Бейорганикалық қосылыстар кластары бойынша қайталау.

Бейорганикалық қосылыстар кластары бойынша қайталау.

Мақсаты: Бейорганикалық қосылыстар туралы білімді пысықтау, бір- бірімен генетикалық байланысын көрсететін реакция теңдеулерін жаза білу, формулаларды ажыратып, заттарды атай білу, тарау бойынша білімдерін бекіту. жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың типі: Қайталау.

Сабақтың түрі: сайыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карточка, слайд.

Сабақтың барысы: Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақта бейор- ганикалық кластар туралы білімді тиянақтау үшін, сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сыныпты түрлі – түсті қағаз арқылы 2 топқа бөлеміз. 1 – топ: «Қышқылдар» тобы, 2 – топ: «Тұздар» тобы. Өткен сабаққа кері байланыс жасау үшін сұрақтарға жауап береміз. 1 – топ: «Қышқылдар» тобына

  1. Тұздар дегеніміз не?
  2. Негіздік оксидтерге мысал келтір.
  3. Натрий гидроксиді қандай негізге жатады?
  4. Табиғатта кездесетін қандай қышқылдарды білесіңдер?

2 – топ: «Тұздар» тобына:

  1. Қышқылдық оксидтерге мысал келтір.
  2. Оттексіз қышқылдарды ата.
  3. Мыс гидроксиді қандай негізге жатады?
  4. Орта тұздарға мысал келтір.

 

ІІ. «Тапқыр болсаң, тауып көр». Берілген заттарды кластарға жіктеп,аттарын атаңдар. — СаО, Р2О5, Fе2О3, СО2, НСl, NаОН, КОН, Н3РО4, НNО3, Н2СО3, Са(ОН)2, Ва(ОН)2, Сu(ОН)2, Fе(ОН)3, NаNO3, СuSО4, ZnСl2, СаS.

ІІІ. «Білгенге маржан» Сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақ. 1. Оксид дегеніміз не?

Ойын. “ Оксидтерді жинап ал “ Na2O, AI2O3,BaO, AI(OH)3, CaCI 2,MgO, H2SO4 ,ZnO, BeO, H2S, CrSO4, SO2, PbO, Fe(OH)2, NO2,

  1. Мен химиялық қасиеті туралы айтамын. Өздірің реакция теңдеуін жазып аяқтаңдар. СuО + Н24 → СuSО4 + Н2О; Li2О + Н2О → 2LiOН,

СО2 + Са(ОН)2 → СаСО3 + Н2О; Р2О5 + Н2О → 2Н3РО4, СаО + СО2 →СаСО3, СаСО3 + SiО2 → CаSiOз + СО2,­ AI2O3+ 6HCI →  AICI3 +3 H2O, AI2 O3+6 NaOH → 2 Na3AIO3 +3 H2O.

  1. Бейтараптану реакциясы дегеніміз не? Берілгендердің қайсысы бейтараптану реакциясына жатады.

а)   К2 СО 3 + Н 24

В) Н3РО 4 + КОН →

Г) Аl 2О 3 + НСl →

Д) Fе(ОН) 3 + НNО 3

Е) CuCI2 + NaOH →

Ж) NaCI + AgNO3

  1. Химиялық тәжірибе: Оқушылар жасайды.қышқыл+сілті+фенол –фталин ертінді түссізденеді. Себебін түсіндір.
  2. 5. Қышқыл қалдығына сәйкес қышқылдардың формулаларды жазыңдар. Нитрат, сульфат, фосфат,карбонат,хлорид,нитрид, сульфид, сульфит,силикат. SO3, S, NO3,PO4,CO2,SiO3,CI,SO2,NO2.
  3. 6. ”Үшінші артық”ойыны
  4. 1. SO3, K2O, Mg(NO3)2,
  5. 2. H3PO4, Zn3 (PO4)2 H2 SiO3
  6. 3. FeCI3, K2SO4, HF
  7. Ag2O, AI(OH)3, Ba(OH)2,
  8. 5. Ag2CO3, H2S, HNO3. Артық затты сызып, атын ата.

ІV. “Химиялық домино”ойыны. Тұз формуласын құрастыру. Н2, S О4, СО 3, Ва, Си, СI2, (NO3)2, Са, Mg, S i O 3, S, Zn, Nа2, SO3 .

  1. V. Химиялық диктант.
  2. Мыс сульфаты — СиS О4
  3. Алюминий нитраты – Аl(NO3)3
  4. Мырыш сульфиді — Zn S
  5. Магний хлориді -Mg СI2
  6. Натрий фосфаты -, Nа3РО4
  7. Барий карбонаты — ВаСО3

VІ. Өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар.

1 – топқа Кальций → кальций оксиді → кальций гидроксиді → кальций карбонаты

2 – топқа: күкірт → күкірт (ІV) оксиді → күкірт (VІ) оксиді → күкірт қышқылы → натрий сульфаты

VІІ . Бейорганикалық қосылыстар кластары арасында қандай байланыс бар? Топқа тапсырма.

Берілген формулалардан генетикалық байланысты жаз.

1 – топ: Ме,   МеО,   Ме(ОН)2, Ме RO3,

2 – топ: С, R О2,   Н 2 R O 3, Са R O 3

VІІІ. Сабақты қортындылау. Оқушыларды бағалау.

Үйге: Бақылау жұмысына дайындық.
ШҚО, Бесқарағай ауданы, Өндіріс орта мектебі