Силикат өнеркәсібі

41

 

Сабақ тақырыбы: Силикат өнеркәсібі

Сабақтың мақсаты: Шыны, цемент, қыш және т.б. силикат материалдарының өндірісі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.Оқушылардың география,химия пәндері бойынша алған білімдерін нақтылау және байланыстыру.

Міндеттері:

  1. Балалардың оқулықпен, қосымша әдебиетпен жұмыс жасау мүмкіндіктерін, қабілеттерін дамыту. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру.
  2. Оқушылардың сақталған ақпаратты қайта қолдану қабілетін және өз ойын қорыта айта алу біліктілігін дамыту;
  3. Оқушыларды топтық ынтымақтастыққа тәрбиелеу

Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабағы

Әдісі: рөлдік ойын, топ жұмысы, кестемен, оқулықпен жұмыс, жеке және жалпы тапсырмалар, жұмбақтар шешу,көрме ұйымдастыру.

Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, маркер, А1 форматты қағаз, түсті қағаздар, химиялық реактивтер, химиялық ыдыстар.

Көрнекіліктер: слайдты көрсетілімдер, қима қағаздар, ,тақта, бор,шыны, қыш, цемент бұйымдары

Кесте №1 «Силикат өндірісінің материалдары»

Кесте №2. «Шикізат»

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,архитектура , физика , сурет,география

Күтілетін нәтиже:

Теориялық білімдерін шыңдайды;

Есептің шығару жолын түсіндіреді;

Зерттеушілік қабілеттерін дамытады;

Топтық жұмыста  ұйымшылдыққа үйренеді

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3мин):

А) Оқушылармен сәлемдесу

Б) Сыныпты  4 топқа болу

В) Топбасшысын сайлату

С)Бағалау парақшасын тарату

Д) Бағалау критерийлеріне түсінік беру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Графикалық диктант

  1. Кремний периодтық жүйеде ІІІ период, ІV топтың негізгі топшасында орналасқан.^
  2. Кремнийдің сыртқы энергетикалық деңгейінде 3 электрон бар._
  3. Жер қыртысында мөлшері бойынша оттектен кейін екінші орында. ^
  4. Табиғатта кремний тек қосылыс түрінде кездеседі. ^
  5. Кремнийдің 3 аллотропиялық түрөзгерісі бар._
  6. Кремнийді таза күйінде швед химигі И.Я.Берцелиус 1822 ж ашқан.^
  7. Кремний металдармен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш болады._
  8. Кремнезем (SiO 2) табиғи полимер. ^
  9. Кремний диоксиді – негіздік оксид._
  10. Кремний қышқылының тұздары – силикаттар.^

Дұрыс жауабы: ^._^^_^_^_^

Есептер шығару

1 есеп

2 есеп.

Кремний натрий  гидроксидімен әрекеттескенде (қ.ж.) 3,36 л сутек газы бөлінген болса,құрамында 10 % қоспасы бар қанша кремний реакцияға қатысқанын есептеңдер.

3 есеп.

Құрамында 10 % қоспасы бар 100 г кремнеземді кальций карбонатымен қосып балқытқанда (қ.ж.) қанша көлем көміртек (ІV) оксиді бөлінетінін есептеңдер.

Үй тапсырмасын бекіту, қорыту:

«Мен не білдім?»

« Сабақ   мен үшін түсінікті болды немесе түсініксіз болды?»

ІІІ Жаңа сабаққа көшу

(Қызығушылығын ояту)

«Болжау әдісі» (3 мин)

Француздың фантаст жазушысы  Жюль Верннің «Сиқырлы әлемге саяхат» атты кітабында бір топ жиһанкездердің адам аяғы баспаған аралға тап болып, біраз уақыт өткеннен кейін , олардың ызыс-аяқ жасап, баспана салғандығы сөз болған. Сонда бұл аралда ….. …    болған.( су мен топырақ)

 

Табылған соң жерден 105 элемент,

Жерді үлкен дене дейміз керемет.

Бірақ бөлсек әрқайсысына еншісін

Екеуіне төрттен үші келер еді.

Атаңдар сол элементті

Құрап тұрған кереметті

(Оттегі және  кремний)

Аталған заттар силикат өндірісіне тікелей байланысты.Сонымен бірге кремнийді өлі табиғаттың патшасы дейді, себебі ол  барлық тау жыныстарының құрамында болады.

-Ал сіздер білесіздер ме?….

-кремнийдің қолданылуы тас ғасырдан  басталады..

-шыны өндірісі біздің ғ. дейін үш ғасыр бұрын белгілі болған.

