Кальций және қосылыстары.Қазақстандағы кальций қосылыстарының маңызды кен орындары.

123

 

Сабақтың тақырыбы: Кальций  және қосылыстары.Қазақстандағы  кальций қосылыстарының маңызды кен орындары.

Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: Периодтық  жүйедегі   орны  бойынша  кальций атомының құрылысы,

қасиеттері, оның қосылыстары, күнделікті өмірде қолдану салаларымен

таныстыра  отырып, алған  білімдерін  жадында  сақтау, ойлау қабілетін

дамыту, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.
Дамытушылық:      Өмірде көрген деректерді пайдалана білуге яғни қолданыстағы

заттардың пайдасын зерттеуге,оқушылардың тіл байлығын дамыту, тез

ойлауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өз бетімен еңбектену іскерліктерін арттыра отырып оқушылардың

танымдық белсенділіктерімен ой -өрісін дамытып, шығармашылыққа,

іздемпаздыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:Са, СаО, НСl, Н2О, фенолфталеин, Са(ОН)2, СuSО4, сынауықтар,

стакандар,интерактивті тақта

Сабақтың барысы: І. Өткен сабақты қайталау «Химиялық ой жинау»

  1. Металдарға жалпы сипаттама; ПЖО.
  2. Жалпы физикалық қасиеттері.
  3. Жалпы химиялық қасиеттері.
  4. Ме активтік қатарын кім ұсынған?
  5. Ме табиғатта қандай түрінде кездеседі?
Ауыр Ме

1

Сирек -жер

Ме

2

Жеңіл Ме

 

3

Сирек кезде-

сетін Ме

4

 

Шашыран-

ды Ме

5

 

Бағалы

Ме

6

 

Радио-

активті

Ме

7

             

        «Кім көп біледі ?»(Сандармен берілген элемент таңбаларын орналастыру)

6.(Au,Ag,Pt,Pd,Rh,Ir,Ru,Os)  1.( Cu,Zn,Pb,Hg ) 3. (K,Na,Mg,AI) 4.( Li,Rb Cs,Вe,Mo,W,Ta )  5.(Ga,In,TI,Ge)   7.(Ra,Th,U,Ac, актиноидтар)2.(Sc,V,La,лантаноидтар)

    ІІ. Жаңа сабақ:

                                          Қайталау-  оқу  анасы

  1. 1-топқа.Кальцийдің ПЖО.Атом құрылысы 8-сыныптағы«Д. И. Менделеевтің заңы мен жүйесі» тақырыбынан алған теориялық білімдеріңізге сүйеніп, кальций элементіне сипаттама беріңіздер. (Периодтық жүйе пайдаланылады)
Химиялық таңбасы Электрондардың энергетикалық деңгейде орналасуы Электрондық формула

Электрондық құрылысы, графиктік формуласын жазу

Электрондардың орбиталдарда орналасуы(қалай орналастыруға болады?

3s2         3p6                       3d0                 4s2

….

 

2-топқа.Кестені толтыру.  Табиғаттағы қосылыстары.

Формуласы аталуы Қазақстанның қай аймағында кездеседі(карта пайдалану)
СаSO4*H2O    
СаСО3*MgCO3    
Са3(РО4)2    
СаСО3    
Са5(РО4)2F , СаF2    
  1. Физикалық қасиеттері.Топтастыру
  2. Алынуы (реакция теңдеуін жазу) 1808ж ағылшын ғалымы Г.Деви

5.Химиялық қасиеттері. (оқулықпен жұмыс).1-топқа

А) Жай заттармен әрекеттесуі кластер құру .(Тақтаға теңдеулерді аяқтап жазу.)

