Деңгейлік тапсырмалар№8 Авогадро заңы. Газдардың молярлық көлемі. Газдардың салыстырмалы тығыздығы(§28-§29)

180

Деңгейлік тапсырмалар№8

Авогадро заңы. Газдардың молярлық көлемі. Газдардың салыстырмалы тығыздығы(§28-§29)

 

І-деңгей.

  1. Авогадро заңы қалай тұжырымдалады?
  2. Мына химиялық шамалар нені білдіреді?
  3. Элементтердің формуласын жазып, олардың орысша атауын жазыңдар. Азот, алтын, марганец, фтор, сынап, қорғасын, қалайы, күміс, көміртек.
  4. Эндотермиялық және экзотермиялық реакцияларға мысал келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.
  5. Газдардың моьдік көлемі қалай өрнектеледі? Оның өлшем бірлігі қандай?

 

 

 

ІІ – деңгей

  1. Мына оксидтердің формуласын жазып, молярлық массасын есептеңдер. Алюминий (ІІІ) оксиді, күкірт (IV) оксиді, азот (V) оксиді, фосфор (V) оксиді.
  2. Қалыпты жағдайларда мына газдардың тығыздығын анықтаңдар.

3.Массасы 128 г күкірт (IV) оксидінің зат мөлшерін және оның қалыпты жағдайдағы көлемін анықтаңдар.

  1. Мына газдардың молекулалық массасын анықтаңдар, егер: а) оның оттек бойынша тығыздығы 2 ге; ә) ал қалыпты жағдайдағы тығыздығы 2,86г\л болса.

 

ІІІ-деңгей.

1.Массасы 460 г азот (IV) оксидін алу үшін неше г азот оттекпен әрекеттесетінін есептеңдер.

  1. 5 л метанды толық жағу үішн қанша көлем (қ.ж) оттек газы қажет?
  2. 8 г мыс оксидімен әрекеттесуге қажет сутектің көлемін есептеңдер.