Химия пәнінен бір сабақ «ТЕРГЕУ» ОЙЫНЫ

Химия пәнінен  бір  сабақ

«ТЕРГЕУ» ОЙЫНЫ

Оқушылардың жаңа сабақты жақсы меңгеруі үшін білім берудің тиімді жолдарын іздестіріп отырған жөн. Осы мақсатта химия пәнінен 8-сыныпта «Күрделі заттардың маңызды кластары. Оксидтер» тақырыбы бойынша қорытынды-бақылау сабағы тергеу ойыны түрінде өткізілді.
Төменде осы тергеу сабағының жоспары ұсынылады.
Оқушылар білім деңгейіне сәйкес 3-4 оқушыдан топтарға бөлінді. Әр топта үлгерімі өте жақсы, үлгерімі жақсы, үлгерімі орташа және үлгерімі нашар оқушылар саны бірдей болды.
Құралдар, кабинетті көркемдеу.
Командалардың үстелдерінде:
№1, №2, №3, №4 кестелер, жауап парағы, есеп шығаруға арналған таза парақтар, Менделеев кестесі, қаламдар, есептегіш машина, 100 химон.
Мұғалімнің үстелінде:
еске түсіргіштер, «Сатып алу» кестесі, «Банк тапсырмаларының» жауаптары, өзгерістер сызбанұсқасы, бағалары жазылған еске түсіргіштер, шығарылған есептерді сатып алатын химондар.
Тақтада:
шифрленген өзгерістер сызбанұсқасы, бағасы бар еске түсіргіштер, ойын уақыты, кейбір ережелер.
Жеке үстелде:
мазмұны және деңгей күрделілігі әр түрлі 35 тапсырма (әрбір тапсырманың бағасы көрсетілген), «Банк тапсырмалары» кестесі.
Сабақтың түрі:
қорытынды-бақылау.
Сабақтың дидактикалық мақсаты:
А) «Күрделі заттардың маңызды кластары.Оксидтер» тақырыбы бойынша оксидтер туралы оқушылардың білімдерін қорытындылау және тексеру; оксидтерді алу реакция теңдеулерін құрастыру және электрондық баланс әдісімен коэффициенттерді қою дағдыларын тексеру;
Ә) химиялық формулалар және реакция теңдеулері бойынша есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
Тергеу ойының мақсаты:
    1) Заттар айналымы сызбанұсқасын шешу;
    2) Көбірек ақша табу керек. 
Ойын мазмұнына байланысты іс-әрекеттер.
Жеке меншікті тергеу бюросы(топтар) тапсырыс алады: сандар және әріптермен көрсетілген заттар сызбанұсқасын шешу. Тергеу жүргізу жүшін оқушылар информатордан (мұғалімнен) еске түсіріш сатып алады. «Банк тапсырмаларынан» алған есепті шығарып, оны «Сатып алу» орнына сатып, ақша табады.

Жеке меншікті тергеу бюросы

(командалар)

№1   №2 №3  №4

Ойын ережелері.
Ойын басында әрбір бюрода 100 химоннан бар. Тергеу жүргізу үшін бюро 3-4 адамнан тұрады. Әрбір бюрода алып-сатуға бір кісі тағайындалады.
Ойынның бірінші кезеңінде командалар кезектесіп еске түсіргіштер сатып алады. Еске түсіргіш – ол есеп, оны шығарып, сызбанұсқаладағы шифрленген затты табады. Ең арзан еске түсіргіштің шығару жолы курделі болдады, ал ең қымбаты жеңіл болады.
Ойын барысында бюро қызметкерлері «Банктен» тапсырмаларды өздері таңдап алады, содан соң «Сатып алу» орнына сатады. Тапқан ақшаларын жаңа басқа командаға сатуы алуға жұмсайды. Бюро сатып алған еске түсіргіштерін басқа командаға сатуы мүмкін. 5 химонға информатордан еске түсіргіштерін басқа командада екені туралы ақпарат сатып алуға болады. Сатып алынған еске түсіргіштерді информатор сызып тастайды. «Жауап» парағын толтырады (сызбанұсқа шешімін және сызбанұсқа сәйкес өзгерістерді жазады). Бар ақшасын санап, оның жалпы санын сол параққа жазып, информаторға тапсырады.
Командалардың жұмысын бағалау.
Сызбанұсқаны 50%-дан 75%-ға дейін шешкен команда «3» алады; 75%-дан көп шешкендері «4»;  100% «5» алады. Сызбанұсқаны шешкен және 100 химон жинаған команда екі «5» алады; 200 химон жинаған үш «5» алады. Бюроның өз қызметкері жұмысын дұрыс устемесе, бағасын кемітуге құқысы бар.
Ойынның барысы.
    1) Командалармен сәлемдесу.
    2) Мақсат қою. Қорытынды-бақылау сабағы тергеу ойыны түрінде өтеді. Әр түрлі тапсырмалар беріледі. Заттар айналымының сызбанұсқасын орындайды, яғни А затынан В затын алу керек.
    3) Ойын ережелерін түсіндіру.
Командаларға сызбанұсқа берілді (тақтада).

