Физикалық және химиялық құбылыстарды зерттеу

43

Тақырыбы:    Физикалық және химиялық құбылыстарды зерттеу

Мақсаты:  Физикалық және химиялық құбылыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын ажырату,

заттардың өзгерістерін сипаттай білу.

Құрал-жабдықтар: 1-2 сынауық, сынауық қоятын тұрғы, парафин, таттанған темір шеге, мыс сым,

таттанбаған темір шеге, спиртшам, сіріңке, кішкене алма, кішкене ағаш шиі, мұз, суы

бар стакан, қысқыш.

 

                                Практикалық жұмысты орындау барысы:

 

Жұмысқа нұсқау     Тәжірибенің орындалуы
1 Мұзды, суды, су буын салыстырыңдар. Су буын алу үшін суды сынауыққа құйып, спиртшаммен қыздырып, буландырыңдар.
2 Парафинді жағып, аз уақыттан соң сөндіріңдер.
3

 

Таттанған темір шеге мен таттанбаған темір шегені салыстырыңдар.
4 Ағаш шиін қысқышпен ұстап, спиртшамның жалынында қыздырыңдар.
5 Мыс сымды төске балғамен ұрып жапырыңдар. Дәл сондай мыс сымды жалынға ұстаңдар. Құбылыстарды салыстырыңдар
6 Алманы кесіп, аз уақытқа қоя тұрыңдар. Не байқалды? Бұл қандай құбылыс?

Қорытынды: