« у » дыбысының бірде дауысты,бірде дауыссыз болып келуі

Сабақтың  тақырыбы:     59 – 62 – жаттығулар

Сабақтың  мақсаты:

а/   Оқушыларға   « у » дыбысының бірде дауысты,бірде  дауыссыз болып келуінің

себебін түсіндіру, алған білімдерін пысықтау.

ә/   Оқушыны сын тұрғысынан ойлауға, сауатты жазуға, көркем таза сөйлеуге

баулу.

б/   Шығармашылық қабілетін  дамыту.

 

Сабақтың түрі:  білімді бекіту.

 

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын ауызша, жазбаша.

 

Сабақтың барысы:   1. Ұйымдастыру кезеңі

/ Оқушылардың назарын сабаққа аудару /

 

Қазақ  тілім, өз тілім, ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызым мәңгі сені,

Болашағым бақытым – дара тілім.

 

Міне, балалар, кемеңгер ғұлама ақын – жазушыларымыздың тілі туған тіліміз қазір қазақ тілі сабағы екен.

Бүгінгі сабағымыз балалар күндегіден ерекше, себебі біздің сабағымыз 22 – қыркүйек   «Тілдер»   меркесіне орай өткізіліп отыр.Сабағымызға көп ұстаз қонақтарымыз және «Білім ағашы» қатысып отыр. «Сәлем- сөздің атасы » дегендей ең алдымен қонақтарымызбен амандасып алайық.

 

Оқушылар:                        Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

  • Жақсы оқушылар «Білім ағашы» сіздерге мерекеге арнап өзінің алтын жапырақтарын сыйлап отыр.Осы  қонақтарымызға өз білімдеріңізді көрсетеді деп сіздерге мен және «Білім ағашы » үлкен сенім артып отырмыз.

Ал, келіңдер, келіңдер,

Біріңе – бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Бәйгеге қатысып көріңдер- дей келе өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерімізді « Бәйге » ойыны арқылы тексереміз.

( Интерактивті тақтаға көрсету )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 – дыбыс нешеге бөлінеді?

10 – дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

10 – дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

20 – дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?

20 –тіл не үшін керек?

20–Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

30–(Не істеді? Не қылды? сұрақтары. Қимылды, іс-әрекетін білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

30–Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

30– Заттың санын білдіретін сөздеоге қандай сұрақтар қойылады?

  1. Жаңа сабақ.
  2. Кіріспе әңгіме.

-Жақсы балалар енді оқулықтарымыздағы 59-жаттығуды қараймыз. Бұл жаттығуда Ескен Елубаевтың «Туған дала» өлеңі, туған жеріміз, даламыз туралы екен. Туған жеріміз туралы не айтар едіңіз?  Оқушылар өз ойларын айтады.

  1. Туған жеріміз Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.
  2. Туған жеріміз батыс өңірінде орналасқан.
  3. Туған жеріміз мұнайға бай.

(Бір оқушыға өлеңді дауыстатып оқыту).

— Енді балалар,өлеңнің соңғы жолын «Жауын жауды» деген сөйлеммен салыстырып көрейік. Оқушылардың ойын тыңдау.

  1. -Жақсы балалар енді дәптерлерімізді ашып, күннің жадын жазамыз.

-Жақсы, енді оқулықтырымыздағы 60-жаттығуды қараймыз. (Берілгенін 1оқушыға оқыту, дауыстатып)

-Бұл жаттығуды «Сөзге әріп қос» ойыны арқылы орындаймыз.

(Интерактивті тақтадан).

Қу

Жу

          Бу

Сау

-Тақтада орындау, сөз мағынасындағы өзгерістер туралы айтып өту. Қосымша сұрақтар қою.

Қу-қуу,  жу-жуу,   бу-буу,   сау-сауу.

 

3.Сергіту сәті. (Әліппе әуенінен).

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.        2рет

  1. –Жақсы енді 61- жаттығуды қараймыз

(Берілгенін бір оқушыға оқыту)

  • Балалар мен сіздерге қима  жапырақтар үлестіремін ұнаған жапырақтарыңызда оқулықтағы сөздер  жазылған.Топ болып сөйлем құрап, дайын топтан бір оқушы тақтаға жазады.

 

 

 

 

 

 

 

  • Әр топ өздеріне тиісті  сөйлемді ғана көшіреді.

( Тақтадағы оқушы «У» дыбысының дауысты ма, дауыссыз ба екенін айтып түсіндіреді.)

  1. – «У» дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуында алған білімдеріңізді тексеру мақсатында семантикалық картамен жеке жұмыс ұсынамын.

 

Сөздер  улысауқусу
Дауысты

 

Дауыссыз

 

 

( орындап болған соң  жинап  алынады, бір  топтан  1 –оқушыға оқыту,тексеру)

 

  • жақсы оқушылар « Білім ағашының » алтын жапырағына  «у» быбысы туралы өз ойларыңды жазып, « Білім ағашын » келесі күзге дейін шығарып саламыз.

(Әр  оқушы  өз ойларын жазып іледі)

 

  • Өте жақсы балалар, бүгінгі сабағымызды өлеңмен бастап едім, енді өлеңмен аяқтаймын. Тек қана мен қолымды көтергенде «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деп айтасыңдар.

Өз тілінде сөйлеп шықты сан ұрпақ,

Қазақ тілі — өз жұлдызың көктегі.

Қазақ тілі – көгіндегі шамшырақ,

Қазақ тілі — өміріңде, өлеңде,

Қазақ тілі – тамыр жайған  тереңге.

Қазақ тілі – болашаққа жетелеп,

Ұрапқтарын танытады әлемге!

  • Балалар, қазақ тілін жақсы меңгеріп, әлемге танытатын сендер болатыныңызға мен сенімдімін.

 

 

5.Үйге  тапсырма: 62 – жаттығу

  1. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау,бағалау.