А –––––––1–––––––>В
20

2010
50

Еске түсіргіш бағасы

30                                    3060                         50

Мұғалім үстелінде еске түсіргіштер бар.

А–еске түсіргіші (е.т.)

—  20 химон

108 г металы 67,2 л оттегімен әрекеттескенде күрделі зат түзілді. А металының тотығу дәрежесі  — +3.
А–е.т.–30 химонА – жай зат, металл: сыртқы энергетикалық деңгейінде …3s23p1электрондары бар атомнан тузілген.
А–е.т.–60 химонА – жай зат, атом ядросында 13 протоны бар химиялық элементтен түзілген.
В – е.т. – 10 химонВ – элемент оксиді, құрамында 52,8% оттегі бар.
В – е.т. – 30 химонВ қосылысы екі элементтен түзілген, электрондарының формулалары мынадай:

І – 1s22s22p63s23p3;            ІІ – 1s22s22p4

«Реагент» е.т.–20 химонРеагент төмендегі көрсетілген реакциялардың бәріне қатысады:

Н2 + …–> Н2О;    К + … –> К2О;            S + …–>SO2

«Реагент» е.т. – 50 химон

 

Реагент – түссіз, дәмсіз және иіссіз газ, суда аз ериді, ауадан сәл ауыр, жануды қолдайды.

Командалар кезектесіп 100 химондары біткенше еске түсіргіштерді сатып алады. Еске түсіргіш қай командаға сатылғанын мұғалім сызбанұсқада белгілеп отырады. Ақша табу үшін командалар «Банкпен» есеп алып шығарады, содан соң «Сатып алу» орнына сатады. «Банк тапсырмаларында» есептер нөмірленген, химонмен бағаланған; курделілері қымбат, қарапайымдары арзан тұрады.
Банк тапсырмалары.

№1-10 химонРеакция теңдеуін аяқтаңыздар:

C + O2 –> …;   Al + O2 –> …;   Fe + O2 –> …;   P + O2 –> …

№2-10 химонРеакция теңдеуін аяқтаңыздар:

S + O2–>…;     Be + O2                     Zn + O2               K + O2           

№3-10 химонРеакция теңдеуін аяқтаңыздар:

Ca + O  –>…;   Na + O–>…;       As + O–>…;        N2 + O2–>…;

№4-15 химонРеакция теңдеуін аяқтаңыздар:

H2 + O2 –> …;   H2 + F2 –> …;   H2 + Ca–> …;      H + Na–> …;

№5-10 химона) күкірт (IV);  ә) натрий; б) азот (III);  в) күкірт (IV) оксидтерінің формулаларын жазыңыздар және аттарын атаңыздар.
№6-10 химона) көміртегі (IV); ә) фосфор;  б) азот (IV);  в) калий оксидтерінің формулаларын жазыңыздар және аттарын атаңыздар.
№7-15 химонNa2O, CO2, SO3, P2O5 оксдитерінде элементтер таңбаларының үстіне тотығу дәрежелерін қойыңыздар.
№8-30 химонФосфор (V) оксиді, алюминий оксиді, күкірт (VI) оксиді, азот (IV) оксидін алу реакция теңдеулерін жазыңыздар.
№9-50 химонОттегінің күкіртпен әрекеттескендегі тотықтырғыш қасиетін көрсетіңіздер.
№10-20 химонКерек индекс және коэффициенттер арқылы жоқ заттардың формулаларын сақинаға жазыңыздар:

2MgO
SO2

а)         ә)

S
?
?

 

O2

 

 

№11-20 химонКерек индекс және коэффициенттер арқылы жоқ заттардың формулаларын сақинаға жазыңыздар:

2ZnO
5O2

а)         ә)

O3
?
?
4P

 
 

 

№12-30 химонМына өзгеріс сызбанұсқасында Э–>Э2О5   «Э» элементі: а) күкірт ; ә)кальций; б) фосфор; в) хлор элементтерінің қайсысы болуы мүмкін?
№13-20 химона) S  (IV);  ә) N;  б) Cl (VII) элементтерінің жоғарғы формулаларын жазыңыздар және атаңыздар.
№14-30 химонМына өзгеріс сызбанұсқасындаЭ –> Э2 О5 «Э» элементі: а) кальций; ә) алюминий; б) калий; в) күкірт элементтерінің қайсысы болуы мүмкін?
№15-20 химона) СІ (VII); ә) АІ; б) К элементтерінің жоғарғы оксидтерінің фомулаларын жазыңыздар және атаңыздар.
№16-30 химонМына сызбанұсқалардағы S –x–> SO2 X затының молекулалық формуласы қандай? Реакция теңдеуін құрастырыңыздар.
№17-50 химонЭлектрондық баланс әдісімен коэффициенттерін қойыңыздар:

