Портфолио – педагогтардың кәсіби өсуін арттыруының шарты

71

 

Портфолио – педагогтардың кәсіби өсуін арттыруының шарты

 

 

Қоғамның әрбір даму кезеңінде ең алдымен, сол қоғамға сәйкес жаңа адамды қалыптастыру ешқашан маңызын жоймайтын тарихи құбылыс. Бұл пікірдің маңыздылығын ұлы педагог М.Жұмабаевтың мына ой-тұжырымынан көруге болады: “Баланы тәрбие қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығара білу деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен  өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін. Тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару. Баланы мұндай адам қылу үшін тәрбиеші  бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек”.

Ал бүгінгі күнгі басты мәселе – халқымыздың тәлімді тәрбиесі мен әлемдік озық тәжиребеге негізделген, тұлғаның жеке дамуын көздейтін нәтижеге бағытталған жаңа мазмұндағы 12 жылдық білім беруге көшу болып отыр.

Нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегі педагогтардан мұғалімдердің кәсіби құзырлылықтан дамытуды, сондай-ақ білім мазмұнын жаңартумен қатар, оны бала еркін игеруі үшін тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіре отырып, жаңаша әдістемелік негіздерін қалыптастыруды талап етеді. Өйткені, білім барлық адам үшін емес, білім әр адамға өмір бойы қажет еткендігін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.

Ф.М.Достоевскийдің “Өзіңнен өзінді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл”, — дегеніндей, әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екенін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды.

Белгілі кеңес педагогы Н.М.Гонобалин балаға сүйіспеншілік мұғалімнің еңбегіне деген сүйіспеншілікті тудырады, бұдан мұғалім ісінде шеберлік пайда болады дейді. Ал В.А.Сухомлинский “…балалармен күнделікті қарым –қатынаста болу адамға сүйіспеншілікті, сенімділікті арттырады”, — деп жазды.

Ал, қазақстандық психолог Мәжит Мұқанов келесі тұжырымды ұсынады “Мұғалімнің негізгі қызметі – білім беру емес, оқушының оқуға танымдық қызығуын арттыру, итермелеу, түрткі болу”.

Сондықтан оқушының рухани өсуіне, білім алуына жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз ісіне қорықпастан өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі  қоғам мүддесі мен әр баланың көңілінен шыға алады. Ойы жүйрік, білімі жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім тұратын жеке тұлғаны тек қана жаңашыл педагог қалыптастыра алады.

Егер әр педагог өзі таңдаған әдістемелік жолын, проблемалық тақырыбын жаңаша құра білсе, жаңа педагогтардың саны арта түсері сөзсіз. Өз заманының ғұламасы Летурно сөзімен айтсақ, “Егер сен тәнді шынықтыру, ерік –жігерді шыңдау, жүректі ізгілендіру, ақыл-ойды жетілдіру және сана сезімді теңестіру әдістерін білетін болсаң – онда сен нағыз ұстаз, тәрбиешісің”.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің  күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің  жаны – мұғалім екені баршаға мәлім.  Мұғалім заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны қүмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан. Мұғалімнің жеткен жетістіктері  портфолио арқылы анықталады.

Портфолио(кең ұғымы) – бұл мұғалімнің  еңбегінің белгілі бір кезеңінде  жеткен жеке  жетістІктерін бағалау, жинақтау және белгілеу. Портфолио  шет мемлекеттерінің білім саласында  бағалаудың жаңа жүйесі  және өзін-өзі бағалаудың түрі ретінде кеңінен  қолданылып келеді. Портфолио дәстүрлі бағалаудың жүйесін толықтырып, мұғалімнің ақпаратты қабылдаудың репродуктивті деңгейін, фактілі және алгоритімді білім мен дағдыларын тексеруге бағытталған.

Портфолио мұғалімнің түрлі қызметтегі жетістіктерін ескеруге мүмкіндік береді. Сонын ішінде: оқу, шығармашылық, әлеуметтік ,коммуникативті т б  қызметтері. Бұл білім берудің практикаға бағытталған, іс-әрекеттік тәсілдің  негізгі бөлігі болып саналады. Шет елдер тәжірибесінде  портфолио мұғалімнің жетістіктерінің жұмыс жинағы  ретінде анықталып, оның түрлі салалардағы жетістіктерін көрсетеді.

Портфолионың негізгі мақсаты:

— педагогтың кәсіби өсуі туралы есеп алу;

— жалпы білім алудың негізгі нәтижелерінің  жағдайын көру;

— педагтын білім кеңістігінде жеке даму  бағытына жағдай туғызу;

— оның алған білім мен білік мүмкіндіктерін  практикалық тұрғыда қолдана алуын көрсету;

-портфолиоға енетін қандай болмасын жетістіктерді толықтай  немесе белгілі бір кезеңін бағалау, ол санды және  сапалы  түрде болуы мүмкін.

Бүгінгі таңда білім берудің теориясы мен практикасында портфолионың келесі турлері ажыратылады:

«Құжаттар портфолиосы » — бұл жеке білім жетістіктерінің құжатты түрдегі жинақталған  портфелі.
Портфолионың бұл моделі құжаттардың сапалы және санды түрде бағалануын көздейді.  Мұғалімнің әр-түрлі курстарға қатысқан сертификаттары, басылым беттеріне шыққан мақалалары арқылы оқушыларының жетістіктері қорытындыланады.

Мектебімізде жылма жыл педагогтардың саны өсіп келеді, 2012-2013 оқу жылында – 55 мұғалім.  Қазіргі таңда мектебімізде жоғары санатты – 3, І санатты – 27, ІІ санатты – 15, санатсыз — 9 мұғалім.  Жоғары білімді мұғалім – 51, арнаулы орта білімді мұғалім – 3. 2013-2014 оқу жылында 55 мұғалім жоғарғы санатты -5, І санатты – 22, ІІ санатты – 18, санатсыз -10. Жоғары білімді -49, арнаулы орта – 6.

 

Педагогтардың кәсіби өсуіне қойылатын талаптар:

  • жоғары азаматтық жауапкершілік пен әлеуметтік белсенділік;
  • шынайы зиялылық, рухани – адамгершілік мәдениет;
  • жалпы педагогикалық мәдениетпен бірге жоғарғы деңгейдегі кәсіпкерлік;
  • шығармашылық жаңашылдық әрекетке қабілеттілігі;
  • денсаулығы, психикалық саулығы;
  • өзін-өзі дамыттуға қажеттілік;
  • дамыған интеллект;
  • қызығушылығы мен қабілеттерінің тұрақты педагогикалық бағыттылығы;
  • педагогикалық өзіндік ойлау мәдениеті, үйлесімділігі;
  • педагогикалық такті мен қарым- қатынасы;
  • кең ауқымды ғылыми және көркемдік көзқарасы;
  • шығармашылық қабілеті және педагогикалық шеберлігі.