Судың физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу

Тақырыбы: Судың физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу

 Мақсаты: Оқу процесінде алған тірек білімді практикалық жұмыс кезінде іске асыру.

Берілген заттарды рет-ретімен пайдаланып жұмысты орындаудың жоспарын құру,

судың қасиеттерімен танысу. Жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын ережесін сақтау.

Реактивтер мен құралдар: Стакандағы су, өлшемдік ыдыстар, штативтегі сынауықтар шыны

таяқша, қасық, индикаторлар, сілті, қышқыл ерітінділері, сүзгі қағаздар. СаО, Zn, Nа. Практикалық жұмысты орындау барысы:

Тәжірибенің орындалуы    Байқалған құбылыстар
1)Судың физикалық қасиеттерін  оқулықты пайдаланып сипаттап жазыңдар.

(түсі, иісі, дәмі, қату, қайнау температуралары, жылу мен электр тогын өткізгіштігі, құрамы, тығыздығы, молекуласының пішіні)

2) Индикатор арқылы судың рН ортасын анықтаңдар.

Үш сынауық алып біреуіне NаОН, екіншісіне НСІ, үшіншісіне су құйып, бұл ерітінділерді индикаторлардың түсі қалай өзгеретінін анықтаңдар.

3)Судың белсенді металдармен әрекеттесуі

Сынауыққа су құйып, оған натрий салыңдар. Не байқалады, қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазып, заттарды атаңдар.

4)Судың оксидтермен әрекеттесуі

Сынауыққа кальций оксидін салып, үстіне су құйыңдар. Не байқадыңдар? Реакцияның теңдеуін жазып, типін анықтаңдар.

 

 

 

 

 

NаОН -сілтілік орта

НСІ- қышқылдық орта

Н2О- бейтарап орта

 

Н2О + Nа →

 

 

 

СаО + Н2О →

Қорытынды: