Азот оксидтері, азот қышқылы.

245

Сабақтың тақырыбы: Азот оксидтері, азот қышқылы.

Сабақтың білімділік мақсаты: Азот оксидтері мен  азот қышқылының алыну тәсілдері және қасиеттерімен таныстыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:  Оқушыларды ұқыптылыққа,  қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: қосылыстарды және теңдеулерді дұрыс жазуын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: периодтық кесте, үлестірмелі қағаздар, слайдтар, ойын элементтері.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, есептер шығару, жұмбақ шешу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: биология, әдебиет.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

                                             Ι. «Мектеп-білім ордасы» бекеті

  1. Азоттың периодтық жүйедегі орнына сипаттама беру.
  2. Азоттың ауадағы көлемдік үлесі қанша пайызды құрайды?
  3. Азоттың сутекті қосылысы не деп аталады?
  4. Лабораторияда аммикты қалай аламыз?
  5. Аммоний ионының сапалық реакциясы
  6. Аммиак молекуласы құрамындағы азоттың массалық үлесін табыңдар.
  7. Айналымды жүзеге асыру:

3.Жаңа сабақты түсіндіру

                  ΙΙ Білім алу бекеті

Азот мынадай оксидтер түзеді: Азот(Ι) оксиді N2O, азот (II) оксиді NO, азот(III) оксиді N2O3 , азот (IV) оксиді NO2 (N2O4), азот  (V) оксиді N2O5 , бұларда азот +1 ден +5ке дейінгі барлық тотығу дәрежелерін көрсетеді. Практикалық жағынан маңыздылары азот (ΙΙ) және азот(ΙV) оксидтері.

NO —  қышқылдық та, негіздік те қасиеттер көрсетпейтін, түссіз газ. Ол -151,80C – та сығылады, — 163,70С-та қатады. Суда нашар ериді: 00С-та 1 көлем суда 0,07 көлем NO ериді.

2NO + O2  = 2NO2  + 123 кДж

Алынуы: N2  + O2  =  2NO;          3Cu + 8HNO3  =  3Cu(NO3) 2 + 2NO + 4H2O

NO2 — өзіне тән иісі бар қоңыр түсті газ. Буы улы, онымен тыныс алғанда адам уланады. 21,30С-та сұйылады, 9,30С-та түссіз кристалдық массаға айналады. Азот (ΙV) оксидінің NO2  молекуласында  жұптаспаған электронның болуына байланысты, ол димерленіп,  N2O4 –ті түзуге бейім келеді.

 

 

Азот қышқылының физикалық қасиеттері: — өткір иісті, түссіз, сұйықтық (тығыздығы 1,52г/мл), — 420С-та кристалдық күйге ауысады. Өте ылғал тартқыш. Ауада ол «түтіндейді», өйткені оның буы ауаның ылғалымен  тұманның ұсақ тамшыларын түзеді. Сумен кез келген арақатынаста араласады, 860С-та қайнайды.

Химиялық қасиеттері:

 

Азот қышқылы Pt,Rh,Pd,Ir,Au-мен әрекеттеспейді. Бір көлем азот және үш көлем концентрлі хлорсутек қышқылынан тұратын қоспаны «патша арағы» деп атайды. Ол күщті тотықтырғыш болып табылады және металдарды тотықтырады.

Азот қышқылы — химиялық өнеркәсіптің негізгі өнімдерінің бірі. Оның көп мөлшері азот  тыңайтқыштарын, қопарылғыш және дәрілік заттарды, бояуларды, пластикалық массаларды, жасанды талшықтар мен басқа материалдар дайындауға жұмсалады.  Түтіндейтін азот қышқылы, ракета техникасында ракета отындарының тотықтырғышы ретінде қолданылады.

Сабақты бекітіп, қорытындылау.

                                   ІІІ. Пысықтау бекеті.

1 – тапсырма. Мына айналымдарды жүзеге асырыңдар:

Азот аммиак аммоний хлориді

2 – тапсырма. Мына айналымдарды жүзеге асырыңыздар:

Азот →аммиак →азот (ІІ) оксиді → азот (IV) оксиді → азот қышқылы

3 – тапсырма. Мына реакцияларды аяқтап теңестіріңіз:

(конц)=

(конц)=

(сұйылт.) =

4 – тапсырма. 15г азот (ІІ) оксидін тотықтырғанда қанша грам азот (IV) оксиді түзіледі.

5 – тапсырма.    «Химиялық шытырман»

 

  1. Ойлан, тап. Кім көп тіл біледі?
  2. Ең жеңіл элемент саналады,

Периодтық жүйе осыдан бастау алады. (сутек)

  1. Машина мен трактордың жаны,

Қара металлургияның наны. (темір)

  1. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады. (қорғасын)

 

  1. V. Бағалау.
  2. Үйге тапсырма беру. § 8 – 12. 1,2 – жаттығуды орындау.