-Ресейде бірінші шыны зауыты 1635 ж шыны өндіре бастады.

-кремнийді танып,білу арқылы адам микромирді (микроскоп) және макромирді (телескоп) біліп, фото, киноаппаратура шығара бастады.

-Қазіргі уақытта шыны талшықтардан әр түрлі маталар жасайды.

ІV. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбы: «Силикат өнеркәсібі»

Оқушылармен бірге  бүгінгі сабаққа мақсат қою.

  1. ББҮ кестесін толтыру

Оқушылар білемін бағанын толтырып, нені білгілері келетіндіктерін келесі бағанға сұрақ ретінде жазып қояды.

  1. «Экскурсоводтар» экскурсия жүргізіп, оқушыларды көрмемен таныстырады( 5 мин)

Қыштан, фарфордан, цементтен жасалған бұйымдар.(алдын ала тапсырмалар беріледі)

  1. Оқушылар мұғалімнің көмегімен кестелерді талдайды.

Кесте №1.

Силикат                өндірісінің                        өнімдері.

 

Қыш                        шыны                             Цемент.

1.құрылыс         1. шыны бұйымдары            1.    тез қататын

2.тұрмыстық      2.құрылыс –техникалық      2.суыққа төзімді

  1. техникалық бұйымдар.                     3.    жоғары t

4.жұқа                                                       төзімді.

Негізгі шикізат –табиғи силикаттар.

  1. AI2O3∙2SiO2 ∙2H2O-каолинит (саз)
  2. металл оксидтері және басқа оксидтер.}-шихта

SiO2, B2O3, P2O5, GeO2

3.қосымшалар Na2CO3, CaCO3, K2CO3

  1. Бекіту

Силикат өндірісі.

Силикат

өндірісінің

саласы

Шикізат Негізгі химиялық

реакциялар

Технологияның

ерекшелігі

Негізгі

өнімдері

 

 

 

VІ. Қорытынды.

Үйрендім бағанын оқыту.

Карточка №1.

Химиялық шыны, рубин, кварц шыны деген не? Олардың ерекшелігіне тоқталып,сипаттаңдар.

Карточка №2

Бетон және темір бетон деген ұғымдарға түсінік беріп, қолданылуын сипаттаңдар.

Карточка№3

Шыны өндірісінде келесі химиялық реакциялар жүреді: Осы реакцияларды толықтырыңдар.

Na2CO3+SiO2t→Na2SiO3+…

CaCO3+SiO2t→….+ CO2

Na2CO3 +CaSiO3+4SiO2→t Na2O∙CaO∙ …..

Карточка № 4

Мына минералдардың: серпентин Mg3H4Si2O9, альбит Na2Al2Si6Ol6 , анортит CaAl2Si2O8

Карточка № 5

Сақар К2CO3 , қорғасын (ІІ) оксиді PbO және ақ құмнан қандай шыны алуға болады? Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар

Жауаптары:

№ 3

Na2CO3+SiO2t→Na2SiO3+ CO2↑…

CaCO3+SiO2t→СaSiO3.+ CO2

Na2CO3 +CaSiO3+4SiO2→t Na2O∙CaO∙5SiO2 + СО 2

№ 4

Mg3H4Si2O9, — 3 MgО * 2 SiO2 * 2 Н2О

Na2Al2Si6Ol6 – Na2O * Al2 О3 * 6 SiO2

CaAl2Si2O8 – СаО * Al2 О3 * 2 SiO2

Cәйкестендіру тесті

1.Na2O . CaO.6SiO2                      А) Хрустальды шыны                          

2.K2O. CaO.6SiO2                          Б) Химиялық шыны                                                          

3.K2O . PbO. 6SiO2                       В) Терезе шынысы

4.SiO2                                             Г) Көк шыны

5.K2O+ CaO+ CoO+ SiO2                   Д) Кварцты шыны

6.K2O+ CaO+ Cr2O3+ SiO2          Е) Лағыл шыны

7.K2O+ CaO+ Au + SiO2              Ж) Жасыл шыны

VІІ. Рефлексия

Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?

Маған  сабақ кезеңдерінде не ұнады, не ұнамады?

Өтілген материал бойынша сұрақ немесе пікірің?

VІІІ. Бағалау.

1)Топбасшыларының бағалауы;

2) Жиынтықтық бағалау;

3) Өзін-өзі бағалау;

Күнделіктеріне баға қою.

ІХ.Үйге тапсырма.

  • 29 оқып келу . № 7, 10 есептер.

Қосымша үлестірмелі қағаз тарату