Атомдардағы электрондардың қозғалысы

159

 

Сабақ тақырыбы:  Атомдардағы электрондардың қозғалысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заңның мәнін одан әрі аша түсу, негізгі топшадағы химиялық элементтердің атом құрылысы мен оның қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру.

Дамытушылық: Период, топ бойынша элемент атомындағы электронның орналасу тәртібі мен заңдылығын және элемент қасиетінің өзгеру себебін түсіндіру, білімдерін дамыта түсу.

Тәрбиелік:

 

Сабақ  әдісі :  баяндау, сұрақ – жауап

Сабақ жоспары:    1. Ұйымдастыру

  1. Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары
  2. Жаңа тақырып
  3. Үй тапсырмасы
  4. Үй тапсырмасын сұрау
  5. Бағалау

 

Өткен тақырыптарға пысықтау сұрақтары:     

  1. Изотоптар дегеніміз не?
  2. Химиялық элемент дегеніміз не?
  3. Фтор атомындағы электрондардың энергетикалық деңгейлерге орналасыун көрсет. (протон, нейтрон санын анықта)

 

Сабақтың барысы:

Атом моделінің электрон бұлтының құрылысы
Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз.

Электрондық қауыз:

  • Атомның барлық электрондары жиналып электрондық қауызын құрайды.
  • Өзара энергиясы жуық электрондар атомның электрондық қабатын түзеді.
  • Электрондық қабаттар рет нөміріне қарай 1,2,3,4… деп белгіленеді.
  • Әр қабаттағы орбитальдардың өзіндік энергиясы мен пішіндері болады.
  • Шар тәрізді электрон бұлтын s-электрондар деп, ал орбитальдарды s-орбиталь д.а.

Кейбір электрондар ядро маңында гантель тәрізді бұлт түзіп қозғалады, ондай электрондар p – орбитальдарын береді. Кеңістікте координаттардың 3 осі (x,y,z) бойынша орналасатындықтан рx,рy,рz орбитальдары деп бөлінеді

 

Көптеген атомдардағы бірінші электрондық деңгейінің  орбитальды диаграммасы жоғарыда көрсетілген.

Электрондық бұлттарды толтыру ережесі келесі:

 

  1. Ең алдымен элемент атомында қанша электрон бар екендігін анықтап алу. Ол үшін сол элементтің ядро зарядын білсек болғаны, ол Д.И. Менделеевтің периодтық жүйедегі элементтің реттік нөміріне тең. Реттік нөмірі (ядродағы протон саны) барлық атомдағы электрон санына тең.
  2. Бар электронмен 1s – орбитальдан бастап ұяшықтарды толтырамыз. Әрбір ұяшықта 1 не 2 электрон бола алады. Бір ұяшықта орналасқан екі электронды қарама – қарсы бағдаршамен белгілілейді .
  3. Элементтің электрондық формуласын жазамыз.
Электрондық деңгей (n) Осы деңгейде электронның сыйымдылығы
1 2
2 8
3 18
4 32

 

Электрон бұлтының пішіні
  s p d f
Пішіні Сфералы

(шар тәрізді)

Сегіздік

(гантель)

Күрделі пішінді Күрделі пішінді
Бір деңгейде бола алатын электрон саны 2 6 10 14

 

Ұяшықтарды толтыру тізбегі:
1s 2s 2p 3s 3p 4s 3d 4p 5s 4d 5p 6s 4f 5d 6p 7s 5f 6d 7p

 

 

Қайсы электрондық конфигурация дұрыс толтылрылған?

Жаңа тақырыпты бекіту:

жаттығулар беріледі.

Үйге тапсырма: § 57 Атомдардағы электрондардың қозғалысы.

Есептер жинағы: 104-105 бет 5-56, 5-57, 5-67, 5-68 жаттығуларды орындау

 

Бағалау: