Негіздер. Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері.

37

 

Сабақтың тақырыбы: Негіздер. Негіздердің жіктелуі, алынуы,  қасиеттері.

Сабақтың мақсаты: Негіздердің қасиеттерін түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:   Жоғары  —   Негіздерді өмірде қалай пайдаланатынын біледі.

Орта    —      Реакция теңдеулерін жазғанда  негіздерді қолдана алады.

Төмен  —      Негіздердің екіге жіктелетінін біледі.

Негізгі идея:          Металдар мен  метал оксидтерінің әрекеттесуінен түзілетен қосылыстардың қасиеттерін тұғындыру.

Дереккөздер:         Интерактивті тақта, реактивтер мен сынауықтар, стикер, оқулық, АКТ

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:Шынжыр  әдісі, жұмбақ ,Джиксо әдісі, деңгейлік тапсырма,топтық жұмыс.

 

     Уақыты        Мұғалімнің іс-әрекеті               Оқушының іс-әрекеті                          Нәтижесі
     2 мин Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Атом мен молекула» сергіту сәтін   ұйымдастырамын.

Сергіту жаттығуын ережеге сәйкес жасай отырып, оқушылар  белсенді іс-әрекет жасайды. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
 

2 мин

Оқушылардың пікір алмасуын жүзеге асыруда  төртке дейін санату арқылы топтастырамын. Топтың өзара қарым қатынасын қадағалаймын. Топтастыру ережесіне сәйкес өз топтарына орналасады Топқа бөліну әдісін үйренді.
      10-мин Үй тапсырмасын пысықтау:                     Топтағы оқушылардың білімдерін анықтау үшін оксидтердің қасиеттерін «Шынжыр» әдісі арқылы айтып шығуын тапсырамын.

Үйтапсырмасы бойынша бағдаршам арқылы бағалаймын

Топтағы оқушылар оксидтердің алынуын, физикалық және химиялық қасиеттерін, қолданылуын «Шынжыр» әдісі арқылы үзбей айтып шығады.

Өзара бағалау әдісі арқылы үй тапсырмасын еске түсіреді.

Оқушылар үй жұмысын сұрауда сабаққа түгел қатысады
 

 

 

1- мин

Жаңа сабақтың тақырыбы:

1. Жаңа сабақты тақырыбын ашу мақсатындаАКТ арқылы жұмбақ бердім. «Субетінде безектеп металл натрий жүзеді, сәлден кейін жоқ болып, қандай қосылыс түзеді»

Жұмбақтан «Натрий гидроксиді» деген сөз шығу керек. Осы жұмбақ арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашты

 Оқушылар жұмбақты шешеді Оқушы жауаптары  арқылы  жаңа сабақтың тақырыбын айқындалды.
 

 

12- мин

Бүгінгі жаңа сабақ «Негіздер.Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері» тақырыбына оқулықпен жұмыс жасай отырып «Джиксо» әдісімен 4 топқа  бөліп беремін                        1-топ негіздердің жіктелуіне мен алынуына;                                                    2-топ  Негіздердің физикалық қасиеттеріне                                                 3-топ  Негіздердің химиялық қасиеттеріне                                                   4-топ Негіздердің қолданылуы тақырыптарына  постер жасаттым.  Жасаған постерлерін «Қонаққа бару» әдісі арқылы басқа топқа барып  қорғайды.

 

Оқушылар ізденді, постермен жұмыс жасайды,

 

 

 

Ойларын еркін жеткізеді. Топ бірін-бірі жұлдызшалар арқылы  бағалайды.

 

Оқушылар постер жасау арқылы жаңа сабақтың тақырыптарын қорғайды.

 

 

 

 

 

 

Оқушылар келесі тапсырмаға мұқиаттылық танытады.

 

      10 мин

Деңгейлік тапсырмалар:

Тапсырманы орындауда, оқушылар бірдей уақытта бастайды, әр қайсысы білім шыңына өз қабілеттеріне қарй жетеді. Төрт топқа жеке-жеке тапсырма беріледі.

 

Деңгейлік тапсырмаларды критерилер арқылы бағалаттым

 Негіздердің алыну жолдары мен аттарын жазады;

Химиялық реакцияны аяқтап алынған өнімдердің атын атайды;

Берілген  негіздердегі металдың массасын анықтайды.

 

Алдарына қойылған критерилер арқылы оқушылар өзін- өзі бағалады

Төмен деңгейдегі— негіздердің алыну жолдары мен аттарын жазды .

Орта деңгейдегі-химиялық реакцияны аяқтап алынған өнімдердің атын атады.

Жоғарғы деңгейдегі— берілген  негіздердегі металдың массасын анықтады.

Оқушылар өз-өзін реттеп алды.

        2  мин Сұрақ- жауап:

Оқушыларға «Домино» ойынын ойнаттым.

Оқушылар сыни тұрғыда ойлай отырып формулалар құрастырады.

Оқушылар белсенділік танытуға ұмтылып екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалады

Оқушыларда сыни тұрғыда ойлау қалыптасты.
        3 мин 1.Венн диаграммасы арқылы жұмыс жасау

2.Инсерт кестесі арқылы не білгенін білу.

3.Кері байланыс.

Оқушы өз бетімен ізденуге бет алады. Кері байланыс жасайдды, сабақтан алған әсерін жазады. Алған білімдерін салыстыруды, нені біліп, нені білмейтінін түсінді.
 

2 мин

 

Бағдаршам арқылы   бағалайды; Жұлдызша арқылы бағалайды.

Критерий жасау арқылы бағалайды; Екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалайды.

Өзіне сын көзбен қарй отырып,

ыталанды

 

Оқушылар өздері-өздерін бағалауды үйренді

 

 

1-мин

 

Үйге тапсырма:

Негіздердің жіктелуі физикалық  және химиялық қасиеттері.

 

Іздену

 

Қосымша әдебиеттер. АКТ