«Судың электролизі арқылы оттек пен сутекті алу»

Тақырыбы: «Судың электролизі арқылы оттек пен сутекті алу»

Мақсаты: Суды тұрақты электр тогының көмегімен айырып, оттек пен сутекті алу

Құрал-жабдықтар:Электролизер, сіріңке, ток көзі, қосып-ажырататын кілт, дистилденген су.

Практикалық жұмысты орындау барысы:

Жұмысқа нұсқау    Тәжірибенің орындалуы
1Арнайы суды айыратын құралдың екі металл пластинкасына  тұрақты ток тізбегін қосқанда, біртіндеп су молекуласы ыдырап, екі түрлі газ-сутек пен оттек түзеді. Олар шеткі екі түтіктегі суды ығыстырып, оның үстіңгі жағына жинала бастайды. Зер салып қарасаңдар, түтіктің бір бөлігіндегі бөлінген газдың көлемі екінші бөлігіндегіден екі есе үлкен екенін байқайсыңдар. Катодта сутегінің 2 көлемі, анодта оттегінің 1 көлемі түзілетінін бақылаңдар.

Көлемі аз газ түзілген түтіктің кранын ашып, аузына шоқтанған шыра апарса ол лап ете түседі. Бұл қандай газ?

Көлемі көп газ түзілген түтіктің кранын ашып, шыраны жақындатса, газдың өзі жана бастайды. Бұл қандай газ?

 

2О  →  2Н2 + О2

Қорытынды