік оқып жүргенде,

Жар білмей мойын құрастап.

Мұндайын оның білгенде,

Оқитын едік дұрыстап.

Мен білсем іні, бауырым,

Химия сенің қалайың.

Жақсылап оқып жүріңдер,

Келтіріп бірде орайын.