Атомдар және молекулалар. Атом-молекулалық ілім және оның маңызы..

 

Химия пәні мұғалімі: Зекерина Шынаргүл Саматқызы
Сабақтың тақырыбы:Атомдар және молекулалар. Атом-молекулалық ілім және оның маңызы..
Сілтеме:  Мұғалімге арналған  нұсқаулық екінші (негізгі) деңгей 41-бет, 79-бет, 98-бет.  Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық «Мектеп» 2010 ж.  Электрондық  оқулық. 8сынып, interneturok.ru /ru/ school/chemistry/ 8-klass
Жалпы мақсаты:Оқушыларды  сыни тұрғыдан ойлатуды үйрету арқылы атом және молекула құрылысымен таныстыра отырып, олардың модельдерін құраға үйрету. Атом-молекулалық ілім  маңызы туралы білім  қалыптастыру.
Негізгі мақсаттар:—         бірлескен топпен жұмыс істеуге дағдыландыру;

—         топпен жұмыс кезінде оқушылар арасында ұйымшылдық пен сыйласымдықты ояту;

—         ойын еркін жеткізуге үйрету;

—         сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

 

Оқыту нәтижесі:Оқушылар атом және молекулалар  туралы білімдерін толықтырады. М.В. Ломоносовтың «Атом-молекулалық ілімі» атты еңбегіндегі атом мен молекулалардың негізгі қағидаларын біледі.  Заттардың шарөзекті модельдерін құрады.
Оқыту

әдістері мен тәсілдері:

Зертханалық әдіс, өзіндік , топтық жұмыс,  сын тұрғысынан ойлау (семантикалық карта, түйнек әдісі, картографиялық әдіс), оқыту үшін бағалау, талантты және дарынды балалармен жұмыс.
Оқудың ресурстары:Проектор, слайдтар, маркерлер, стикерлер, бағалау парағы,  үлестірме-қағаздар, химиялық құралдар мен ыдыстар: шыны таяқша, спиртшам, тұрғы, ұстағыш, кәрден табақшалар, сынауықтар, сіренке, сүзгі қағазы, шуқырақ,  магнит,  құм, ағаш үгінділері, қант, тұз, су.
ТапсырмаларОқушының іс-әрекеті

 

КезеңіУақыты
Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу.1 минут
Топтастыру. атом мен молекула бойыншаТоптасу

— Заттың құрамындағы атомдар қозғалады, температураны жоғарлатқан кезде ол бір-бірімен төрт-төрттен молекула болып, топтасады.

12 мин
Психология-лық ахуал Оқушыларға тілектері жазылған әдемі әуені бар презентация көрсетіледі.  Бұл балалардың жақсы көңіл-күйде әсер етеді.1     2 мин
Үй тапсырмасын тексеру. Топтық жұмыс. Зертханалық жұмыс.

Зертханалық құралдар мен реактивтерді қолдану.

 Алдарыңызда берілген құралдар мен заттарды пайдаланып, қоспа дайындаңыздар және оны эксперимент арқылы бөліп алу әдістерін ұсынып,  бөлініздер

1-топ: Қант, су, ағаш үгінділері қоспасын бөліп алу

2-топқа: Тұз, су, құм қоспасын бөліп алу

3- топ: Магнит, темір үгінділерінің қоспасын бөліп алу

4-топ: Таза заттар және қоспалар тақырыптары бойынша   әр топқа төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар құрастыру.

 

 

3,4,5

 

 

 

 

 

 

 

 

13 мин

5 мин

Тәжіри-биені

және

сұрақтар-ды

дайындауға,

ал 2 мин/н

әрбір топқа

жұмыстарын

қорғауға

Қызығушылықтарын ояту.
Миға шабуыл (сұрақтар).—         Мына қораптағы заттар туралы  сіздер не айта аласын?

—         Бұл заттардың бүгінгі сабақ тақырыбына қандай қатысы бар?

—          Температура өзгерген кезде  дененің көлемі неліктен ұлғайяды немесе кішірейеді?

12 мин
Мағынаны ажырату (ой  шақыру)
Жаңа сабақ. Ақпарлама (презентация) Жаңа тақырып бойынша алған мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады.

 

25 мин
1-тапсырма1-топ: Атом-молекулалық ілімінің шығу тарихына түйнек әдісі арқылы сипаттама бер.

2-топ: Атом-молекулалық ілімнің қағидаларының негізгі ерекшеліктері мен қолдану салалырын семантикалық кестеге толтыру арқылы сипатта

3-топ: Атом-молекулалық ілімнің  маңызын картография әдісі арқылы сипатта

4-топ: Атом және молекула, атом-молекулалық ілімі тақырыптары бойынша   әр топқа төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар құрастыру.

 

3

 

 

 

 

 

 

 

13 мин

Берілген

тапсыр-маны

8 мин

орындау

қорғау

Екі минуттан.

 

Сергіту сәті«Бегемот және ит» презентациясы2 мин
Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы.
Қорытынды-лауЕгер сізге заттың химиялық формуласы берілсе, сіз оны атомдарды пайдалана отырып молекуласының формуласын қалай бейнелейсіз. Төменде берілген химиялық формулалардың модельдерін құрастыр, нұсқаулыққа және Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіне  және нұсқаулыққа сүйене отырып .

1-топ: Хлордың-СІ2, темір сульдиді- FeS

2-топ: Бромның-Br2 , кальций хлориді- CaCI2

3-топ: Фтордың- F2 , натрий йoдиді- NaJ

4-топ: Азоттың-, калий фториді — KF

 

Нұсқаулық

Түстері бойынша:

—         барлық металдар, алтыннан басқасы. Мысалы: темір, мыс, мырыш, титан, күміс, магний, натрий, калий, кальций, литий, алюминий  және т.б.

—         алтын

—         күкірт (S )

—         оттегі (О)

—         сутек (Н)

—         көміртек (С)

—         азот (N)

—         кремний (Si)

—         хлор, бром, йод, фтор (CI, Br, I, F)

 

Байланысы бойынша:

1-                литий,натрий, калий, сутек, хлор, бром, йод, фтор

2-                магний, кальций, оттек

3-                алюминий, азот

4-                көміртек, кремний

 

4,5

 

 

 

 

10 минут

Модельді

дайындау

7 минут

тексеру

3 минут

БағалауТоп басшыларының бағалау парағында бағалау. Мұғалімнің бағасы.

 

62 минут
Рефлексия «Сабақта не ұнады?; Сабақта не ұнамады ? Сабақта не өзгерткін келеді ? Сенің жауабын» кестесіне сабақтан алған әсерлерін жазады.1 минут
Үйге тапсырмаӨз өлкемізде кездесетін судың, құмның, ауаның (оттегі), әктастың, ас тұзының  интернет желісінен немесе анықтамалықтан химиялық формуласын тауып, шарөзекті модельдерін (ермексаз және шырпы) жасап әкелу.  «Оқулықтан  8 параграф №8-13 тапсырма. Шығармашылық тапсырма 2 элементтен тапсырма дайындау көршісіне (ой қозғау).2 минут