Оксидтерді алу және оның қасиетін зерттеу

Тақырыбы:        Оксидтерді алу және оның қасиетін зерттеу

Мақсаты: Берілген заттарды ретімен пайдаланып жұмысты орындаудың жоспарын

құру, эксперименттік есептерді орындау. Жұмыс кезінде қауіпсіздік

техникасының ережелерін сақтау.

Реактивтер мен құралдар:Оксидтер, тұз қышқылы, күкірт қышқылы, натрий гидроксиді, мыс(ІІ) сульфаты, тамшуыр, индикаторлар, стакандағы су, сынауықтар.

 

Практикалық жұмысты орындау барысы:

1Әр түрлі оксидтердің үлгілері берілген. Кестеге толтырыңдар.Физикалық қасиеттері
Оксидтердің химиялық формуласы, аталуыАгрегат тық күйіТүсіИісі
СuО-
СаО-
Сr2О3
МnО2
Ғе2О3
2Мыс(ІІ) оксиді мен күкірт қышқылының арасындағы алмасу реакциясыБайқалған құбылыстар, реакция теңдеулері
Стаканға 20мл 20%-тік күкірт қыщқылын құйып асбест торға қойыңдар және ерітіндіні қыздырыңдар. Күкірт қышқылының ыстық ерітіндісіне азғана мыс(ІІ) оксидін салып, шыны таяқшамен араластырыңдар. Мыс(ІІ) оксиді реакцияласып кетсе, оның біраз артық мөлшері реакцияға түспей қалғанша тағы да салыңдар. Ерітіндіні үздіксіз қыздырыңдар, бірақ қайнатпаңдар. Содан соң сынауықтың ½ бөлігіне су қосып ерітіндіні қайнағанша қыздырыңдар.Ерітіндіні қыздырып жатқанда сүзгі әзірлеңдер. Алынған ерітіндіні кәрден табақшаға сүзіңдер.Кәрден табақшадағы ерітіндіні тұз кристалдары пайда болғанша суалтыңдар.

 

 Қорытынды:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________