Химия пәні бойынша 9 сыныпқа арналған мемлекеттік аттестаттау материалдары

194

Химия пәні бойынша 9 сыныпқа арналған мемлекеттік

аттестаттау материалдары

 

 

1-билет

1.     Химия пәні. Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы. Заттар. Таза заттар және қоспалар. Қоспаларды бөлу әдістері

2.     Судың құрамы, қасиеттері. Табиғаттағы су. Суды тазарту әдістері.

3.     Азот (ІІІ) оксидінің құрамындағы элементтердің массалық үлесін анықта.

 

2-билет

1.     1. Электролиттік диссоциация теориясы. Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың электролиттік диссоциациялануы.

2.     2. Сутек. Табиғатта таралуы. Физикалық қасиеттері. Химимялық қасиеттері.

3.     3. 26 г барий хлориді және 9,8 г күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілетін  барий сульфатының массасын есепте.

 

3-билет

1.     1. Химиялық реакциялар белгілері. Физикалық және химиялық құбылыстар. Атомдар және молекулалар. Химиялық элемент.Жай және күрделі заттар.

2.     2. Оттек. Табиғатта кездесуі. Физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері. Жану. Термохимиялық реакциялар.

3.     3. Массалық үлесі 20 % болатын 25 г калий хлоридінің ерітіндісін дайындау үшін қажет су мен тұздың массасын есепте.

 

4-билет

1.     1. Тұздар гидролизі. Иондарға сапалық реакциялар.

2.     2. Валенттік. Салыстырмалы атомдық және молекулалық байланыстар.

3.     3. С12 және С13, N14 және N15 изотоптарының ядро құрамын анықта

 

5-билет

1.     1.  Күкірт. Қасиеттері. Маңызды қосылыстары.

2.     2. Ерітінділер. Еріген заттың массалық үлесі.

3.     3. Оксидтегі фосфор үлесі 56,36 %. Оксидтің формуласын анықта

 

6-билет

1.     1. Заттардың құрам тұрақтылық заңы. Зат массасының сақталу заңы. Атом-молекулалық ілім.

2.     2. Азот. Қасиеттері.Маңызды қосылыстары.

3.     3. 1,6 г метанды жаққанда бөлінетін көмірқышқыл газының көлемін есепте

 

7-билет

1.     1. Фосфор. Қасиеттері. Маңызды қосылыстары.

2.     2. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Периодтық жүйе. Периодтық жүйе құрылымы.

3.     3. 13,6 г сутек қос тотығы айырылғанда бөлінетін оттектің көлемін тап.

 

8-билет

1.     1. Көміртек. Қасиеттері. Маңызды қосылыстары.

2.     2. Қышқылдар. Құрамы. Алынуы. Қасиеттері.

3.     3. Массасы 112 г кальций оксидін алу үшін жұмсалатын кальцийдің массасын есепте.

 

9-билет

1.     1. Кремний. Қасиеттері. Силикат өндірісі.

2.     2. Химиялық элементтердің электртерістілігі. Химиялық байланыстың негізгі түрлері. Кристалдық тор типтері.

3.     3. Оксидтегі оттек үлесі 43,64 %. Фофор оксидінің формуласын анықта

 

10-билет

1.     1. Кальций. Қасиеттері. Судың кермектігі.

2.     2. Органикалық заттар. Бутлеровтың құрылыс теориясы. Изомерия. Органикалық қосылыстардың жіктелуі.

3.     3. Қалыпты жағдайда 5 моль газдың көлемін, бөлшек санын есепте.

 

11-билет

1.     1. Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Молярлық масса.

2.     2. Қаныққан көмірсутектер. Гомологтық қатар.

3.     3. Азот, көміртек, оттек атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар.

 

12-билет

1.     1. Алкендер. Құрылымы, қос байланыстың қасиеттері.

2.     2. Химиялық реакция типтері.

3.     3. Массасы 230 г және массалық үлесі 46% ерітінді дайындау үшін алынатын тұз массасын есепте

 

13-билет

1.     1. Негіздер. Негіздердің химиялық қасиеттері. Бейтараптану реакциясы.

2.     2. Ацетилен көмірсутектер. Үш еселі байланыс.

3.     3. 4,35 л (қ.ж.) метан жанғанда 173 кДж жылу бөлінді. Реакцияның жылу эффектісін анықта.

 

14-билет

1.     1. Бензол. Құрылысы. Қасиеттері. Кекуле формуласы.

2.     2. Хлор және оның қасиеттері. Хлордың маңызды қосылыстары

3.     3. 3 моль оттекпен әрекеттесуге қажетті натрийдің массасын, мөлшерін есепте.

 

15-билет

1.     1. Тұздар. Құрамы. Алынуы. Қасиеттері.

2.     2. Спирттер. Құрамы. Қасиеттері.

3.     3. 10 г күкіртті мырышпен қыздырғанда түзілген мырыш сульфидінің массасын анықта

 

16-билет

1.     1. Алюминий. Алюминий қосылыстары.

2.     2. Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

3.     3. 10 г тұз қышқылымен әрекеттесу үшін қажетті натрийдің мөлшерін тап

 

17-билет

1.     1. Альдегидтер. Құрамы. Қасиеттері.

2.     2. Галогендердің салыстырмалы сипаты

3.     3. 120 моль кальций карбонатының массасын есепте.

 

18-билет

1.     1. Карбон қышқылдары. Құрамы. Қасиеттері.

2.     2. Темір. Қасиеттері. Болат пен шойын өндірісі.

3.     3. 13 г мырыш пен тұз қышқылы әрекеттескенде түзілетін сутек көлемін анықта.

 

19-билет

1.     1. Натрий. Натрий қосылыстары

2.     2. Атом құрылысы. Энергетикалық деңгейлер. Атомдардағы электрондардың орналасуы

3.     3. K2 Cr2 O7 қосылысындағы хромның тотығу дәрежесін анықтап, тотықтырғыш қасиетін анықта.

 

20-билет

1.     1. Сабын. Синтетикалық жуғыш заттар.

2.     2. Отынды жағу тәсілдері. Жанудың пайда болуы және тоқталу шарттары. Өрттен сақтау шаралары.

3.     3. 49 г  күкірт қышқылымен натрий әрекеттескенде түзілетін сутек көлемі

 

21-билет.

1.     1. Майлар. Құрамы. Қасиеттері. Маңызы.

2.     2. Металдар коррозиясы. Металлургия туралы түсінік.

3.     3. Алкеннің 0,84 грамы 3,2 г бромды қосып алса, оның формуласы қандай екенін анықта.

 

22-билет

1.     1. Амин қышқылдары. Құрамы, қасиеттері.

2.     2. Химиялық ластану көздері мен себептері.

3.     3. Көлемі 30 м3 күкірт (ІV) оксиді тотығу үшін қанша көлем ауа қажеттігін есепте

 

23-билет

1.     1. Ақуыздар. Маңызы. Ақуыздар денатурациясы.

2.     2. Мұнай. Мұнай өнімдері. Қазақстандағы мұнай өндірісі.

3.     3. 2,2,5,5-тетраметилгексанның формуласы жаз және изомерлер санын анықта.

 

24-билет

1.     1. Қышқылдармен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелері.

2.     2. Металдардың жалпы қасиеттері.

3.     3. 3,3-диметилпентанның формуласын жазып, изомерлерімен гомологтарын көрсет.

 

25-билет

1.     1. Сілтілік металдар.

2.     2. Биологиялық маңызды органикалық заттар.

3.     3. Көлемі 100 л пропан жану үшін неше литр ауа қажеттігін есепте.