Темір

Сабақтың тақырыбы   :    Темір

  Сабақтың мақсаты :    Темір металы жөнінде   білімдерін кеңейту , оқушылардың білімдерін жүйелендіру , пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.

  Сабақтың түрі  :    Кіріктірілген   қорытынды  сабақ  .

Кіріктірілетін пәндер (  Химия, физика ,География ,  Биология   ,  Асторономия   ,Әдебиет,дін,  халықтық педогогика және медицина  .

Сабақтың міндеті :     

Білімділік  :  Темір элементін жан-жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары, қолданылуы , маңызы жөнінде білімдерін  кеңейту.

 Дамытушылық : Оқушылардың  ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік  : Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту .

      Сабақтың көрнекілігі  :   Кестелер, сызбанұсқалар , топтама .

                     Сабақты қорытындылау жоспары

  1. Темірдің периодтық жүйедегі орны , атом құрылысы ( электрон, протон, нейтрон саны, салыстырмалы атомдық масса) , қолданылуы .  химик
  2. Табиғатта таралуы және маңызы  .   Геолог
  3. Темірдің ашылу тарихы . Тарихшы
  4. Физикалық қасиеттері .   Физик
  5. Темірдің геохимиялық қасиеттері
  6. Темірдің биологиялық маңызы  . Биолог
  7. Құранда темір туралы . Дін
  8. Абайдың жұмбағы .   Темір туралы мақал-мәтел   Әдебиетші

Темір

ұйымдастыру кезеңі

Темір десек біздің көз алдымызға  шойын мен болат келеді . « Жер бетінде  темір жойылып кетсе , не болады  деп елестетсек , көшелерде сұмдық көрініс темір жол да, поездар да , машиналарда жоқ, көпірлер   үйіндіге айналған, өсімдіктер    солып  тіршілін жоя бастаған .  Адам денесіндегі  3 грамм   темір жойылса , тіршілігін тоқтатып , өліп қалар еді» бұл көріністі суреттеген темірдің маңыздылығын айтқан атақты минеролог , академик А.Е. Ферсман

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Химик  :

 

Темір кені  қоры бойынша Қазақстан әлемінде  8-ші, оны өңдеуде 11 орында   .  Қазақстанда    есепке алынған   37 кен орны бар .  Темір өндіретін зауыттар :   Қарағанды , , Балқаш ,  Өскемен , Шымкент, Павлодар  түсті металлургия   зауыттары  бар . Темір периодтық жүйеде

4-период ,4-қатар ,8-топтың қосымша топша элементі р№ 26  т.д 0, +2,+3, кейде +6 тотықсыздандырғыш болып табылады.

Физик  : Ақ түсті , металдық жылтыры бар , тоқ пен жылуды жақсы өткізетін , магнитке тартылатын , жұмсақ, созылғыш металл  . Магниттік  қасиеті күшті металдар  :  темір, никель , кобальт .

Астроном  темірді ертеде «Аспан тасы  »деп атаған  . Темір күн жүйесінде  ең көп тараған элемент. Жер ядросының  90%   темір құрайды  . Жер мантиясында 12%,  Жер қыртысында  5 %  темір бар . Жер қыртысында  таралуы бойынша -6 орында .   Күн жүйесінің  орталық  жұлдызын  Темірқазық  деп атаған .

 Геолог  :  

Темірдің  табиғи минералдары   :

Fe 3O4   магнитті немесе магнетит  72 % Fe

Fe 2O3     қызыл теміртас  немесе гематит   70%    Fe

Fe  2O3. 3H2O    лимонит  50 %  Fe

Темір кендерінің үлкен қоры Уралда  .   Онда таулар толық темірден құралған .     Қостанай  өңірінде көптеп кездеседі  (Соколов-Сарыбай )

Тарихшы   :  Темірдің ашылу тарихы :    Жер бетінде    темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болған.   « темір ғасыры» деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізген  . Әйгілі   Тайқазан    1399ж  Түркістанда құйылған , құрамында 7 түрлі металл, темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын бар.      Эйфель мұнарасы

1889жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель алып мұнара құрылысын аяқтады .  Париж эмблемасына айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады.

 

Биолог   :    Темірдің    биологиялық  маңызы .

Адам денесінде  темір құрамы   3-7 гр дейін  ұлпа, қан,ішкі мүшелерде  болады.    Темір біздің  организмге тамақ арқылы келеді.  Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды .  Бұлшықет нәруызы –миоглобин , құрабында  Fe  +3   катионы  етке қызыл түс береді .    Жусан топырақта темір мөлшерін көрсететін индикатор –ашық сары түске енсе , темір мөлшерінің көп екенін  көрсетеді.

Медицина  :     Адам ағзасында   темір мөлшері жетіспеуінен   қан   аздық (анемия)   ауруы пайда болады.    Ол дұрыс тамақтанбаудан ,  экологиялық себептерден , әлсіреу, көп қан кету т.б пайда болады.   Темір қара нанда , бұршақта , сары майда , қалақайда , етте, асқабақта , итмұрын тұнбасында , қара өрікте  , жүзімде, жаңғақта  ,малдың бауырында   жеткілікті болады.  Ағзадағы  темір мөлшерін көтеруге, темір изотоптары  индикатор ретінде қан  ауруларын анықтауға қолданылады.

Дін :   Құранның 26 сүресінде     темір сүресі периодтық     кестедегі орнына сәйкес келеді.   Бұл   кездейсоқ жәйт емес . Мекедегі қара  тастың өзі де    таза темірден жасалғаны белгілі , оның тіреусіз  қалқып тұруы магниттік қасиетіне   негізделген.

Әдебиетші  : 

Бұл жерде  біз данышпан  Абайдың  бір үзік  жұмбақ келтірейік

Қара жер адамзатқа  болған мекен ,

Қазына іші толған   әр түрлі  кен.

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар ,

Солардың ең артығы немене екен ?      шешуі : темір

    Темірмін                            Жер әлемге кең таралған темірмін ,

Өндірістің тұлғасы боп көріндім.

Қара металл  патшасы  боп   танылдым ,

Қарапайым  үйдегі тұрмыста да,

Дамып жатыр алып құрылыста .

Қорытындылау .             Оқушыларды      бағалау .              Үйге тапсырма беру кезеңі .