Р + О2 –> Р2 О5

№18-50 химонЭлектрондық баланс әдісімен коэффициенттерін қойыңыздар:

К + О2 –> К2 О5

№19-50 химонЭлектрондық баланс әдісімен коэффициенттерін қойыңыздар:

Na + О2 –>Na2 О

№20-50 химонЭлектрондық баланс әдісімен коэффициенттерін қойыңыздар:

Mn + О2 –>Mn2 О3

№21-50 химонЭлектрондық баланс әдісімен коэффициенттерін қойыңыздар:

Mn + О2 –>Mn2 О7

№22-10 химонМына қосылыстардың салыстырмалы массаларын анықтаңыздар: HCl, Na2CO3, CO2
№23-10 химонМына қосылыстардың салыстырмалы массаларын анықтаңыздар: H2, Na2CO3, CO2
№24-10 химонМына заттардың:  F2 , HBr, Al2O3 мольдік массаларын анықтаңыздар.
№25-20 химонМына заттардың:   Cl2, H2SO4, Fe2O3, CH4  мольдік массаларын анықтаңыздар.
№26-20 химонМына газдардың тығыздығын (қ.ж.) есептеңіздер: O2, N2, Cl2
№27-30 химонN2 және O2газдарының ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын анықтаңыздар.
№28-30 химонCl2 және CO2  газдарының ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын анықтаңыздар.
№29-30 химонМөлшері 30 моль болатын сутегінің массасын және көлемін есептеңіздер.
№30-30 химонТөменде келтірілген реакцияның жылу эффектісін есептеңіздер. Термохимиялық теңдеуін құрыңыздар:

H2 + Cl2–> 2HCl

Eбайл. кДж/моль          436   243    432

№31-40 химонРеакцияның энтальпиясын есептеңіздер және термохимиялық типін көрсетіңіздер:  С(графит) + О2 –> СО2 (г)
№32-40 химонАғаш көмірін жаққанда 502 кДж жылу бөлінсе, реакцияға оттегінің қандай көлемі қатысады?
№33-40 химон2400 г көмір жанғанда жылудың қандай мөлшері бөлінеді?
№34-50 химон240 г көміртегі реакцияға түскен болса, мына реакцияға қатысқан заттардың мөлшерін есептеңіздер: С(қ) + О2 (г) –> СО2 (г)
№35-50 химон6 моль сутегі реакцияға түскенде жұмсалатын оттегінің және түзілетін судың мөлшерін есептеңіздер.

 

Есептердің жауабы.


№22 – 36,5; 106; 44.

№23 – 34; 111; 112

№24 – 38 г/моль; 81 г/моль;

102 г/моль.

№25 – 71 г/моль; 98 г/моль;

160 г/моль; 16 г/моль.

№26 – 1,43 О2; 1,25 N2; 3,17 Cl2.

№27 – 0,965 N2; 1,100 О2.

№28 – 2,45 Cl2; 1,52 СО2.

№29 – 60 г; 672 л Н2.

№30 — +185 кДж;      Н= — 185 кДж.

№31 — — 393 кДж;     Н < 0,

экзотермиялық реакция.

№32 – 313,6 л О2.

№33  — 78600 кДж.

№34 – 20 моль О2; 20 моль СО2.

№35 – 3 моль О2; 6 моль Н2О.

 

35 минут өткен соң мұғалім командаларынан  «Жауап» парағына жауаптарын және шешулерін жазуды сұрайды. Командалар жауаптарын тапсырады, химондарын санайды және «Жауап» парағына жалпы санын жазады.
Содан соң тақтада мұғалім дұрыс жауабын көрсетеді.
Сабақ аяқталады, команда мүшелерінің бағалары келесі сабақта айтылады.
Командадағы оқушыларға есепті толық шығарып, алған бағаларына және жинаған химондар санына байланысты орындар берілді (ол қорытынды кестеде көрсетілді). Қорытынды кесте.

Командалар №, қатысушылардың аты-жөні.Неше химон жинады?Неше тапсырма орындады?Алған бағаларыҚорытынды
№ 1топ

№2 топ

№3 топ

№4 топ

 

 

«5» — ?

«4» — ?

«3» — ?

 

 

Тергеу ойынының рөлі зор: оқушыларға өз дағдыларын, қабілеттерін іске асыруға мүмкіндігін берді; күрделілігі әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдап алып орындады және нарықтық экономиканың алғашқы баспалдағын байқайды.