Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы. Химиялық элемент атомының құрылысы.

211

 

Сабақтың тақырыбы: Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы. Химиялық элемент атомының құрылысы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Д.И.Менделеевтің периодтық таблицасын жүйелі түрде құрылысын, жалпы химиялық элементтердің атомының құрылысын түсіндіру.
  2. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыра отырып, дарындылық қабілетін қалыптастыру.
  3. Өз бетінше жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық таблицасы, тірек – сызбалар, перфокарталр, кеспе қағаздар.

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, қызығушылығын ояту.

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.

Сабақтың барысы:

  І. Кіріктірілген бөлім.

Бағдарлау – мотивациялық кезең.

Қызығушылығын ояту. Ассоциация құру.

Сендер Д.И.Менделеевтің периодтық таблицасы бойынша толық мағлұмат алдыңдар.

Мынадай сұрақтарға тірек сызба арқылы жауап берейік.

  1. Периодтар таблица бетінде қалай орналасқан?
  2. Периодтық жүйеде неше период бар?
  3. Периодтың қандай түрлері бар?
  4. Әр периодтағы элементтер саны?
  5. Үлкен периодтар қандай қатардан тұрады?

Қанша топ бар , олардың түрлері?

  1. Топ бойынша элементтердің жоғарғы оксидтерінің жалпы формуласын жаз.
  2. Сутекті қосылыстардың жалпы формуласын жаз. Қай топта түзіледі, қалған топта қандай өзгерісте болады?

 

 

 

ІІ. Сараланған бөлім

Операциялық – орындаушылық кезең.

Танымдық тапсырмалар.

  1. Реттік номерлері 58-71-ге дейінгі элементтер қалай аталады?Қай периодта орналасқан? Оларды жазып көрсетіңдер.
  2. Реттік номерлері 9-103-ке дейінгі элементтер қалай аталады, қай периодта орналасқан? Оларды жазып көрсетіңдер.
  3. Атом ядросының құрылысы, атом ядросы бөлшектеріне сипаттама беріңдер? Бірнеше мысалдар жазыңдар.
  4. Оқулықпен жұмыс.
  • 2. 1 . №3, №6, №7. §2.2. №5, №7.
  1. Өз бетінше орындайтын танымдық тапсырмалар.

 

 

 

 

Тапсырма – 1

Элементтердің  жоғарғы оксидтерінің  формуласы  F 2 O 3Бұл элементтердің гидроксидтері қалай өзгереді. Мысал.

 

 

 

 

           Тапсырма – 2

а) +18  ә) +38   б)+20   в)45-ке  тең элементтерді периодтық жүйеден тауып, атомдарының  құрамының формуласын жазыңдар.

 

 

  1. Ой – тұжырымдамасы:
  2. Периодтық жүйеде барлық элементтер рет бойынша нөмірленген. Бұл нөмірлер реттік немесе атомдық нөмер деп аталады.
  3. Периодтар горизонталь қатардан тұрады.

7 период болады.

  1. ІІ, ІІІ период элементтері типтік деп аталады. Себебі металдан еке дайлы элементтерге       бейметалдарға      инертті газға өзгереді.
  2. Топтар негізгі      қосымша топшаларға бөлінеді.
  3. Әрбір атом ядросының оң заряды, электрондар саны элементтердің реттік нөміріне тең.
  4. Ядро заряды бірдей, бірақ атомдық массалары әр түрлі, бір элементтің атомдарының түр өзгерісі изотоптар деп аталады.
  5. Әрбір изотоп екі шама: атомдық масса және ядро заряды жазылады.

ІІІ. Кіріктірілген бөлім.

Рефлекциялық – бағалау кезең.

Білімді бекітуге арналған тест сұрақтар.

  1. Қабаттама сақина бойынша берілген элементтердің салыстырмалы атомдық массасын және сәйкес атом құрамын келтіріп тап.

 

  1. Сәйкестік тест.

Галогендер                                                             Fe ,  Co , Ni ,

Триада                                                                     Mn, Tc,  Re,

ҮІІ топтық қосымша топшасы

элементтері                                                            F , Cl  , Br , I , At,

R 2 O 7 қай топқа сәйкес                                         А

Na

Cl

Бейметалдық қасиеті күшті элемент                   ҮІІ топ

ҮІІІ топ

ІІІ топ

 

 

 

 

Бағалау

Тапсырмалар Мұғалім берген ұпай Оқушының жинаған ұпайы Баға
1 Ассоциация құру 5 ұпай
2 Танымдық тапсырма 5 ұпай
3 Оқулықпен жұмыс 5 ұпай
4 Тапсырмалар 5 ұпай
5 Білімді бекіту 10  ұпай
1 Қабаттама сақина
2 Сәйкестік тест
Барлығы 30 ұпай

 

Әр тапсырмаға бес ұпайдан беріледі. Соңғы білімді бекітуге берілген екі тапсырмаға жеке-жеке балл берілу керек.

30 балл – «5»

25 балл – «4»

20 балл – «3»

Үйге тапсырма:

  • 2.1 §2.2. №4, №10, №11 жаттығуларды жазып, түсіндіріңдер.