Массалық үлесі белгілі зат ерітінділерін даярлау

 №8 практикалық жұмыс

Тақырыбы:   Массалық үлесі белгілі зат  ерітінділерін даярлау

Мақсаты: Оқу процесінде алған тірек білімді ерітінділер даярлау кезінде іске асыру.

Берілген заттарды рет-ретімен пайдаланып жұмысты орындаудың жоспарын құрып,

оның мазмұнын айта білу. Жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын ережесін қатаң сақтау.

Реактивтер мен құралдар: Қатты тұздар, дистилденген су, таразы, өлшемдік ыдыстар, шыны

таяқша, колбалар, стақандар, сынауықтар, сүзгі қағаздар.

Жұмыс барысы:

1) Массалық үлесі көрсетілген ерітіндіні даярлау үшін қажетті тұз бен судың массасын есептеңдер

І нұсқа10г массалық үлесі 1%-дық ерітінді даярлаңдар.

ІІ нұсқа    10г массалық үлесі 2%-дық ерітінді даярлаңдар.

       ІІІ нұсқа   20г массалық үлесі 1%-дық ерітінді даярлаңдар.

       ІV нұсқа   20г массалық үлесі 2%-дық ерітінді даярлаңдар.

       V нұсқа     30г массалық үлесі 1%-дық ерітінді даярлаңдар.

VІ нұсқа   30г массалық үлесі 2%-дық ерітінді даярлаңдар.

Тәжірибенің орындалуы    Байқалған құбылыстар
2) Таразыға тұзды өлшеңдер (физикадан өлшеу дәлдігін еске түсіріңдер) және құтыға салыңдар.

3) Дистилденген судың қажетті көлемін құйып алыңдар (сұйықтықтың көлемін өлшеу ережесін еске түсіріңдер) және оны құтыдағы тұздың үстіне құйыңдар.

4) Құтының ішіндегісін тұзы ерігенше араластырыңдар.

Қорытынды: