Фосфор қышқылы және тұздары

225

 

Сабақтың тақырыбы: Фосфор қышқылы және тұздары

Мақсаты:

Білімділік:Үтоптың негізгі топшасының маңызды бейметалы – фосфордың жай зат ретіндегі қасиеттері туралы ұғымдарды дамыту. Фосфордың маңызды қосылыстары — ортофосфор қышқылы және тұздары туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:Химиялық заттармен жұмыс істей білу, химиялық реакция теңдеулерін сипаттап жазу дағдысын дамыту, дүниетанымдық көзқарасын арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды еңбексүйгіштікке, химия пәні талап ететін ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары:

І. Қайталау – оқу анасы. (не білемін….)

Менделеевтің кестесінен,

Аңызға арқау болған

Қасиетті, құдіретті, киелі

Білесің бе, фосфор деген элементті?

1.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі көмегімен фосфорға сипаттама беру.

  1. Тақтаға фосфордың атом құрылысын жазу.
  2. Жоғалған формулалар (химиялық қасиеттерін еске түсіру)
  1. P + ? = 2PH3
  2. P + S = ?
  3. Р + Ca = ?
  4. P + ? = 2PCI3
  5. Ca3P2 + H2O = Ca(OH)2 + ?
  6. P2O5 + H2O = ?
  7. 6P + KCIO3 = KCI + ?
  8. Р  + ? = 2P2O5
  9. P2O5 + NaOH = ? + H2O

 

ІІ. “Сен оқысаң, мен тоқығам”. Жаңа сабақ

Сабақ тақырыбын  

             тауып көр

Фосфор жақсақ будақтап,

Ақ түтінін түзеді.

Ол түтінді су сорып,

Қандай қосылыс түзеді?

 

Н3РО4  — молекулалық формуласы

 

Н – О

H – О – Р = O

H – O

құрылымдық формуласы

Қышқылға сипаттама: үшнегізді, оттекті, ерігіш, тұрақты, күші орташа қышқыл

Физикалық қасиеттері

Н3РО4 – түссіз кристалдық зат, суда жақсы ериді,  улы емес,  t0бC = 42,3.

Химиялық қасиеттері

1.Сатылап диссоциацияланады:

Н3РО4↔ Н+ + Н2РО4

Н2РО4 ↔ Н+ + НРО42-

НРО42- ↔ Н+ + РО43-

 

  1. Н3РО4 + индикатор = түсін өзгертеді.

3.Металдармен әрекеттесуі

Ортофосфор қышқылы металдардың кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдардың барлығымен  әрекеттеседі де, орта немесе қышқыл тұздар және сутегін  түзеді.

6К + 2Н3РО4 = 2К3РО4 + 3Н2

2К + 2Н3РО4 = 2КН2РО4 + Н2

  1. Негіздік оксидтермен әрекеттесуі

3СаO + 2H3PO4 =Ca3(PO4)2 +  3H2O

  1. Еритін негіздермен

3NaOH + H3РО4 = Na3PO4 + 3H2O

  1. Негіздермен (ерімейтін)

3Cu(OH)2 + 2Н3РО4 = Сu3(PO4)2 + 6H2O

  1. Тұздармен (әлсіз қышқылдардың

3Na2СО3 + 2Н3РО4 =  2Na3PO4 + 3H2O + 3CO2

Алынуы:    Зертханада:

Р2О5 + 3Н2О = 2Н3РО4

  1. Өнеркәсіпте:

А) экстракциялық

Са3(РО4)2 + 3Н2SO4 = 3CaSO4 + 2H3PO4

В) термиялық

+SiО2,C                 +O2                     +H2O

Са3(РО4)2                           P               P2O5                     H3PO4

Фосфор қышқылының тұздары

Фосфор қышқылы үш қатар тұз түзеді:

— фосфаттар

— гидрофосфаттар

— дигидрофосфаттар

Фосфат-ионға сапалық реакция

Н3РО4 + AgNO3 =   Ag3PO4  + ?

Na3PO4 + AgNO3 = Ag3PO4  + ?

Фосфор  қышқылы мен тұздарының қолданылуы:

 

 

Минералды тыңайтқыштар                жуғыш заттар                дәрі-дәрмектер

Тапсырма: “Атымды тап”

Са3(РО4)2               кальций гидрофосфаты

Са(Н2РО4)2            кальций фосфаты

СаНРО4                 кальций дигидрофосфаты

Фосфор қосылыстарын зертеуде көп үлес қосқан  Қазақстандық ғалым Ә.Б.Бектұров туралы

Бектұров Әбікен Бектұрұлы (1901-1985) – техника ғылымының  докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының  академигі, Қазақстанның  еңбек  сіңірген ғылым қайраткері.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері минералды тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Ә.Б.Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып енгізді, Қаратау фосфоритінен минералды тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі

Бекіту тапсырмалары: «Мен не білдім …..»

1.Жеке жұмыс:

Айналымды орында:

P ——-  Mg3P2 ——-  PH3  ——-  P2O5 ——— H3PO4 ———  Ca3(PO4)2

 

 

2.Жұппен жұмыс:

Есеп: Құрамында 20г фосфор қышқылы бар ерітіндімен құрамында 20г қорғасын хлориді бар ерітінділер араластырылды. Реакция нәтижесінде түзілген тұнбаның массасын анықтаңдар.

Бер:

m(Н3РО4) = 20г

m(РbСІ2) = 20г

т/к m(тұнба)

 

3.Сыныппен жұмыс

Сәйкесін тап

    Р   Р2О3 Na3PO4  H3PO4  P2O5 NaH2PO4
     Тұзы
   Қышқылы
    Оксиді

 

4.Сендер мына тұжырымдамалармен келісесіңдер ме?

1.Фосфор қышқылы күші орташа электролит

2.Н3РО4 тек еритін сілтілермен әрекеттеседі

3.Н3РО4 тұрақсыз қышқыл

  1. Н3РО4 үшнегізді, оттекті қышқыл

5.Н3РО4 металдармен әрекеттескенде сутегі бөлінбейді.

  1. Н3РО4 металдардың кернеу қатарында сутегіне дейінгі металдармен әрекеттеседі.
  2. Н3РО4 ерітіндісінде лакмус түсі көкке өзгереді
  3. Н3РО4 тұздары фосфаттар деп аталады

Өзіңді тексер!

  1. Иә
  2. Жоқ
  3. Жоқ
  4. Иә
  5. Жоқ
  6. Иә
  7. Жоқ
  8. Иә

Үйге тапсырма:

  • 22