Тұздарды алу және олардың қасиетін зерттеу.

Тақырыбы:  Тұздарды алу және олардың  қасиетін зерттеу.

Мақсаты: Берілген заттарды ретімен пайдаланып жұмысты орындаудың жоспарын

құру, эксперименттік есептерді орындау. Жұмыс кезінде қауіпсіздік

техникасының ережелерін сақтау.

Реактивтер мен құралдар: Тұз қышқылы, күкірт қышқылы,  натрий гидроксиді, күміс нитраты, натрий хлориді, барий гидроксиді,  тамшуыр, индикаторлар, стакандағы су, сынауықтар, спиртшам, сіріңке.

                                     Практикалық жұмысты орындау барысы:

Тәжірибенің орындалуыБайқалған құбылыстар, реакция теңдеулері
1Төменде берілген  тұздардың формуласын жаз және әр элементтің валенттілігін есепте: мыс  (II) сульфаты, кальций фосфаты, мырыш нитраты, магний карбонаты, темір (II)  силикаты.
2 Бейтараптану реакциясы арқылы тұз алу.

Сынауыққа 1мл натрий гидроксидін құйып, үстіне бірнеше тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосыңдар. Алынған таңқурай түсті ерітіндіге тамызғыш арқылы тамшылатып тұз қышқылын құйыңдар. Әр тамшыдан соң сынауықты шайқаңдар. Ерітінді жылиды және түссізденеді. Ерітіндінің 3-4 тамшысын шыны пластинкаға тамызыңдар және суалтыңдар.

3Бейтараптану  реакциясы  арқылы  барий сульфатын алыңдар.

 

4Сынауыққа  ас тұзының ерітіндісін  құйып, үстіне күміс нитратын қосыңдар. Қандай тұнба түзіледі?

Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________