Металдардың адам өміріндегі маңызы.

239

Сабақтың  тақырыбы:   Металдардың  адам  өміріндегі  маңызы.

  Сабақтың  мақсаты: 

А) Білімділік:  Оқушыларға  халық  арасында  ежелден  пайдаланып  келе  жатқан  металдар

туралы,  олардың  қасиеттері, адамға  қажеттілігі  туралы,  қолдану  аясының  кеңдігі туралы

білімдерін толықтыру.

Б) Дамытушылық: Оқушылардың  зейінін,  танымдық  белсенділігін,  өзіндік  пікірін

қалыптастыру,  оқушылардың   логикалық  ойлау  қабілеттерін,  тұлғалық  қасиеттерін  дамыту.

В) Тәрбиелік: Оқушыны  өз  бетінше  жұмыс  істеуге, бірлесіп  жұмыс  жасауға,  өзгенің

пікірімен  санасуға  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: сайыс  сабағы

 Қолданылған  технология: СТО жобасы  элементтері

Сабақтың  әдісі: Іздену-зерттеу  әдісі

 Сабақтың  көрнекілігі: Химиялық  реактивтер /  алюминий,  темір  мыс,  алтын,  қалайы,  қорғасын,  күшән, натрий, вольфрам , кальций, сынап т,б   кең  қолданылатын  металл  үлгілері .  Металға  бай  тағам,  бұйым  түрлері,  топтамалар. Тірек  сызба, викториналық ребус,  анаграмма   пайдалану.

Пәнаралық  байланыс: биология, қазақ  тілі, орыс  тілі,  латын  тілі ,  физика,   салауаттану  негіздері.

                                  Сабақтың  жоспары.

Оқушының  танымдық  іс-әрекетін  ұйымдастыру,  үш  топқа  бөлу.

 І.Қызығушылықты  ояту. «Ой  қозғау»  стратегиясы.

«Сырларым  бар  химиктерге  аян,  таба  алсаң  қасиетімді  етем  баян» жұмбақтарды  жасыру  арқылы  металдарды  табу.

1.Су  бетінде  қалықтап, қандай  металл жүзеді?
Айтшы,  ойланып,  денеңде  жетпейтін  қандай  тұз  еді?(натрий)
2. Ертеден  белгілі  жетеудің  бірімін.
Электроника  саласында  ірімін.
Көптеген  құймаларға  кіремін,
Әдемілігім  жөнінде  алтыннан  тең  жүремін.(мыс )
3.Менделеев  ауылының  алтыншы  көшесінде  тұрағым,
Әр  түнде  адамдармен  жүздесіп  тұрамын,
Мені  балқыта  алмай  қиналады  көбісі,
Қазақстан  әлемде,  кенім  жөнінен  бірінші.(вольфрам)

4.Қара  металлургия  жанымын,

Машина  ,  трактордың  қанымын.

Жетінші  қосымша  топшада  болсам да

Металл  атаулының  ең  көп  қолданылатын  санымын.(темір)

5.Табылса  бұрын  там-тұмнан,

Қазір  көп  әр  өлке де,

Қымбат  болды  алтыннан,

Қандай металл  ертеде?(алюминий)

  1. Өзі ауыр металға  жатады,

Емшілер  қорықтық  құюға  қолданады.(қорғасын)

ІІ. Мағынаны  тану. «Джиксо»  стратегиясы бойынша оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар арқылы жұмыстанады. Оқушылар өз бетімен кеңінен  қолданылатын  металдар  жөнінде мағлұмат алады.

І топ тапсырмасы. Адам ағзасындағы металдардың биологиялық ролі.    ( натрий, иод, кальций, алтын, селен, қорғасын, т.б метал үлгілері)

ІІ топ тапсырмасы. Металдардың адам өміріндегі маңызы.(өнеркәсіпте, техника, шаруашылықта, күнделікті тұрмыстағы бұйымдар)

ІІІ топ тапсырмасы. Металдарға бай тағамдар туралы мәлімет.(алма, банан, алмұрт, құрма, киви, анар, сүт өнімдері, қырыққабат, балық, жұмыртқа, қара нан т.б)

ІІІ. Ой толғаныс. «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы.

А) «Кім  жылдам?» ойыны. Әр  топқа  5  сұрақ  беріледі, шапшаң,  ұтымды  жауап  беру  керек.

І-топ

1  . Адам  алақанында  балқитын  металл?  /Цезий/

  1. Қанның құрамына кіретін  металл?  /Темір/
  2. Қандай металды Чернышевский  «Социализм  металы» деп  атады? /Алюминий/
  3. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын  сілтілік  металл?  /Калий/
  4. Дұрыс пайдалансаң емдейді, ал  бұрыс  пайдалансаң  мүгедек  етеді? /Күшән/

ІІ-топ.

  1. Өнеркәсіптің негізгі  металы?  /Темір/
  2. Сүйекті қаптайтын  элемент? /Кальций/
  3. Металдардың және оның  құрамаларының  айналадағы  ортамен  әрекеттесіп,  бүлінуі.

/Коррозия/

  1. Германиядағы облыс  атауымен  аталатын  элемент? /Германий/
  2. Франция елінің  атауындағы элемент?  /Франций/

ІІІ-топ.

1.Америка  Құрама  штаттарының  бірінің  атауындағы  элемент? /Калифорний/

  1. Ең қиын  балқитын  элемент?  /Вольфрам/
  2. Дүние бөлігінің атымен  аталатын  элемент? /Европий/
  3. Қару-жарақ жасайтын элемент?  /темір/
  4. Ең сүйық элемент?  /сынап/

Б) «Жеті  жұрттың  тілін  біл». Анаграммада   және  мақалда  кездесетін  элементтің  атын қазақ,  орыс,  латын  тілінде  айту  керек.

І топ.  1. МСЫ-

2.”Ақыл  арымас,  алтын  шірімес”

ІІ топ.

  1. МІРТЕ-
  2. Өзі ауыр металға  жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен  атады.

ІІІ топ.   1. ЛЮАИЙМИН-

  1. “Темірді қызған кезінде  соқ”

В) Металдар  туралы  мақал-мәтелдердің  жалғасын  тап.

І топ.   1.  “От  көмір  жейді,   Тот  …      Жейді.

  1. “Өлең  — … ,  сөз   — …”

ІІ топ. 1.“Ақыл  арымас, …   шірімес.”

2.”Ағаш  кессең  ұзын  кес- қысқартуға  оңай,  …  к ессең, қысқа  кес-ұзартуға оңай”.

ІІІ  топ. 1.“Жылтырағанның  бәрі   …  емес”.

  1. “ …   еріте  білмеген-ірітер, теріні  илей  білмеген  -шірітер”.

Г) Викториналық    «Аспан  тасы», «Мырыш» тақырыбындағы ребустарды шешу.

Сабақты  қорытындылау. Оқушылардың танымдық  қабілеттерін,  тақырып  шеңберінде  алған білімдерін  бағалау.

Үйге  тапсырма. §30. Интернеттен металдардың қасиеттеріне мәлімет дайындау