                 Н2

C                         N2                                                      Cao + N2=

Ca+2C  =                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

Ca                                                                        Сао20=

Cao+Cl2o=

CI2                       O2                                                           Сао2о=

Ә) Күрделі заттармен: кластер құру .(Тақтаға теңдеулерді аяқтап жазу.)2-топқа

Са                  НОН                                        Са + НОН=

НСІ                                                Са + НСІ =

НNO3

(сұйық )                                                      4Са+  10НNO3(сұйық)= 4Ca(NO3)2+N2O+ 5H2O

 

6.Кальций қосылыстары  :                Жұмбақ шешу

  1. Денесіне су тисе бұрқырап,ашуланар,

Әркім оны өз үйінде пайдаланар  (реакция теңдеуін жазу)

  1. Сыныптан бір шықпайды, Жәрдемінсіз бұл заттың

Тимесең жұқпайды   .                                    Оқушы сабақ ұқпайды  (формуласы жазу)

                                                      «Білгенге маржан»

Әктас қалай пайда болды?
Бор — мұхит пен теңіздерде тіршілік ететін ұсақ ағзалардың қабыршақтары мен қаңқаларынан пайда болады. Олардың әктен түзелген қаңқаларынан теңіз, мұхиттарда, су астында үйінді пайда болады. Қаңқалар үйіндісінен жартас — риф және шеңберлі жартас — атолл түзіледі. Әк алуға көбінесе рифтегі көп қармалауышты маржандардың қаңқалары пайдаланады. Бор бор дәуірінде түзілген, тау жер бетінде тұтас жота болып көтерілген.
Табиғаттағы айналымы.
Калиций карбонатының гидрокорбанатқа және керісінше айналу реакциясы.
Жаңбыр және басқа табиғи сулар ауадағы көмірқышқыл газын ерітіп, көмірқышқылын түзеді:РТЖ
Н2О + СО2 → Н2 СО3                                                                 Са(НСО3)2 → Са СО3 ↓ + Н2О + СО2
«Химиялық эстафета»

1-топқа.     Са→СаО→Са(ОН)2→СаСl2→CaSO4→Ca(NO3)2

2-топқа       CaO→CaCl2→CaCO3→CaO→Ca(OH)2

Са(ОН)2 – суда нашар ериді

Са(ОН)2→Са+2+2ОН       Фенолфталеин қызарады!

                    Бәріңе!                       Бәріңе!              Бәріңе!

  1. «Асулардан асайық» есептер шығару

1-топқа.     20% қоспасы бар 7г техникалық кальцийді 100г суда ерітті.Алынған ерітіндідігі кальций гидроксидінің массалық үлесін табу

2-топқа.  Өнімнің шығымы 75%болса, 6 кг сөндірілмеген әк алу үшін әктастың қаншасын еріту қажет?

                                                «Ой толғаныс»

7.Қолданылуы:1. Дем алғанда лайланатын су? (Са(ОН)2)

Әкті су – мөлдір ерітіндісі. Лабораторияда СО2 анықтау үшін пайдаланады.РТЖ

Са(ОН)2+СО2→СаСО3↓+Н2О

▲ Тәжірибе «Дем шығару».

  • Сынауықта Са(ОН)2 оқушы партасында, түтікше арқылы үрлеген кезде, ерітіндіде тұнба пайда болады.

ІV. Бекіту. 1.Кальцийдің өздеріңіз білетін, күнделікті өмірде кездестіріп жүрген қандай қосылыстарын білесіздер?
2.Металл күйіндегі  кальций ауада қалса,біртіндеп ақ түсті ұнтаққа айналады.Жүретін реакция теңдеуін жазу

  1. 9-12 Есептер жинағы.Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша:

СаСО3→ СаО + СО2 –180 кДж 200 кг кальций оксидін алу үшін қанша жылу жұмсау керек?

Y.Үй тапсырмасы 35,36 «Ізденген жетер мұратқа»

Үйге тапсырманы дифференциалдап беру.1 -топқа: Кальций және оның қосылыстары тақырыбын оқу, тірек хабарларды пайдалана отырып, реакция теңдеулерін жаза білу.
2- топқа: Оқулықтағы №6, №7 жаттығу. Ізденіп шығармашылықпен жұмыс істеу:
«Туған өлкемнің байлығы» тақырыбына реферат жазу.

ҮІ.Қорытынды жасау.Бағалау